САБАҚ: Қазақ тілі
МЕКТЕП:№4 негізгі мектеп
ТАҚЫРЫБЫ: 32-сабақ. Сөйлеу
мəдениетіне үйренемін
КҮНІ:
МҰҒАЛІМНІҢ АТЫ-ЖӨНІ:Кульмухамбетова.Ж.К.
СЫНЫП: 3 «А»
қатысқандар саны:
қатыспағандар саны:
ОҚУ
3.1.3.1 түрлі жағдаяттағы
(қоғамдық ортада) қатысымдық əрекеттерде өз сөзін
МАҚСАТЫ:
жүйелі түрде жоспарлап, тілдік нормаларды сақтап сөйлеу;
3.3.5.1 жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық жəне
стилистикалық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, түзету;
3.2.4.1 өз бетінше мəтіннің тақырыбын жəне мұғалімнің көмегімен негізгі ойды
анықтау;
3.3.6.1 бас əріп пен кіші əріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей
жəне біркелкі жазу, жазу қарқынын жеделдету.
САБАҚТЫҢ
Барлық оқушылар жасай алады:
МАҚСАТЫ:
•
Сөйлеу мəдениетін біледі.
Оқушылардың көбі жасай алады:
• Диалогке қатысады; мұғалімнің көмегімен мəтіндегі негізгі ойды анықтай
алады.
Оқушылардың кейбірі жасай алады:
• Берілген тақырып бойынша өз көзқарасын білдіріп, ой қорыту жасай
алады.
Алдыңғы
Сөйлеу мəдениетіне үйренемін.
білімдер
Жоспар
Жоспарлан-
Жоспарланған іс-əрекет
Дереккөздер
ған уақыт
І. Бағдарлау-
мотивациялық кезең (5 минут)
1 минут
(Ұ) Шаттық шеңбері.
Көңілді əуен
Оқушылар шеңбер құрып, өлеңді хормен айтады:
қосып қою
Үлкенге де «сіз»,
Кішіге де «сіз»,
Барша адамды құрметтеп,
Иілеміз біз.
4 минут
(Ұ) Түстер ассоцациясы. Оқушыларды түстер бойынша
Интерактивті
топқа бөлу.
тақта
1-топ көк түс. Көк түсті көргенде қандай ассоцация болады?
(Мөлдір су.)
2-топ сары түс. Сары түсті көргенде қандай ассоцация
болады? (Күн, жарық, ыстық, шөл дала, сахара.)
3-топ ақ түс. Ақ түсті көргенде қандай ассоцация болады?
(Тазалықтың белгісі, адалдық, пəктік.)
4-топ жасыл түс. Жасыл түсті көргенде қандай ассоцация
болады? (Табиғат, тынығу.)
Орындарына отырады.
«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» мақалының мағынасына
талдау жасатылады.
Сендер тек жұмыла, бірге жұмыс жасау арқылы сабақтың
мақсатына жетесіңдер. Барлығымыз бірлесе отырып жұмыс
атқарамыз.
Топ ережесі еске түсіріледі.
138
ІІ. Операциялық-орындаушылық кезең (30 минут)
4 минут
3.1.3.1 (МК; Т; Қ) Түрлі жағдаяттағы қатысымдық
əрекеттерде өз сөзін жүйелі түрде жоспарлап, тілдік
нормаларды сақтап сөйлеу.
51- жаттығу. Сурет бойынша əңгімелету, суреттегі оқиғаны
болжату мақсатында «Суретті əңгімеле» стартегиясы
қолданылады.
Оқушылардың назары сюжетті суретке аударылады. Сурет
бойынша мəтін құрайды. Қажет болған жағдайда əңгіменің
жаңа сөздерін алдын ала үйретуге болады. Сурет əңгіменің
бір бөлігі екені ескертіледі. Оқушыларға суретте
бейнеленген сəттің алдында не болғаны жəне кейін не
болатыны болжатылады.
Оқушыларға əңгімедегі негізгі ойды табу тапсырылады.
4 минут
(Т; Ұ) Жұмыстарын топта жариялап, дəлелдеу.
Сұрақтарға жауап беру.
Жұмыстарын «Автор орындығы» стратегиясы бойынша
топта жариялайды.
Суретке қарап, балалардың қайсысы əдептілікті
сақтамағанын анықтап, өз пікірлерін білдіреді. Сурет қандай
көңіл күй туғызғанын айтады.
Жаяу жүргіншілер жолында неліктен ролик тебуге
болмайтынын түсіндіріп, дəлелдейді. Оқулықта берілген
жауаптардың ішінен көліктен шығар кезде жолаушыларға
айтылатын сөздерді таңдайды. Себебін түсіндіреді.
2 минут
(Ө; Ұ; Қ) Берілген тапсырманы орындау деңгейіне
рефлексия жасау.
Оқушылар бір-бірінің жұмысын көңіл күйді білдіретін
«Смайликтер» əдісі арқылы өз іс-əрекеттеріне рефлексия
жасап, бағалайды.
1 минут
Ой сергек!
Бейнежазбадағы əуен ырғағымен билеу.
6 минут
3.3.5.1 (Т; Ө; Ж; Қ) Ережені толықтырып жазу.
Жіберілген қателерді мұғалімнің көмегімен тауып,
түзету.
52- жаттығу. Қоғамдық көлікке нелер жататыны
анықтатылады. Оларда өздерін қалай ұстау керектігін топта
талқылайды. Жасаған талқылауларын басшылыққа ала
отырып, қоғамдық көлікте өзін қалай ұстау керектігі туралы
ережені толықтырып жазады. Жұппен жұмыс жасайды.
Өзінің осы ережелерді бұзбақ кезі болғаны немесе
болмағаны туралы ой бөліседі. Үлкендерге орын бермеген
балаларға қандай ақыл беру керектігін айтып, парталасымен
талқылайды. Жазба жұмыстарын өзара тексеріп, бір-бірінің
қатесін тауып, түзетеді. Орындалған жұмысты өзара
бағалайды.
6 минут
3.2.4.1 (МК; Ө; Т; Қ) Өлеңді түсініп оқып, негізі ойды
анықтау. Өз пікірін білдіру.
53-жаттығу. Өлеңді түсініп оқиды. Өлеңдегі негізгі ойды
анықтату үшін сұрақ-жауап əдісі ұйымдастырылады. Топта
«Рақмет!» деп қай кезде айтылатынын, қандай жағдайда
айтпайтынын айтып, талқылаулар жасап, бір-біріне
Оқулық
http://balapan.
kaztrk.kz
Оқулық
№2 дəптермен жұмыс
Оқулық
139
түсіндіреді. Мысалдар арқылы дəлелдеп, өз ойымен бөліседі.
5 минут
3.3.6.1 (МК; Ө; Ж; Қ) Каллиграфиялық нормаларды
Оқулық
сақтау. Тапсырманы түсініп орындау білігін бағалау.
№2 дəптермен
Шығармашылық үзіліс.
жұмыс
54-жаттығу. Берілген тапсырманы көшіріп жазады.
Оқушылардың бас əріп пен кіші əріптің биіктігі мен
мөлшерін сақтап, оларды байланыстырып көлбеу жəне таза
жазуы қадағаланып, бағыт беріледі.
Жұппен жұмыс жасайды. Мұғалімнің көмегімен бір-бірінің
қатесін тауып, түзетіп, орындалған жұмысты өзара
бағалайды.
Өзі қалаған сөздермен диалог құрайды.
2 минут
(Ұ) Кластерді əдептілікті білдіретін сөздермен
Интерактивті
толықтыру. Бұл сөздерді қандай жағдайда қолданатынын
тақта
айтып, өз ойын білдіреді.
Бұлардан басқа əдептілікті білдіретін қандай сөздер білетінін
айтып, кластерді толықтырады.
айып етпеңіз
Əдепті
сөздер
ІІІ. Рефлексиялық-бағалау кезеңі (5 минут)
3 минут
(Ө; Қ) Дұрыс жауапты белгілеу жəне сəйкестендіру.
№2 дəптермен
Тақырып бойынша оқушылардың игерген білімдеріне
жұмыс
рефлексия жасату мақсатында тестік жұмыс орындатылады.
Оқушылар дəптерде берілген тапсырманы оқиды. Дұрыс
жауаптардың бірін белгілейді.
Сөйлемді тиісті сөздермен толықтырып жазады.
2 минут
(Ө; Қ) Бағалаудың шартты белгілеріне сəйкес өзін-өзі
№2 дəптермен
бағалау. Жұмыстарын топта жариялап, дəлелдеу.
жұмыс
Сабақтан игерген білімдеріне рефлексия жасату мақсатында
Түрлі түсті
жұмыс дəптеріндегі «Өз жұмысыңды бағала» тапсырмасы
қарындаштар
орындатылады. Бірінші тұрған «сауатты жазу», екінші
тұрған «көркем жазу», үшінші тұрған «шығармашылық
жұмыстарды орындау» дөңгелектері тиісті қарындаштармен
боятылады. Нəтижелері топта жарияланады.
Қосымша ақпарат
Дифференциация: Балаларға
Бағалау: Оқушылардың
Пəнаралық байланыс:
қалай көмектесесіз? Қабілетті
білімдерін қадағалауды қалай
Денсаулық пен қауіпсіздік
балаларға қандай
жоспарлайсыз?
АКТ
тапсырмалар бересіз?
Құндылықтар
•
•
•
•
•
•
•
•
•
140
•
•
•
Бақылау:
Сабақ мақсатына жеттім бе?
Оқушылар не үйренді?
Ынтымақтастық атмосферасы болды ма?
Оқушылар арасындағы дифференциациялау бойынша іс-əрекеттер
ұтымды болды ма?
Жоспарланған уақытты ұстандым ба?
Жоспардан қандай шегіністер жасадым жəне неліктен?
Қорытынды бағалау:
Сабақтың ең ұтымды кезеңдері.
1.
2.
Сабақты жақсартуға септігін тигізген екі сəт.
1.
2.
Осы сабақтан келесі сабақтың өткізілуіне септігін тигізетіндей сыныптағы жəне жеке оқушылар жайлы не білдім?