"Ақмола облысы білім басқармасының  Целиноград ауданы бойынша  білім бөлімі  Қажымұқан ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі  
Коммунальное государственное учреждение  "Средняя общеобразовательная школа села Кажымукан" отдела образования Целиноградского района  управления образования Акмолинской области

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

ТАҒЫЛЫМДЫ ТӘЛІМГЕР – ЖАС МАМАННЫҢ ЗЕРГЕРІ

20.12.2022

20.12.2022 жылы Қажымұқан ауылы жалпы орта білім беретін мектебінде «Тағылымды тәлімгер – жас маманның зергері» тақырыбында аудандық семинар ұйымдастырылып өткізілді. Семинарға аудан мектептерінің жас мамандары мен тәлімгерлер келді. Семинарды директордың ғылыми ісі жөніндегі орынбасары Л.С.Аскарова ашып, бағдарламамен таныстырды.

Семинарда 7 жас мұғалім өз іс-тәжірибесімен бөлісті. Атап айтқанда, биылғы аудандық жас мамандар байқауында бас жүлдені жеңіп алған физика пәнінің мұғалімі Егеубаева Индира Қанатбекқызы физика пәнінен 7-сыныппен «Деформация. Серпімділік күш» тақырыбында, осы байқауда алғыс хат иеленген, облыстық Жастар форумының қатысушысы Какина Аружан Жеңісқызы 5-сыныппен ағылшын тілі пәнінен  «Magic grammar (present simple)» тақырыбында, «Let`s dramatize» номинация бойынша аудандық ағылшын тілі байқауының 1-орын иегері, шығармашыл жас маманымыз Салтанат Әлжанқызы 3 «В» сыныбымен "Four walls" тақырыптарында ашық сабақтар берді.

Тек жас мамандардың жұмыстары ғана емес олардың тәлімгерлермен біріккен іс-шараларын және тәжірибелі тәлімгерлердің сабақтарын тамашалады.  Атап айтқанда, қазақ тілі мен әдебиет пәнінен жас маман Жұпар Нәубетқызы өз тәлімгері Шынар Ерғарақызымен «Көңілі көтеріңкі ұстаздың, еңбегі де жемісті» тақырыбында тренинг, Сырым Қаршығақызы педагог-зерттеуші Қарлығаш Мирамханқызымен бірге «Ұстаздардың кәсіптік шеберлігін жетілдіруде жаңа әдістердің рөлі» коучинг, Шебер-педагог Жанар Төлепбергенқызы жас маман Аружан Жеңісқызымен бірге «Педагогтердің жеке даралығы мен шығармашылық әлеуетін ашу» шеберлік сағатын өткізді. Тағы бір шебер ұстазымыз Орынбекова Ләззат Кәрімқызы 8 «Ә» сыныбымен биология пәнінен «Қанның құрамы және қызметі тақырыбында» ашық сабақ өткізсе, зерттеуші педагог ЖауҺар Кәрімқызы 2 «А» сыныбымен жаратылыстану пәнінен, Данагүл Қабдрашқызы математика пәнінен ашық сабақ көрсетті.

Тәжірбиелі, шығармашыл ұстазымыз Ағи Бейілханқызы жас маман Қойшығара Айдана Дүйсенбайқызымен бірге «Ұлы тұлғалар тағылымы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

         Семинар соңында аудандық білім бөлімінің әдіскері А.Д.Мусина семинар жөнінде ыстық ілтипатын білдіріп, семинарда іс-тәжірибесімен бөліскен ұстаздарға білім бөлімінің сертификатын табыстады.

 

Просмотров: 568


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст