2023 жылдың 21-23 ақпан аралығында Ақмола облысы білім басқармасының ұйымдастыруымен "Табиғат-тіршілік көзі" тақырыбында облыстық экологиялық олимпиада Бурабай ауданы Щучинск қаласы Орман шаруашылығы, экология және туризм колледжі базасында өтті. Олимпиадаға Целиноград ауданы, Ақкөл, Атбасар, Аршалы, Біржан сал, Бурабай, Жақсы, Жарқайың, Зеренді, Ерейментау, Қосшы,Көкшетау қалаларынан Ақмола облысының жалпы білім беретін мектептерінің 7-10 сынып оқушылары қатысты.
Облыстық экологиялық олимпиада үш турдан өтті:
І-турда балалар тест тапсырды
ІІ-турда практикалық тапсырмалар орындалды.
ІІІ- турда қатысушылар 4 номинация бойынша зерттеу жобаларын қорғады.
Барлық номинация бойынша Целиноград ауданынан оқушылар қатысты.
Сайыс қорытындысы бойынша Целиноград ауданының оқушылары жүлделі орындарды иемденді соның ішінде : "Екінші өмір сыйла" номинациясы бойынша:
І-орын Еркінбек Еңілік Қажымұқан ауылы жетекшісі Сейдахметова Г.Ғ. ЖОББМ
Жеңімпаз оқушымыз Ақмола облысының білім басқармасының басшысы Б.А.Жүсіповтың дипломымен, ал жетекшісі алғыс хатымен марапатталып мектебімізге чемодандағы зертхана сыйлығы табысталды. Жеңімпазымыз Еркінбек Еңілікті және жетекшісі Гүлназ Ғалымбекқызын құттықтаймыз!