Ақпан айының 23-і күні Қажымұқан ауылының жалпы орта білім беретін мектебінде ,,Кітапханадағы көркем әдебиетті насихаттау жолдары,, атты кітапханашылардың аудандық семинары болып өтті. Семинарда мектеп кітапханашысы Беделбекова Бибігүл ,,Кітапханадағы көркем әдебиетті насихаттау жолдары,, тақырыбына баяндама оқып,талқыланды. Кітапханашылар өз іс- тәжірибесімен бөлісіп,семинардың пайдалы болып өтуіне ықпал жасады.
,,Ұлы тұлғалар ұлағаты атты,, оқушылармен дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Оқушвлар оқыған кітаптарынан алған әсерімен бөлісті. Самари әдісі арқылы кітапты қысқартып оқуға болатыны жайлы әдіс- тәсіл қонақтарды қызықтырды.Семинар өз деңгейінде өтіп,келген кітапханашылар көптеген пайдалы ақпараттар алып қайтты.