"Ақмола облысы білім басқармасының  Целиноград ауданы бойынша  білім бөлімі  Қажымұқан ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі  
Коммунальное государственное учреждение  "Средняя общеобразовательная школа села Кажымукан" отдела образования Целиноградского района  управления образования Акмолинской области

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ҰЛЫ ЕСІМДЕРІ» «Өлкетану – ұлттық жаңғыру» Авторлық жоба Төлебай Гүлдана Ерсұлтанқызы

15.01.2020

/public/files/2020/1/15/150120_151257_avt.pptx

 

 

 

 

«Өлкетану – ұлттық жаңғыру»

Авторлық жоба

 

 

 

 

 

 

 

Жоба авторы : Төлебай Гүлдана Ерсұлтанқызы

Жетекшісі: Орынбекова Лазат Каримовна

 

 

 

                             

Мазмұны

Кіріспе.................................................................................

     Негізгі бөлім

Туған өлке тарихы- ұлттық жаңғырудың бастамасы
«Толағай күштің тамыры»- тамған жер "Қажымұқан"
Зерттеу бөлімі. «Өткенмен ұласқан болашақ»
Ұрпақтар пір тұтады.

 

Қорытынды..........................................................................

Пайдаланған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.1 Туған өлке тарихы- ұлттық жаңғырудың бастамасы

Қажымұқан ауылы бұрынғы Буденный кезінде 30 үйден ғана тұратын, шағын ауыл болған. Осы шағын ауылда 1871 жылы қарапайым шаруа отбасында Қажымұқан атамыз дүниеге келген. Әлемге танымал палуан атамыздың құрметіне 1992 жылы көптеген азаматтарымыз бен халық жанашырларының арқасында ауылымызға атамыздың есімі берілді және Қажымұқан атамыздың ата-анасы да осы ауылда жерленген. екен. Ауылымыздан бірнеше азаматтар Ұлы Отан соғысына қатысып, соғыстан кейін елге жеңіспен аман-есен оралып, осы ауылда одан әрі еңбек жолын жалғастырған. 1954 жылы Партия орталық комитеті мен Үкімет қаулысы бойынша «Тың және тыңайған жерлерді игеру» қарқыны басталды. Колхоздар таратылып, Буденный ауылы «Рассвет» совхозының бөлімшесі болды. Совхоз уақытында майдангер азаматтар өздерінің қажырлы еңбектерінің арқасында көзге түсті. Акимов Жалел, Муглаев Қоқабай, Бисенов Утебай, Жусупов Ыбырай сынды аталарымыз атқарған қызметтері үшін медальдармен марапатталды. Буденный ауылы 1970 жылдары Рассвет совхозынан Киров совхозына берілді. 1982 жылы подхоз болып жеке бөлінді. Ауыл тұрғындары мал шаруашылығымен айналысты. Ауылда 4 сыныптық бастауыш мектебі ашылды. Ол кезде мектепте жалғыз ғана мұғалім қызмет атқаратын. Ол -Сара Утешева еді. 2003 жылы ауылымызда 9 сыныптық мектеп салынды.

Ол мектепті салған ауыл азаматы - Алпысбеков Қуаныш Махметұлы. Қазіргі кезде ол кісі Астана қаласының тұрғыны. Осы уақытта ауылымызда 60- қа жуық үй болған, тұрғындар саны шамамен үш мыңға жуық. Ауылымыздан шыққан көптеген жастар қазір Астана қаласында беделді жұмыс орындарында мемлекетке қызмет етуде.
Қандай тарихи тұлғаны болсын халық тудырады, заманы ширатып жаратады. Қажымұқандай алыптың тарих сахнасына көтерілуі де тегіннен- тегін емес. Арғы тегі Қарақыпшақ Қобыландыдан тарайтын осынау даңқты тұлғаның қалтарысы мен бұлтарысы, қайғысы мен қуанышы қат- қабат, қиын да қызық, жеңісті де жемісті ғибратты ғұмыры- соның айғағы. Қажымұқандай ұлы перзентінің теңдессіз табиғатына, бірегей болмысына тәнті болғаны соншалық, көзін көргендердің ортамызда жүргеніне қарамастан, ел- жұрты палуанның өзін, сөзін, әрбір іс- әрекетін әлдеқашан аңызға айналдырып үлгерді.Осы тұрғыдан алғанда «Қазақ даласы батырының» өмірбаян деректерінен қайшылықты пікірлердің көрініс беруі заңды болса керек. Қалай дегенмен де бір нәрсе анық;  өзі айтпақшы ,«жалшыдан шығып,жер жүзіне палуандықпен атын жайған» ондай ғажайып жан қазақ түгілі,күллі алты Алашта жоқ.Төтесіне көшсек,палуан өмір шежіресінің бізге мәлім беттері былайша сыр шертеді.. ...

         Ресми деректерге жүгінсек, Қажымұқан 1871 жылы 12 тамызда Ақмоладағы Қараөткел дуанына қарасты Қоспа деген жерде дүниеге келген. Алайда палуанды «Оңтүстік Қазақстан топырағының тумасы» ретінде танитындар да бар. Бұған негіз болатын жайт- палуанның атасы Ернақ зиратының Отырар ауданы, Шілік ауылындағы ескі қорымда жатқандығы. Көнекөз қариялардың уәжіне жүгінер болсақ, Ернақтың баласы Мұңайтпастың Ақмола маңына қоныс аударуы- ағайын арасындағы араздықтың салдары. Егерде атасының зираты Оңтүстік Қазақстан аумағында жатқандығын ескерсек, «Палуан осы топырақта туылған» деген болжам қисынға келеді де. Қалай болғанда да, Қажымұқаннның туған жері туралы әлі де түпкілікті байлам жасалған жоқ.

Ал ата- анасына келсек, Қажымұқанның әкесі балық аулап күнелткен қоңыртөбел тұрмысты, бірақ ел – жұртына аса қадірлі адам болыпты. Екі қолынан басқаны қару етпеген Мұңайтпас отынға балта ұстап бармай –ақ, үлкен- үлкен ағаштарды түбірімен қопарып алып, сүйретіп кете береді екен. Анасы Кәбира да бір әкелгені бір айлық отын болатындай зор қуат иесі болса керек. Толағайлық күш – қуат түп-тамырында жатқан Қажымұқан бала күнінен – ақ ерекшеленіп, 12-13 жасында 20-дағы жігіттің кейпіне еніпті. Жоқшылық салдарынан еңбекке ерте араласуға мәжбүр болған ол, Қызылжарда Масликов деген саудагерге жалданып, соның жұмысын істейді- малын бағады, шөбін шабады, жүгін тасиды. Бірде қыстыгүні шанамен шөп алып келе жатқанда жеккен аты болдырып, алдыға аттап баспай, төрт аяқтап тұрып алады. Ыза кернеген шөпші бала қарға көмілген шананы артынан итеріп кеп жібергенде ортаға жеккен ат шананың астына түсіп өледі. Оны таудай маяның үстіне тастай салып, екінші атты шананың артына бос байлаған Қажымұқан дәу шананы бір өзі сүйреп ауылға жеткізген. Қабырғасы әлі қатпаған қаршадай ғана баланың жойқын күші маңайдағы үлкен- кішіні түгелдей таң- тамаша қалдырады. Осыдан бастап оның аты шыға бастайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.2 «Толағай күштің тамыры»- тамған жер "Қажымұқан"

Ақмола облысы Солтүстік Қазақстанның шетсіз- шексіз даласында орналасқан. Өсімдіктердің таралуына ендік аймақтылық ықпал етеді. Облыстың жазық жерлеріне далалы аймақтар (селеулі, бетегелі дала) тән. Тауларда аймақтылық заңдылығы бұзылып, Көкшетау қыратының ұсақ шоқыларында, Ерементау тауларында қайың мен қарағай өскен орманды дала алқаптары орын тепкен. Өзендердің бойы мен ірі тұщы көлдердің жағаларында шабындықты дала өсімдіктері өседі.

Ендік аймақтылық – физика- географиялық үдерістердің, табиғи кешендердің экватордан полюстерге қарай заңды түрде өзгеруі. Ақмола облысында гүлді өсімдіктердің 830-ға жуық түрі кездеседі.Олар 73 тұқымдас түрге жатады.Облыс жері негізінен жазық далалы және оның басым бөлігі жыртылған.Тың және тыңайған жерлер игерілгенге дейін шөпті-бетегелі дала болатын.Қазір даланың алғашқы күйі тек қайыңды шоқ орман шеттерінде,тұщы көлдер маңайында,шағын өзендер алқаптарында ғана кездеседі.Шоқ ормандардың жалғыз өскен ағаш немесе негізінен қайың ағашынан тұратын кішігірім орман сипаты бар. Шөпті-бетегелі далада қызыл селеу,қылқан, селеу, бетеге, қоңырбас, дала жоңышқасы, таспашөп, жебіршөп, қазтабан, сәбізшөп және жусан таралған.Өзен мен көлдерге жақын жерлерде түрлі шөпті-шалғынды дала кездеседі.Бұндай жерлерде боз бетеге мен көде, жатаған бидайық, арпабас сынды шөптер көбірек ұшырасады.

Облыстың оңтүстігінде құрғақ климат тән.Сортаң және ащы көлдер көбірек.Мұндай жағдайларда өсімдіктердің шабындықта,шөлейт жерде таралған галофитті түрлері-бетеге,қызылмия,жусан,далазығыр және басқалары өседі.Есіл,Нұра,Құланөтпес сияқты ірі өзендер жағалауларында,Қалқұтан өзенінің және Теңіз-Қорғалжын тобындағы көлдердің төменгі ағысында кең ауқымды су басатын шалғындар (бидайықты,айрауықты,арпабасты)кездеседі.Олар шабындық ретінде қолданылады.

    Галофиттер-сортаң топырақта тіршілік етуге бейімделген өсімдіктер. Облыстағы ұсақ шоқыларды Көкшетау қыраты және Ерейментау таулары сияқты аласа таулар құрайды.Олардың биіктігі-800-      1000 м. Тау етегінде далалы өсімдіктері (селеу, бетеге, жусан) өседі. Таулардың басы мен беткейінде шабындықтар мен ормандар жайылған. Ерейментауға қайынды –көктеректі шоқ ормандар тән. Олардың ішінде жабысқақ қандыағаш, реликт тоғайы сақталған. Көкшетау қыратының шоқыларында қайынды - көктеректі    ормандар басым. Зерендіде, Бурабай мен Сандықтау жартастарында қарағайлы ормандар жайқалады. Қаражидек пен қызылжидек кездеседі. Бұл – олардың таралу аймағының оңтүстік шегі. Жарқайын ауданында адырлар арасындағы еңістерде бірегей қайын – терек тоғайлары өседі. Аймақтың жануарлар әлемі сүтқоректілердің 55 түрін, құстардың 180 түрін, қосмекенділердің 3 түрін және балықтардың 30- ға жуық түрін қорғайды. Оьлыста орманды және шөлді жерлерді мекендейтін жануар түрлері сирек кездеседі. Кейбір түрлері реликтілерге жатады. Мәселен, еуропалық кірпі, қызыл тышқан, ақ құр, ірі ала және қара тоқылдақ, арқар, алабажақ сайрауық, қара отқұйрық торғай, бозжылан, қоқиқаз. Ормандарда бұлан және сібір елігі, сілеусін және ақкіс, ақ қоян, тиін, еуропалық кірпі, қызыл тышқан және орман тышқаны, жертесер кездеседі (Сандықтау, Зеренді, Бурабай, Бұланды аудандары). Құстардан құр, ақ шіл, тоқылдақ, шымшықтар (үлкен ұзын құйрықты, қыр, қара басты шөже торғай), сары торғай, көкек, орман кептері, ақшыл қанат сайрауық, мысық торғай мекен етеді. Шоқ ормандар мен жазық далады үкі, бүркіт, жаман сары, қара кезқұйрық, күйкентай секілді жыртқыш құстардың ұшқанын жиі байқауға болады. Жақсы, Жарқайын, Қорғалжын, Егіндікөл, Целиноград секілді оңтүстік аудандардың сүтқоректілері алуан түрлілігімен ерекшеленеді. Жазық далалардағы жануарлар әлемі біркелкі. Тек оңтүстік бөлігінде ғана жануарлар саны көп. Жыртқыш аңдардан қасқыр, түлкі, қарсақ, дала күзені; кеміргіштерден қарапайым атжалман, дала суыры, сарышұнақ (солтүстігінде – қызыл шекелі, оңтүстігінде- аласасы), үлкен қосаяқ, ала тышқан, алақоржын, тоқалтіс кездеседі. Кей кездері далаларда ор қоян, дала шиқылдағы және құлақты кірпі кездеседі. Көлдердің жағасында қабан, ондатр, борсық мекендейді. Дала құстары арасынан бозторғай (дала, мүйізді, ақ және қара қанатты) түрлері көп кездеседі. Ірі құстардан сиреп кеткен ақбас тырнаны айтуға болады. Даланың жыртылуы дуадақ пен безгелдек санының азаюына әкелді. Жыртқыш құстардан дала бүркіті, ителгі, күйкентай кездеседі. Су қоймаларында қасқалдақ пен сутартар, сұқсыр     (сұр, кішкене, қара мойын секілді түрлері), шағалаларды (күміс шағала, көкшіл шағала, көл шағала, бізтұмсық шағала), қарқылдақ (өзен, қара, аққанат, ақжарқын, үлкен ) кездестіруге болады. Су қоймаларын сары, сұр және ақ құтан, үлкен әупілдек мекендейді. Өзендерде    алтын мөңке балығы кең тараған. Аққайран, торта, қарабалық, шортан,    сібір тарғақ балығы, өзен алабұғасы, таутан, нәлім, күміс мөңке, тасбас балықта кездеседі.   

  ҚР Қызыл кітабы-Қазақстанда сирек кездесетін және жойылып кету алдында         тұрған жануарлар,өсімдіктер мен саңырауқұлақтар тізімі. Жануралар әлемнің ауқымды бөлігі саны аз немесе Қызыл кітапқа енгізілген жануарлар санатына жатқызылады.Сирек аң-құстардан аркар,ителгі,бүркіт,дуадақ,ақбастырна,қарашақаз,қалбағай,тарғақ,ақиық бүркіт,дала бүркіті,бұйра бірқазан,ақбас үйрек, тұйғын, безгелдек, қоқиқаз, қарабас күлегеш кездеседі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқушылар табиғат аясында туған өлкенің өсімдік жамылғысын, су жүйесін зерттеуде.

 

Қажымұқан ауылындағы «Зеренді» асыл тұқымды шаруашылығы» ЖШС-ның ешкі сүтін қайта өңдеу жөніндегі сүт зауыты. «Зеренді» асыл тұқымды шаруашылығы» ЖШС қуаты отарда 5000 бас сауын болатын толық циклді ешкі сүті тауарлық фермасының жобасын іске асырып жатыр. Серіктестік өз жұмысын 2016 жылы бастап, үш жыл ішінде жоба 3 миллиард теңгеге инвестицияланды.Заанендік (Нидерланд Корольдігі), альпілік (Мажарстан), нубиялық және тоггенбургтық тұқымды біршама ешкі сатып алынып, әкелінді.Қазіргі таңда ешкілер басының жалпы саны 1000-нан асты. Жаңа төлдер де бар. 34 тұрақты жұмыс орны құрылды, келешекте тағы да 30 жұмыс орны ашылмақ. Италиядан келген мамандардың көмегімен қуаты сағатына бір тоннаға дейін өнім шығаратын өте заманауи сүт зауытын іске қосу-баптау жүзеге асырылды, онда өнімдердің сапасын және мал басының денсаулығын бақылауды қамтамасыз ету бойынша қазіргі заманғы цифрлық технологиялар қолданылады. Тұтастай алғанда, ешкінің сүтінен жасалған өнім аллергияға қарсы және ол балаларға мен ересектерге пайдалы.

          Бүгінгі таңда «Зерен» сауда таңбасы бұл жұмсақ және қатты сұрыпты ірімшік, брынза, риккота, құрт, йогурт, айран, сүзбе және сүт. Биыл балалар тағамын, сублимацияланған өнімдердің құрғақ сүтін шығару жөніндегі жабдық сатып алынды. Бұған қоса, балмұздақты шығару жөніндегі жабдық монтаждалып жатыр.Зерттеу барысында алдағы перспективалар туралы сөз қозғалған кезде           

зауыт  қызметкерлері мынадай:

           

                 5 «А» сынып оқушыларының

«Зеренді» асыл тұқымды шаруашылығының»

                       ешкі сүтін зерттеуде

 

 

 

- 334 гектар суармалы учаскеде жем-шөп базасын құру;

- жем-шөптерді өндіру жөніндегі цехты жаңғырту, жоңышқа мен өздері дайындайтын құнарландырылған жем-шөптер негізінде толық рационды түйіршікті шығару;

- жартылай фабрикаттар мен қосалқы өнімдерді қайта өңдеп және шығара отырып, мал сою цехын құру;

- өнім желісін кеңейту мақсатында сүт зауытының қуатын ұлғайту сияқты бағыттар бойынша кәсіпорынды кеңейту басталғанын атап өтті.

 

1.3 Зерттеу бөлімі. «Өткенмен ұласқан болашақ»

Күллі қазақ «күш атасы» ретінде қадір тұтқан Қажымұқан – ғибратты ғұмыр кешкен сан қырлы тұлға. 15 жасынан топқа түскен Қажекеннің жасы 70- ке келгенше күресті тасмауының өзі – оның жаратылысы бөлек саңылақ спортшы екендігінің айғағы. Қара қыпшақ Қобыланды 11- атасы болып келетін Қажымұқанның дара бітімі бала жасынан – ақ байқалған. Өзі құралпылас балалармен ойнап жүргенде әлдекімге жазатайым қолы тиіп кетсе, ондырмайды екен. Соған байланысты шағым айтып келген адамдарға әжесі – Айсары : «Өгізге мініп ойнап жүреді де ол зорығып жатып қалса, лақтай көтеріп, иығына салып, үйге әкеледі. Өгіз көтеріп ойнайтын бала менің ұрғанымды елең қылама?»- дейтін көрінеді. Толағайлық күш – қуат тумысынан дарыған Қажымұқан осылайша бала күнінен ерекшеленіп, 12- 13 жасында 20- дағы жігіттің кейпіне енеді. Қажымұқан 18 жасында Омбыға келіп, қалалық циркте өтіп жатқан күресті көреді. Сондай кезекті сайыстардың бірінде чемпионаттың күшті палуандарының бірі- А.Злобин : «Көрермендер арасында күрескісі келетін адам бар ма?»  - деп сұрайды. Ортаға Қажымұқан шығады. 18 мин созылған белдесуде орыстың кәсіпқой палуаны жасөспірім баланы әрең жеңеді. Осы белдесуден соң – ақ Қажымұқанның спорттағы үлкен жолы басталады. А.Злобин оған күрес мектебінде оқуға кеңес береді. Оның ақылын құп алған Мұқан Петербургте «Ваня ағай» деген атпен жұртшылық құрметіне бөленген И.Лебедевтің тәрбиесінде болып, француз күресі мен цирк өнерін ынты – шынтысымен беріле үйренеді, жалықпай жаттығады. Содан алты айдан кейін Одессаға барып, Ветлижинскийдің жекеменшік, мектебіне түсіп, Еуропа мен Американың күрес түрлерін үйренеді. Күрес тәсілдерін жете меңгеріп, өз мүмкіндігін іштей шамалаған Қажымұқан тұңғыш рет Киевте күреске түсіп, Иван Заикин секілді екі – үш айтулы спортшыны жеңеді.Алайда орыстың атақты палуаны-Иван Поддубныйдан ұтылып қалды.Онымен атрынша қайта белдесіп,жеңіске жетеді.Бірақ шешуі белдесуде Поддубный басымдау түседі де Қажымұқан  ол туралы ; «Ондай адамды жер жүзінен кездестірген емеспін.Адам десең-адам,палуан десең-палуан,арыстан десең-арыстан еді»,-деп үнемі айтып өоткен екен. Қажымұқанның  күрес өнеріндегі жеңісті жолы одан әрі қарай Париж, Лондон, Варшава, Гамбург, Стамбул, Рим, Прага, Вена, Мадрид, Одесса, Лодзь, Минск, Симферополь, Ялта, Орел, Вильнюс, Ковна, Бағдат, Дамаск топырағанда жалғасады.1905 жылға дейін-ақ палуан әлемнің  24 елінде болып үлгереді.Бірқатар деректерге сүйенсек,күш жағынан алып қарағанда,Қажымұқанның теңдесі бомаған.«Оның алапат күшінен қарсылас палуандарының қорыққандығы соншалық,кейбірі тіпті чемпионаттан шығып қалуға мәжбүр болған.Сол себепті де Қажымұқан көбінесе шын күрестен аласталып,шартты күрестің маңында пайдаланылған. Оған көнбей,шыңдай бастаған жағдайд;« Күрестің ережесін бұзды »,-деп,белдесуде қатысушылар тобынан шығарып отырған» деген де пікірлер бар.Осылайша,Қажымұқанның спорттық өмірбаянында әртүрлі жағдайлар кездеседі.Тіпту кейбір жекпе-жектері халқымыздың ұлы перзенті үшін шын мәніндегі өмір мен өлім айқасына айналған.

      Мейірбан халқымыз Қажымұқандай біртуар ұлын шексіз махаббатпен мейілінше аялай білген де.Ел-жұрттың ыстық ықыласына тәнті болған палуанның Ә.Тәжібаевқа «Мен Қажымұқан болғалы қазақ думаны қасымнан арылып көрген емес»,-дегені бар . Қажымұқан  әлемнің 60-қа жуық елінде күш сынасып,алтын,күміс,қоласын қоса есептегенде,барлығы 48 медальды олжалаған,сондай-ақ көптеген дүниежүзілік біріншілікке қатысып,«Азия,Африка чемпионы»,«Әлем чемпионы » атақатарын бірнеше дүркін жеңіп алған.Қажымұқанның алып палуан ғана емес,сонымен бірге ғажайып цирк әртісі ретінде де аса танымал болғаны анық.Ол небір қызық та қауіпті,қиын да таңғаларлық қойылымдармен көрермен алдына шыққан,цирк  манеждерінде өнер көрсеткен.Жары-Батима апайдың естелігіне сүйенсек,Қажымұқан қалыңдығы бір еліден жуан сом темірді мойнына галстук,беліне белбеу қылып орап,темірді қамырдай илесе,Парижде цирк алаңына мініп шыққан түйесін арқасына салып,қайта лапы кеткен.75 пұт жүктелген арбаны тісімен сүйреп,сахнаға шыққан.Адам баласына бітпеген алып кеудесіне 20 пұттық тас қойғызып,екі пұттық балғамен уаттырған,тақтайдың астына жатып,оның үстінен адам толы автокөлік жүргізген.Және бұл өнерлерінің бәрін Қажымұқан еш қиындықсыз-ақ көрсеткен. Қажымұқан бабамыздың сырт бейнесі де ерекше болғанға ұқсайды. Бұл  ретте Қажекеңді спорт журналисі И.Д.Булгаков;« Ол-«Геркулес!»-десе ,дегендей екен.Бір қарағанда ,ол адамнан гөрі ,шойыннан құйған сом тұлғаға ұқсайтын сияқты,бойы  ұзын,қаншырдай тартылған.Бұлт-бұлт ойнаған бұлшық еттері бір керемет!»-деп сипаттайды.Ал жазушы Дихан Әбілев ;«Жартас кеудесі жалғанның жартысындай ,бұлшықты білектері дөңбектей,бура сан,піл сирақ денесіне лайық ,құж-құж құлақтары,жырым-жырым еріндері жартасқа түнеген қара бұлттай қалың қабағының астында жанған ошақтай қос жанарлы  ұясы –үлкен екі көзі,соқтала біткен сом бітімді мұрны-бәрі-бәрі ертегіден естіген дәулеріміз тәрізді қияпат береді»,-деп суреттейді. Қажекең – ақындығы, әншілігі, сөзге ұсталығы да бір басына жетіп – артылатын сан қырлы тұлға болыпты. Мәселен, Қажымұқан өмірін зерттеушілердің бірі, әдебиетші- ғалым Ә.Қоңыратбаев : «Қазақтың қара сөзіне, ұтымды әзіліне Қажекеңнен ұста адамды сирек кездестірдім. Мақал- мәтелді, ел аузындағы шешендік сөздерді араластырып, орынды қолданатын. Әзіл үстінде біреуді сөзбен ұтып кетуге де ұста», - дейді. Сонымен бірге ол өте қазақы, мейлінше табиғи адам болған. Біреуге сеніп қалса, оған шаңжуытпаған, ал өтірігін бір байқаған адамға ешқашан қайтып сенбеген. Батырларға тән аңғалдығы да басым Қажекең көңілді отырған кезде жастық шағынан естелік айтып, қызық әңгімелермен айналасын серпілтіп отырған. Ол кісінің құлаққа жағымды қоңыр дауысы болған, көбінесе домбырасын қолына алып, ғашықтық әндерін, әсіресе Балуан Шолақтың «Ғалия», Біржан Салдың «Жонып алды», Сәкен Сейффулиннің «Тау ішінде» әндерін айтқан.Белгілі жазушы Сәуірбек Бақбергенов :«Оның қолынан Қартаудың үшқат ағашынан жасаған кішкене сұр домбыра түспейтін.Күй  емес,қоңырлата әдемі саз тартатын .Кейде оған қосылып , үңгірден шыққан дауыстай ,күмбірлеген қоңыр үнмен ән салатын » ,-деп жазған.

«Қажымұқанның лайықты ізбасарлары». Қажымұқан Мұнайтпасовты қазақ елінің мақтанышы ретінде үнемі айтып, дәріптеп жүру керек. Оны ұмытуға болмайды. «алып атамыздай болсақ» деген арман қуған  ұрпақтарымызда көп. Соның бірі, Қажымұқан ауылының №4 негізгі мектебінің 8 сынып оқушысы Махмет Амир. Амир Махметтің есімі Қазақстан рекордтар кітабына (КИнЭС) үш рет енді. 

        Ең алғашқы рекорды:   1-маусым Балаларды қорғау күні «Street Workout» ашылу маусымында  450 рет кеудені жерден көтеру жаттығуын жасаған, сонымен қоса көп ұзатпай бір деммен 550 рет жаттығу жасаған жерлесіміз жетістігін Қазақ хандығының 550 жылдығына арнады. Бұл іс-шара «Тұран» колледжінде өтті.

Екінші рекордында  Ақмола облысындағы «Street Workout» чемпионатында 30 секундта 50 рет  кеудесін жерден көтеру жаттығуын орындады.

Үшінші рекордында 1000 рет жерден тартылып, оған  еліміздің танымал Олимпиада чемпиондары Илья Ильин мен Серік Сапиев, джиу-джитсудан  әлем чемпионы Айдар Махметов , еліміздегі ММА  спорт Федерациясының Президенті Анатолий  Ким  сынды спорт саңлақтары куәгер болды.

   Сәуір айының 14-ші жұлдызында  Астанада  өте керемет спорттық шара өтті. Әміріміз «планка» жаттығуы бойынша  әлем рекордын орнатты. Бұл жаттығу жеңіл болып көрінгенімен (жерге тек білекпен  және аяқтың ұшымен ұзақ тұру керек)  ересек адамдардың өзі дайындық болмаса тек 5-6 минутка шыдайды. Ал, Махмет Әмір бұл жаттығуда 1 сағат тұра алды.

Биыл да Амир өзін жан-жақты дамытуды тоқтатқан емес және осындай табандылығының көрінісі, яғни жемісі болар әлем аренасына белін бекем буып жол тартқан болатын. Осы Абу –Дабиде ДЖИУ-ДЖИТСУДАН өткен әлем чемпионатында алғашқы қадамын нық сеніммен бастап өз салмағында жүлделі 3-інші орын иеленді.

 

1.4 Ұрпақтар пір тұтады.

Қажымұқан .Осы бір тұлға қазақ көгіндегі жұлдыздардың арасында дараланып,жарықтап көрінеді.Ұланғайыр жерін,кеңпейіл де,өршіл халқын өзге жұрттар танымаған,білмеген шақта,қазақ деген Ұлы ұлт бар екенін өзгелерге паш еткен де осы-Қажымұқан.Өзінен бұрынғы қандастары баспаған топырақты басып,көрмеген елді көріп,өзге қазақ тақпаған алтын,күміс медальдарды мойынына тұңғыш ілген де, жеңіс тұғырына тұңғыш көтерілген де сол. Қажымұқан тарихта үлкен орны бар тұлға.Оның бейнесі халық қиялынан туған  ауыз әдебиетіндегі эпос, ертегі, дастан, аңыздардағы батыр да жаужүрек бейнелердің жиынтығы іспетті.Оны көргендер тірі  Қобыланды, Ертөстік, Қабарларды көргендейтін. Оның өнегелі өмірі жөнінде талай-талай деректі,көркем шығармалар  дүниеге келді, кинофильмдер түсірілді.Мыңдаған естелітер де жазылып, палуаннның өмір жолы болашақ  ұрпақ  тәрбиесінің қайнар көзіне айналды. Даңқты жерлеріміз жүріп өткен қай аймақта болсаңыз да,ол жөнінде айтылар аңыз, шетілер сыр ұрпақтан ұрпаққа жалғасын тауып жатыр. Қазақстанды қойып, өзім болған Омбы мен Орынборда, Новосібір мен Алтайда, Орталық Азия мен Кавказдағы Қажы Мұқан жайлы аңыз әңгімелер, көңілдеріне сақтаған естеліктері, қазақтың біртуар ұлына деген шексіз құрметтері кімді де болсын бей- жай қалдырмайды. Өз басым осындай ғажайып тұлғаның туған ауылында еңбек еткенімді мақтан етемін. Ауылдың үлкен кісілерінен , Қажы Мұқанның көзін көрген адамдардан мәліметтер жинақтадым. Республикамыздың бас басылымы «Егемен Қазақстанда» әдеби шығармаларға бәйге жарияланып, Қажымұқан өмірінің бір сәті жөніндегі Мұрат Керейбайдың очеркі бас жүлдеге ие болды. Ақмола өңірінде екі мәрте той мен ас өткізілді. Бірі- Қажы Мұқан есімінің туған ауылына берілуіне орай өтсе, келесісі  1996 жылы қазан айында күш атасының туғанына 125 жыл толған мерейтойына арналды. Новоишим колледж- лицейінде, Новоишим кеңшарында да жыл сайын Қажымұқан апталығы тұрақты түрде өткізіліп келеді. 1995 жылы қазақтың жазғы тойы «Қымызмұрындықтың» спорттық бағдарламасында түгелімен Қажымұқан жүлдесі үшін сайыстар өткізілді. Қажы Мұқан туралы жазған адамдардың көпшілігі палуанның бейнесін сомдағанда оның бойындағы ізгі қасиеттерін қандай тәрбиемен жеткендігі жөнінде аз айтады. Осыны нысана етіп, палуан бабамыз туралы ең алдымен көнекөз қариялар мен замандастарының естеліктеріне жөн көрдім. Сол кездегі ауыл тұрмысы, адамдардың тұрмыс- тіршілігі оқырманғада қызық көрінуі мүмкін. Мысалы, ауылдың жалпы атауы – Құрама – ол жеке - жеке қоныстанған жерлер өз бетінше жеке ауыл атанған. Тағы бір ерекшелік, сол кездегі ауыл адамдары кигіз үйлерде тұрмай, жерді жартылай қазып, шым кесектерден шағын мекен – жай тұрғызған. Ауыл есілдің жазық жерінде емес, өзеннің ішкі аңғарларындағы төбелерді тұрақ етіп, өзара жер бөліскен. Қажы Мұқанның әкесі Мұңайтпас атамыздың өмір кешкен мекені, аяқ басқан топырағы қазіргі Қажы Мұқан аталатын ауылдан 3-4 шақырымдай жерде қорым болып жатыр. Оны обылыстық ескерткіштер қорғау қоғамының төрағасы, абзал азамат Молдахмет Досаевқа және атамыздың кенже ұлы Жәнәбіл Қажы Мұқан ұлына жетпісінші жылдары ауыл ақсақалы Жүніс Бәйділдәұлы нақтылы көрсеткен екен. Қажы Мұқан – бар қазақтың қасиетті Қажы Мұқаны. Қажы Мұқан бабамыздың өмір жолы жас ұрпақ тәрбиесінде баға жетпес қазына. Күш атасының өнегелі өмірінің беймәлім тұстары әлі де көп. Бұл ретте терең білім, түйінді ой, сабырлы сана қажет.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқушылардың туған өлкеге деген сүйіспеншілік шығармашылығы

Ақмола облысы

Целиноград ауданы

Қажымұқан ауылы

№4 негізгі мектебі

9 «ә» сынып оқушысы

Анарбек Ерзат

 

                      «Туған жер»

 

Әркімнің туып – өскен елі, жері қымбат. Туған жердің тау- тасы қымбат, өзен-көлі, бәрі-бәрі дерлік, адамның өн бойындағы соғып тұрған жүректі дір еткізбей қоймайды ғой, сәрі! Қазақтың әрбір ақыны, жазушысы, зиялы қауымдарына дейін өз елін, өз жерін жырламағаны, жазбағандары жоқ шығар, бәлкім.

Менің туған жерім ол менің анамдай өзіне тартып, баурап тұрады. Туған жерді ештеңеде алмастыра да айыра алмайды. Ежелде бабаларымыз өз жерін шексіз сүйе отырып, болашақ ұрпағына жерін сақтап қалу үшін «ақ найза» ұшымен қорғап, ел шетіне тиген жаудан қорғап, тайсалмаған, жарық шоқтай жанып тұрғанда кез-келген жау жүрегін бір соқтырмай қоймаған шығар. «Туған жерін оттан да ыстық, жалыны бар шоқтан да ыстық» деп бекер айтпаған болар! Шаршағанда, талғанда бұл өмірде туған жердей жанына пана, ауырына ем болатын туып – өскен жеріміз емес пе?!

   Туған жер, елім әрқашанда менің яки біздің барлық дерлік қызықты да құмарымыз қанбас кезіміз жатыр ғой. Туған елім, жерім деп әр азаматтың жүрегінде соқса, ең керемет, ең әдепті азамат пен азаматша боларына күмән жоқ деп ойлаймын!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                              

 

  Ақмола облысы

Целиноград ауданы

Қажымұқан ауылы

№4 негізгі мектебі

9 «ә» сынып оқушысы

Базарова Ақбота

 

                                    «Туған жердей ел болмас»

Қазақстан – ата мекен, құт қонған жер,

Кең дала, суы мөлдір, нұр тұнған жер.

Көкорай белестері мақпал кілем,

Қырлары қызғалдағы құлпырған жер.

Туған жер адам өмірінде ерекше орын алады. Туған жерім – аялы алтын бесігім, кіндік қаным тамған жерім. Туған жердің күні де, түні де, тау-тасы да, сарқыраған өзені де, жан- жануарлары да, сайраған құстары да, шалқар көлі де – бәрі де жаныма ерекше жақын. Қандай елде, жерде жүрсеңде жүрек отын жағатын дүние есігін ашқан жеріңді сүймеу, сағынбау, ойламау мүмкін емес. Туған жер топырағы өте қасиетті. Басқа елдер мен қалалар өз туған еліңмен салыстыруға келмейді. Әркімнің кіндік қаны тамған жері- құт мекені. Туған жер қасиетті мекен. Ол туралы мақал – мәтелдерде, өлең шумақтары мен әндердер арналған.Көптеген ақы – жазушылар туған жерлеріне арнап өлең жазып, туған жерге деген махаббатарын, шексіз сүйіспеншіліктерін арнап оны бар жақсыға теңеп өз ойларын, сезімдерін сөзбен айтып жеткізе алмайды. Себебі, туған жерге деген махаббат құдіретін сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес.

 «Басқа елде сұлтан болғанша, өз елінде ұлтан бол» деп бекер айтылмаған. Себебі, басқа елде жүргенде қанша бай, әл – қуатты болсаң да, өз еліндегідей болмайды.

Туған жер туралы өлеңдер өте көп, соның ішінде маған жақыны Мұқағали Мақатаев «Туған жер» өлеңінде былай жырлаған екен:

Туған жер – ай!

Теңдесер кім.

Бұл жерге сен болмасаң келмес едім,

Кіндігімді байлаған қазығым –ай

Сен болмасаң бұл маңды көрмес едім – деп ақын атамыз туған жерге деген қасиетін айқын көрсетті. Көп шығармаларда туған жер қасиетін дәріптей отыра, қазіргі және болашақ ұрпақтарға туған жер қасиетін түсіндіре білді. Туған жер тақырыбы ешқашан өлмейтін шығарма, туған жер туралы айта берсең көп, әркімнің туған жері ыстық, өзіне тартып тұратыны анық.

Шығармамды Фариза апамның «Туған жердің топырағы» өлеңімен аяқтағым келеді:

Армысыңдар, туған жер, туғандарым.

Кезіп жердің тау-тасын, нулы орманын.

Келіп тұрмын, безгем жоқ өздеріңнен

Мені алысқа сендерден құды арманым.

 

 

Ақмола облысы

Целиноград ауданы

Қажымұқан ауылы

№4 негізгі мектебі

9 «ә» сынып оқушысы

Мұхтаров Бахтияр

 

                   Туған жерім

Туған жердей жер болмас,

Туған елдей ел болмас,

Әйтеке би

 

Отанға деген сүйіспеншіліктің түп-тамыры сыйластық, татулық, бауырмалдық, бірлікте болады.Отанды, туған жерді сүю адам өміріндегі ең бағалы құндылық. Өзіңнің кіндік қаның тамып, туып өскен жерің. Жерін басып, суын татып ер жеттік. Сондықтан да елге деген сүйіспеншіліктің түп тамыры деп ойлаймын.

Туған жер – қасиетті. Әркімнің туған жері өзіне қымбат. Туған топырақты шалғайда жүрсең аңсап, сағынып жүруіңнің өзі киелілігі.

Қажымұқаның табиғаты танғажайып мұнда тұңғиығы тұнжыраған өзендер,кен жайлау,балықтары мол ағыстар. Қажымұқанның өзен көлдеріне әр түрлі қалалардан келеді.

Туған жер – ата-бабамыздың мекені, ежелгі қонысы. Бұл жерде ата-бабамыз тұрды, өмір сүрді. Бұл жер – ата-бабамыздың кіндігі кесілген жазира жер. Жалқымызда атамекенді ардақтау сезімі өте терең. Туған жерді қасиет тұту – қанға сіңген мінез ежелгі дәстүр. Бұл таным біздің жанымызға ана сүтімен тараған, ана сүтімен дарыған.

    Туған жеріңе деген сүйіспеншілігіңді ең алдымен отбасыңа, ауылдастарыңа арнамай тұрып, барша әлемді сүю мүмкін емес.

Менің туған жерім әлемге әйгілі палуанҚажымұқан Мұнайтпасов дүниеге келген жер. Қажымұқаның даласы дархан,менүшін топырағы қасиетті.

Туған жер, атамекен әр адамның тағдырын құрайды. Тек одан барлық алғаныңды көңіл сүзгісінен өткізіп, бал жинаған арадай жүрегіңе құя білуің шарт. Туған жерді сүю дегеніміз өмір бақи өз жерінде байланып қалу емес. Әлемге назар аудармай, табандап отырып алсақ, ақпайтын көл секілді өз-өзімізбен тұйықталып, әлемдік даму мен өркениеттен құралақан қалар едік. Десе де, жер шарының қай ендігі, экватордың қай белдеуінде жүрсең де, қайта соғар, сағынышыңды басар темірқазығың – туған жер атты ұлы ұғым біреу. Сонымен рухани байланысыңды үзбесең ғана, айдарыңнан жел еспек. Өйткені өзге топырақ, өзге ауа, өзге су оның орнын толтыра алмақ емес.

 

 

 

 

 

 

Ақмола облысы

Целиноград ауданы

Қажымұқан ауылы

№4 негізгі мектебі

9 «ә» сынып оқушысы

Омаров Азамат

Қажымұқан  ауылының  атақты адамдары.

 

      Туған жеріне деген сүйіспеншілігіңді ең алдымен отбасына, ауылдастарына арнамай тұрып, барша әлемді сүю мүмкін емес.

Менің туған жерім әлемге әйгілі палуан Қажымұқан Мұнайтпасов дүниеге келген жер. Қажымұқанның даласы дархан,менүшін топырағы қасиетті.

Қажымұқан ауылы атақты адамдарға өте бай. Біздің ауылда күрестіңатақты палуаны Қажымұқан Мұнайтпасұлы  дүниеге келген.Ол әлемнің бірнеше дүркін чемпионы.Ол 1871 Құрама ауылындадүниеге келді қазіргі (Қажымұқан), ол әлемнің жиырма төрт мемлекетінде күреске түсіп қырық сегіз алтын және күміс медаль алған.Оған «ҚАЗАҚ ДАЛАСЫНЫҢ БАТЫРЫ» деген атақ берілген.Қажымұқан атамыз Ұлы отан соғысының жеңісіне қаржы қосып, ұшақ жасатқан.Қажымұқан ата әлемдегі ең мықты адамдардын бірі ол циркта істеген трюктарды ешкім қайтала алмады. Жәнеде қазіргі батырымыз, рекордсмен Махмет Амирді ұмытпайық, ол өзінің рекордтарымен барлық қазақстандықтарды танғалдырды.Амир «Ханшатыр»ОС өзінің рекордын жаңартты ол планкада бір сағат тұрды,  планкада бір сағат тұру бәрінін қолынан келе бермейтін дүние, бұл Амирдын жалғыз рекорды емес, ол кеуде көтеру жаттығуын 550 рет жасады және ЕХРО да бөтелке үстінде елу үш рет кеуде көтерді. Ауылымыздың тағы бір жұлдызы «Балапан» телеарнасының «Үздік жүргізушісі»Жұмағазиев Рамазан. Алғашында Қажымұқан ауылының «БАТЫРЛАР» жайдарман командасында ойнады. Ол «Балапан»телеарнасындағы «ҚУЫР,ҚУЫР,ҚУЫРМАШ» бағдарламасына түскен. Біздін ауылдын керемет әншісі Кенесов Алпамыс ол Дубай қаласында өткен Халықаралық Өнер сайысында өзінін керемет дауысынын арқасында бірінші орын алды. Бұл Қажымұқан ауылынын тұрғындары үшін үлкен женіс болды. Қажымұқан ауылынымыздың көрнекті жазушысы Арыстанбеков Аманкелді Қабдоллаұлы, Құрама ауылында дүниеге келді қазіргі (Қажымұқан).Жазушы Қажымұқан жаилы бірнеше кітап жазды ол кітаптардын аттары «БІЗДІН АУЫЛДЫН АРДАГЕРЛЕРІ»,«ҚАЖЫМҰҚАН АУЫЛЫ ҺӘМ ТҰРҒЫНДАР ХИКАЯСЫ». Мен жазған атақты адамдар барлығы Қажымұқан ауылында тұрады. Біздін ауылда осындай адамдар бар екендігіне мақтанамын. Менде біздің ауылдың атақты адамдары қатарына қосылатыныма жүз пайыз сенімдімін.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

«Туған жердің әрбір сайы мен қырқасы, тауы мен өзені тарихтан сыр шертеді. Әрбір жер атауының төркіні туралы талай-талай аңыздар мен әңгімелер бар. Әрбір өлкенің халқына суықта пана, ыстықта сая болған, есімдері ел есінде сақталған біртуар перзенттері бар. Осының бәрін жас ұрпақ біліп өсуге тиіс» деп елбасы айтқандай, жан- жақты  рухан дамыған тұлға қалыптастыру біздің парызымыз болып табылады. Оқушылардың отансүйгіштік, азаматтық тұлғасын қалыптастыруда мектеп пен отбасының және қоғамдық ұйымдардың атқаратын қызметі зор. «Өлкетану- ұлттық жаңғыру» жобасының негізгі мақсаты: Рухани жаңғыруды сипаттау арқылы және патриоттық сананы ынталандыратын ұлттық құндылықтарды жаңғырту; оқушылардың бойында ұлттық сананы ояту, жас ұрпақ санасына, туған халқына деген құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш сезімін ұялату, ұлттық рухты сіңіру арқылы ауыл тарихымен таныстыру болды. Осы мақсатты негізге ала отырып оқушылармен «Туған өлке тарихы- ұлттық жаңғырудың бастамасы» негізінде Қажымұқан ауылының тарихы, алғаш мектептің ашылуы туралы, сонымен қатар Қажымұқан атамыздың ізбасары Ахмет Амирдің жетістіктері жайлы жұмыстар жүргізілді. Оқушылардың теориялық білімдерін тәжірибе жұмыстарымен ұштастыра түстік. Тәжірибелік эксперименттік жұмыс барысында оқушылардың теориялық білімдерінің арта түскендігі және оны күнделікті іс- тәжірибеде шығармашылықпен пайдалана білу қабілеттерінің артқандығы байқалды. Оқушылардың бойында патриоттық қасиеттерді қалыптастыру үшін ең алдымен туған өлкені, туған жерді құрметтеуге тәрбиелеу қажет. Туған өлкеге, Туған елге, Туған жерге, Туған тілге деген ыстық сезімді әр қашанда аялай білейік!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқушылардың жетістіктері


[Надпись: 2018 жылғы 15 ақпан мен 25 мамыр аралығында «Матрица.kz» қоғамдық-саяси порталы ұйымдастырған «Туған өлкем» («Менің Қазақстаным») атты ІІ республикалық жарияланымдар байқауына қатысушы оқушыға және қолдау көрсетуші жетекші ұстазына белсенді қызметі үшін алғыс білдіреміз.] [Надпись: Бұл Алғыс хат №4 негізгі мектебінің 9 «ә» сынып оқушысы Бахтияр МҰХТАРОВҚА беріледі Жетекшісі: Гүлдана Ерсұлтанқызы]

[Надпись: BILIMNUR.KZ басылымы редакторы: І. Б . Нагиев]
[Надпись:]

 

 


[Надпись: «Матрица.kz» қоғамдық-саяси порталы редакторы: Айгерім Болат]
[Надпись: BILIMNUR.KZ басылымы редакторы: І. Б . Нагиев]
[Надпись: 2018 жылғы 15 ақпан мен 25 мамыр аралығында «Матрица.kz» қоғамдық-саяси порталы ұйымдастырған «Туған өлкем» («Менің Қазақстаным») атты ІІ республикалық жарияланымдар байқауына қатысушы оқушыға және қолдау көрсетуші жетекші ұстазына белсенді қызметі үшін алғыс білдіреміз.] [Надпись: Бұл Алғыс хат №4 негізгі мектебінің 9 «ә» сынып оқушысы Анарбек ЕРЗАТҚА беріледі Жетекшісі: Гүлдана Ерсұлтанқызы]

 


[Надпись: Бұл Алғыс хат №4 негізгі мектебінің 9 «ә» сынып оқушысы Ақбота БАЗАРОВАҒА беріледі Жетекшісі: Гүлдана Ерсұлтанқызы]


[Надпись: «Матрица.kz» қоғамдық-саяси порталы редакторы: Айгерім Болат]


[Надпись: BILIMNUR.KZ басылымы редакторы: І. Б . Нагиев]
[Надпись: 2018 жылғы 15 ақпан мен 25 мамыр аралығында «Матрица.kz» қоғамдық-саяси порталы ұйымдастырған «Туған өлкем» («Менің Қазақстаным») атты ІІ республикалық жарияланымдар байқауына қатысушы оқушыға және қолдау көрсетуші жетекші ұстазына белсенді қызметі үшін алғыс білдіреміз.]
[Надпись: Бұл Алғыс хат №4 негізгі мектебінің 9 «ә» сынып оқушысы Азамат ОМАРОВҚА беріледі Жетекшісі: Гүлдана Ерсұлтанқызы]

 


[Надпись: «Матрица.kz» қоғамдық-саяси порталы редакторы: Айгерім Болат] [Надпись: 2018 жылғы 15 ақпан мен 25 мамыр аралығында «Матрица.kz» қоғамдық-саяси порталы ұйымдастырған «Туған өлкем» («Менің Қазақстаным») атты ІІ республикалық жарияланымдар байқауына қатысушы оқушыға және қолдау көрсетуші жетекші ұстазына белсенді қызметі үшін алғыс білдіреміз.]

Просмотров: 484


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст