«Қош келдің 2020»
1-жүргізуші құрметті қонақтар,ұстаздар мен оқушылар! Келе жатқан 2020 жыл құтты болсын,жаңа жыл тек қана бақыт,қуаныш әкелсін кешімізді бастау үшін 9 сыныптың қыздары жаңа жыл биімен қарсы алайық
2-жүргізуші енді кешіміз әрі қарай көңілді болуы үшін ойын ойнайық
Конкурс-1 ортаға бір жұптан яғни бір ұл бір қыздан шақырамыз.ортаға 8 оқушы шығу керек.ал ендеше ойын шартымен таныс болыңдар.әр жұпқа бір шардан береміз,жұптар араларына шарды қыстырып,би билеңдер,ән тоқтаған кезде әр жұп бірін бірі құшақтап шарды жару керек.кімнің шары бірінші жарылады сол женімпаз атанады.
1-жүргізуші қатысқан жұптарға рахмет.
Қандай тату өздері
Күлімдеген көздері
Қане-қане келіңдер
Бір ән айтып беріңдер
Ортаға сайлау салиды шақырамыз.
2-жүргізуші көңілді кешімізді әрі қарай қызықты ойындармен жалғастырайық
Конкурс-2 сізге салфеткадан снежинка қию керек,кім бірінші сол жеңімпаз.ойыншыларымызды ортаға шақырамыз,1-минут уақыт беріледі.тез және әдемі снежинка жасаған ойыншы жеңімпаз.
1-жүргізуші ал халайық тұрмайық
Әндетейік жырлайық
Ортамызды ашайық
Ырыс тілеп бұл жылға
Жырдан шашу шашайық
2-жүргізуші ал енді кезекті келесі ойынға береміз.
Конкурс-3 бұл ойын тосын сый деп аталады.мына тұрған шарлардың біреуін таңдап,қолдың көмегінсіз шарды жаруымыз керек,және аяқ киіммен басуға болмайды.айланы өздеріңіз ойлап табасыздар.шарды жарып болған соң,қағаздағы тапсырманы орындайсыз.егер орындамасаңыз сыйлықтан құр қаласыздар.
Ал енді ойынды бастайық
Ойын шарттары
1-лимонның жартысын қантсыз жеу керек
2-осы отырған оқушылардың арасынан біреуін таңдап жылы сөздер айту керек
3- 7-8-9 санының көбейту кестесін айтыңыз
Женімпаз……….
1-жүргізуші ал ендігі ойын мұғалімдерге арналган
Ойын шарты ортаға 6 мұғалім шығып,өздері би ойлап табу керек.кез келген өлең қосылады,қосылған өлеңге шығарған биін билеу керек.
2-жүргізуші ортаға 5 ұл,5 қыз шығу керек,әрқайсына 1 парақтан беріледі,қыздар сол жердегі 5 ұлдың біреуін таңдап жазады,ал ұлдар сол жердегі 5 қыздың біреуін таңдап параққа жазады.
2019 жылдың ханзадасы………..ханшайымы………. Атанды құттықтаймыз.
1-жүргізуші жаңа жыл,жаңа жыл
Қалауын тап,қар үстіне қада гүл
2-жүргізуші жаңа жыл,жаңа жыл
Сан тілектің бастамасы ғана бұл
1-жүргізуші кел жаңа жыл,игілік боп,иба боп
Жер бетіне кереметті жина көп
2-жүргізуші ақ қауырсын қанатына қайғы емес
Түтін емес,рауан нұры жинап от.
Жаңа жылдарың құтты болсын.
1-жүргізуші жаңа жыл шаттығы мәнгілік тарқамасын,осымен думанды кешімізді тәмамдап,әрі қарай би кешімен жалғастырайық.