«ЕЛІН СҮЙГЕН ЕЛБАСЫ...»
Мақсаты:
1.Қазақ халқының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып-өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру;
2.Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып Отанын, халқын сүюге, ержүректілікке, азаматтыққа, ұлттық патриоттық сезімге тәрбиелеу;
«Елбасына»
Ауыр күнді артымызға тастауы –
Қиын сәтте қиындықтан қашпауы.
Тілім, дінім, ұлтым қайта көгерген,
Елбасымыз Нұрағаңның бастауы
Туды ұстап тура жолға түсіріп,
Жас Отанның өмірін де түсініп,
«Елім, жерім» деп ұрандап тайсалмай,
Бір керемет жасады-ау кісілік!
Елбасымыз саған мәңгі разымыз,
Үлкен-кіші, ағайындар – бәріміз.
«Ұлтым, елім» деп қайғырған ұлы жан,
Сіз біздердің піріміз де, әніміз.
ОЙЫН КЕЗЕҢДЕРІ:
1 КЕЗЕҢ – «ЕРЕКШЕ СҰРАҚТАР»
2 КЕЗЕҢ – «ӨЛЕҢМЕН ӨРІЛГЕН ЕЛІМ»
3 КЕЗЕҢ – «МЕНІ ТАНИСЫН БА?»
4 КЕЗЕҢ – «ЕЛБАСЫ ЖҮРІП ӨТКЕН ДАРА ЖОЛ»
1 КЕЗЕҢ «ЕРЕКШЕ СҰРАҚТАР» ұяшықтарда сұрақ болады, сұрақтар ұяшықтардағы атауларына байланысты. Мәселен, «О, спорт» атты ұяшықта СПОРТ жайлы айтылады. Әр топ ұяшықтардағы сұрақтарды таңдайды, жауап берген жағдайда 50 ұпай қосылады.
1-жүргізуші: Біздің Президентіміз –Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев .
Мемлекет басқару ісі – машақатты да, мәртебелі міндет.
Басшы басқарған ел – ең бай мемлекет, халқы ең бақытты халық.
Тәуелсіздігімізді алғаннан соң халықтың басын біріктіріп Н.Ә.Назарбаев тұңғыш елбасы болды. Елбасының бастауымен менің Отаным әлемге танылды. Елім елдігін көрсетті, ерлігін танытты. Қазақ халқы егемендігін алып, Тәуелсіздікке қол жеткізгенде өз алдымызға ел бола алатындығымызға күмәнданған жандар да болған екен. Бірақ ар-намысты ту еткен Елбасымыз бен үкімет басындағы ел үшін еңбек еткен ағаларымыздың аянбай еңбек етуі осы нұрлы күндерге жеткізді.
2-жүргізуші: Елі құрмет тұтқан, Елағамыз,
Ел үшін еңбек еткен Елбасымыз- Н.Ә.Назарбаевтың өмір жолына шолу жасайық.
«Ерекше сұрақтар»
Нұрсұлтанның балалық және жастық шағы ұзаққа созылған жоқ. Мектепті бітіріп, 18-ге таяған Нұрсұлтан өз қатарластарының арасында терең білімімен, ой-өрісінің кеңдігімен ерекше көзге түсті. Тынымсыз еңбек, спортпен жүйелі айналысу оны тығыншықтай етіп, шыңдап шығарды. Ол құрбы-құрдастарына қарағанда әлдеқайда ересек сияқты көрінетін.
Елбасының сүйікті және мектепте жүргенде айналысқан спорт түрі?
Нұрсұлтанның ерекшелеген басты нәрсе – пікір айтудағы және әрекет етудегі дербестік пен жетекшілікке тұрақты ұмтылыс еді. Ол құрбы-құрдастарымен алғаш танысқан сәттен бастап, тіл табысып кете беретін. Өз ортасының ұйтқысы және қоғамдық ұйымдастырушысы болды. Әзіл-қалжыңға бейім болды, әнді жақсы айтатын, елдің көңілінен шығып, өз ортасын тез үйіріп әкете білді.
Елбасының сүйікті әндерін ата.
«Жұлдызым», «Көзімнің қарасы», «Беу- айдай», «Сәулем-ай»
Сол кезде оның тағы бір қыры ашылып, прагматизмге қадам басты. Теміртаудағы металлургия комбинатының құрылысына комсомолдарды жинап жатқанын білген соң, Нұрсұлтан металлург болуға бел буды. Нұрсұлтан ертерек еңсесін тіктеп, өз ахуалын жақсартып, ата-анасына, туған-туыстарына материалдық тұрғыдан көмектескісі келді. Өйткені, ол отбасындағы үлкен ұл еді. Жас Назарбаев ауқымды құрылыста жаңа үлкен өмір басталатынын, алдан жеке мүмкіндіктер мол ашылатынын қапысыз сезінді. Ол өз өміріне, өз тағдырына өзі иелік етуге бел байлап, түбегейлі шешімге бекінді.
Теміртауға келген соң Украинаның қай қаласына металлург оқуына жіберілді?
1959 жылы Нұрсұлтан Назарбаев Кәсіподақтардың бүкілодақтық орталық кеңесі (ВЦСПС) ұйымдастырған жарыста жеңімпаз атанды. Сөйтіп, ол училище бітіргенде металлургтің қиын да күрделі мамандығын игеріп қана қоймай, табандылығы мен қайсарлығы өзі таңдаған мамандық бойынша барлық пәнді үздік игеруге жол ашты. Сондай-ақ, жас Назарбаев оқу бітіретін кездегі біліктілік емтихандарынан үздік баға алып, «домна пешінің сегізінші разрядты екінші горновойы» куәлігін иеленді.
Елбасы қай елдің спорт шебері болды?
Үшқоңырға жер аударылған әкесімен бірге келген Әлжан Әбішпен танысады. Ауыл арасында ән салу мен суырыпсалмалық өнерден оның алдына түсетін ешкім жоқ еді. Жарқын жүзді Әлжан үлкенді құрметтеуге, сыйлауға баулыды, оның ұлттық дәстүрлерге, ән-жырларға, салт-ғұрыптарға құштарлығын оятты. Әлжан 1977 жылы қайтыс болды.
Әлжан Елбасыға кім болып келеді?
Елбасының Нұр-Сұлтан қаласының ең жақсы көретін жерлерін атап бер.
«Жақсы көретін жерлерім көп. Әсіресе, «Бәйтерек» және оның айналасы ұнайды. Бір жағында Сыртқы істер министрлігі, екінші жағында Қорғаныс министрлігі. Ортасында тұрғын үй алабы және желек жолы. Бұл менің ең жақсы көретін жерім. Маған сол жерлерге барып тұрған ұнайды», - деді
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев патриоттық рухтағы кино түсірудің өзектілігіне тоқталды. Бүгін Алматыда Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы президенті Ермек Аманшаевпен кездесу барысында Президент Қазақ хандығының түрлі тарихи кезеңдеріне және сол заманның айтулы тұлғаларына арналған кинолар түсірілу керектігі жайында қадап айтты.
Елбасының сүйікті киноларын ата.
2 КЕЗЕҢ «ӨЛЕҢМЕН ӨРІЛГЕН ЕЛІМ» ұяшықтарда ӘНДЕР болады. Әр топ ұяшықтардағы әндерді таңдайды, жауап берген жағдайда 20 ұпай қосылады.
3 КЕЗЕҢ – «МЕНІ ТАНИСЫН БА?»
Бұл кезеңде республикамыздың белгілі қалалары туралы мәлімет беріледі, сол қалаларды дұрыс тапса 30 ұпай
4 КЕЗЕҢ – «ЕЛБАСЫ ЖҮРІП ӨТКЕН ДАРА ЖОЛ» (алдымен видео көру)
Ұпай ең көп топ жолды таңдайды. Жолдар: 1-4 ( әр сұраққа 10 ұпай); 1-3 (әр сұраққа 20 ұпайдан); 1-2 (әр сқраққа 30 ұпай) аралығында болады.
«Елбасы жүріп өткен дара жолы»
1-4 жолды таңдау
1998 жылы 10 - маусымда ресми тұсау кесері болды. Қала Есіл өзенінің оң жағалауында Сарыарқаның солтүстік бөлігінде орналасқан.
Қала атауы? (Ақмола)
Көтереді шаңырақ Астанам асқақ,
Жаңарып қалам, жасарып далам!
Басыңнан серпі бодандық жүгін,
Кетпейді ойдан Отандық ұғым.
Арыстан жүрек, айбынды елім,
Таниды сені бар әлем бүгін.
2006 жылы 7 - қаңтарда әнұран қабылданды.
Егемен елім әнұраны жанарды,
“қандай ән өзгертілді” және жер жүзіне таралды. (Менің Қазақстаным)
1991 жылы 1 - желтоқсанда республика жұртшылығы үшін қандай тарихи сәт болды?
(тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республикамыздың Президенті етіп сайланды)
Қандай мемлекеттерде президент күндері аталып өтеді?
(АҚШ, Ұлыбритания, Исландия, Нидерланды)
1-3 жолды таңдау
Қай жылдан бастап Тұңғыш Президент күні аталып өтіп жатыр? (2012ж 1 желтоқсан)
Ол Қазақстан Үкіметін басқарғанда неше жаста болды. Осылайша оның саяси өмірбаяны басталады. (44 жаста)
Елбасы үлкен саясаткер болуымен қатар жан - жақты дамыған тұлға, барлық қазақ азаматтары сияқты жылқыны жақсы көреді. Сондай - ақ өнерге де көп көңіл бөлетін адам. Ол кісінің қандай әндері бар. Бұл әндердің сөзі Н. Әбішұлыныкі екенін біз мақтанышпен айтамыз.
(Ол кісінің «Елім менің» және «Үшқоңыр» әндері бар.)
1-2 жолды таңдау
Қай жылы қай күні ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы заң қабылданды? (2000 жылы 20 шілде)
Президент Нұрсұлтан Әбішұлы қандай саяси және экономикалық бастамалардың авторы?
(ЕҚЫҰ саммиті, Әлемдік және дәстүрлік діндер көшбасшыларының съезі, ЕЭО, Сириядағы жағдайды реттеу
«Қорытынды сөзімді жас ұрпаққа, Қазақстан жастарына арнасам деймін. Сіздер егемен Қазақстанда өмір сүріп жатқан азаматтардың бірінші ұрпағысыздар. Сондықтан да сіздердің алдарыңызда іске асырудың біз қол жеткізбек болған болашақты өздеріңіз бен балаларыңыз үшін өз қолдарыңызбен орнатудың шексіз мүмкіндіктері ашылып тұр. Ендеше Қазақстанның болашағы сіздердің қолдарыңызда».
2-жүргізуші: «Қазақстан – бақытты ел, Президенті танымды, халқы қарымды, досы көп ел екенін де мақтан тұтамыз. Ел тарихын тұлғалар жасайды. Тұлға – елдің тұғыры, Тұлға – елдің тұтқасы. Біздің Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев осындай тұлға!