Текст
“Оқуға құштар мектеп” аясында Мектеп кітапханасында балалар әдебиетінің бәйтерегі Б.Соқпақбаевтің әйгілі балалар жүрегінен орын алған шығармасы ,,Менің атым-Қожа " атты повесінің жарыққа шығуының 65 жылдығына орай,5 сынып оқушыларымен танымдық сағат өтті.
Шараның мақсаты : Жазушының шығармаларын оқуға насихаттау,кітап оқуға деген қызығушылықтарын арттыру,ой өрістерін кеңейту.
Шара барысында балалар жазушы Б.Соқпақбаевтың өмірі мен және шығармашылығымен танысты. ,,Менің атым-Қожа ,, повесінің шығу тарихымен танысты және осы шығарма бойынша түсірілген ,,Менің атым-Қожа,, кинофильмінен үзінді көрсетілді.