Мақсаты:
қазіргі кездегі баланың дамуына, жеке тұлға болып қалыптасуына ата-ана тәрбиесінің әдіс-тәсілдерін жетілдіре отырып, қарым-қатынас орнату;
ата-ананың бала өміріндегі орны мен рөлі туралы ой түрткі салу, өз баласын жақсы тану, көмек және кеңес беру мақсатында ата-аналардың педагогикалық-психологиялық білімін көтеру;
ата-ананың бала тәрбиесіндегі негізгі тұлға екеніне көз жеткізу;
баланың бойындағы жағымды қасиеттерді дамытып, жағымсыз қасиеттерден арылуға, ата-анамен қарым-қатынасын жақсартуға көмектесу;
ата-ананың жауапкершілігін күшейтуге көмектесу;
Қолданылатын дереккөздер: АКТ, презентациялық материалдар, музыкалық қобдиша тапсырмаларымен, қиынды әріптер, маркер,көрініске қажетті реквизиттер т.б.
Әдіс-тәсілдер: пікір алмасу, сұрақ-жауап, топтастыру стратегиясы, психологиялық жаттығулар, постер қорғау, талдау, салыстыру, ой жинақтау, кері байланыс.
Құрметті оқушылар және бүгінгі сайысымызға қатысып отырған қонақтар, сайысымызды бастамас бұрын мен бір сұраққа жауап алғым келіп тұр. Жалпы баланың жеке тұлға болып қалыптасуын, оның жан-жақты тәрбиелі болып шығуы үшін кімдердің ықпалы қажет деп ойлайсыз?
Бүгінгі сайыс кезеңдері:
Таныстыру
Өз өнерлерін көрсету
Үй тапсырмасы / тәрб. мәні бар көрініс/
Сұрақ-жауап
Тапсырма
Қорытынды
Сайыс кезеңдерімен таныс болсақ. Бүгінгі сайыстың әділ бағасын берер әділқазылар алқасымен таныс болайық&
Мектеп директоры: Абдикалыкова Т.С.
Технология пәні мұғалімі Бедельбекова Б.Н.
Жас маман Кабижанова С.Қ.
Таныстыру кезеңінде 4 топ өздерін таныстырады.
1-топ. Ынтымақ тобы. Өлеңмен таныстырды
2-топ. Күншуақ тобы.Өлеңмен таныстырды
3-топ. Қыпшақ тобы.Өлеңмен таныстырды
4-топ. Бірлік тобыӨлеңмен таныстырды
Өз өнерлерін көрсету
1-топ. Ынтымақ тобы. Клипімен, ән «Бәйтерек»
2-топ. Күншуақ тобы. «Ана» туралы ән
3-топ. Қыпшақ тобы.Заманауи би
4-топ. Бірлік тобыЗаманауи би
Үй тапсырмасы / тәрб. мәні бар көрініс/
1-топ. Ынтымақ тобы. Ата-анаға құрмет көрсетпеген адам, өзі де сондай жағдайға...
2-топ. Күншуақ тобы. Бақта өскен екі түрлі тал қисық тал мен түзу ағаш
3-топ. Қыпшақ тобы.«Тастанды бала»
4-топ. Бірлік тобыАта-анаға құрмет көрсетпеген адам, өзі де сондай жағдайға...
IV. Ситуациялық сұрақтар. /музыкалық қобдишада жасырылған сұрақтар болады. Музыка әуені тоқтағанша сайыскерлер кезектестірі береді бір-біріне
Бала тәрбиесі жөнінде сұрақтар қойылады./
Сіз жұмыстан ашулы келдіңіз, балаңыз компьютер алдында отыр, үйдің іші жиналмаған, тамақ істелмеген, сіздің айтып кеткен тапсырмаңыз орындалмаған сіздің әрекетіңіз?
Сіз мектепте «жұлдыз» ауруына ұшыраған оқушыңыздың теріс қылықтарын көріп қайта-қайта ескерту жасадыңыз, ертеңіне оқушының анасы мектепке келіп үстіңізден прокуратураға шағымданатынын айтты. Сіздің әрекетіңіз?
Тоқсандық қорытынды бойынша сен бір сабақтан үшке шықтың делік. Сенің іс-әрекетің?
Бейнесұрақ
V. Тапсырмалар кезеңі:
1-тапсырма Әр қатысушы өзін таныстырып көршісіне дос ақылын айтып, жіпті қолына бір орап келесі адамға береді, ол адам тура осылай қайталайды. Барлығы орап болған соң қараңыздаршы мына жібіміз неге ұқсап тұр. Бұл адамдардың бір – бірімен қарым - қатынасы. Біздің мысалымызда бұл ата - ана, оқушы, мұғалім, үштігінің байланысы. Ал енді осы байланыс бір жерден босап шығып кететін болса, не болар еді? Қалай ойлайсыздар?
2-тапсырма Бейне тапсырма
3-тапсырма – ата-ана «Кінәлі сөздер» «Шуақты сөздер»
Кінәлі сөздер
Сенен ешқандай жақсылық шықпайды, нөлсің.
Неге сен басқа балалардай емессің?
Неменеге ұсқынсыз болып кеткенсің, шашың дудыраған, үстің кір-кір.
Тағы осылай істесең, менен таяқ жейтін боласың.
Сенің кесіріңнен өмірі жолымыз болмады.
«Шуақты сөздер»
«Сенің де қолын өмірде бір нәрсеге жететініне сенгім келеді. Оқу озаты немесе оқу екпіндісі боласың» — деп, үміт артуы керек.
«Сенің де басқалардан өзгеше болуыңа құқын бар, сенің де қолыңнан келеді» — деп, сенім артуы керек.
3.«Үстіңді ретке келтір, шашыңды тара, киіміңді ауыстыр » — деп, баланың өзін жақсы сезінуіне көмектесу керек.
4-тапсырма«Байлаулы бала» (тренинг):
Бір ата-ана ортаға шығады. Төмендегідей сұрақтар қойылады.
Сіз балаңызбен көл жағасына бардыңыз. Балаңыз суға қызыққаны соншалық суға қарай жүгіріп кетті. Сіз қалай тоқтатасыз? (аяғы байланады)
Қарасаңыз балаңыз адамдардың тастап кеткен темекінің тұқылын жинап алып, сонымен ойнап отыр. Сіздің әрекетіңіз? (қолы байланады)
Жұмыстан шаршап келсеңіз бала теледидардан атыс-шабыс, бір сөзбен айтқанда өз деңгейіне келмейтін кино көріп отыр. Сіздің әрекетіңіз? (көзі байланады)
Балаңыз басқа ұлттың қызын ұнатты. Бірақ сіздің қалауыңыз ол емес еді. Сіздің әрекетіңіз? (кеудесі байланады)
Балаңыз досымен келіспей қалды да, жаман сөздермен сыбағасын берді. Сіздің айтар сөзіңіз? (аузы байланады)
Міне, баламыз қандай күйге түсті, құрметті ата-ана. Мұндай күйге түспес үшін баламызға неге болмайтынын, «өйткені» сөзін қолдана отырып түсіндіруіміз керек. Сонда ғана сіз бала тәрбиесінде мақсатыңызға жете аласыз.
Барлық командамен әріптер ойнату
Ең асыл жан /ана/
Әкеңіздің анасы сізге /әже/
Сізден үлкен бауырыңыз сізге /аға/
Тұсау кесер жіп қандай болады /ала/
Асқар таудай жан /әке/
Анаңыздың әкесі сізге /ата/
Бал жинайды /ара/
Бетке жағады /опа/
сіздің кіші бауырыңыз сізге /іні/
Әділ төрелігін айтады /сот/
Футболдың басты құралы /доп/
Ас атасы /нан/
Математика пәні сабағында қолданатын дәптер түрі /тор/
.... мұраты жету /жол/
Қаламды немен ұстайсыз /қол/
Қозғалыс мүшесі /аяқ/
Барлық командамен мақал жасырып ойнату
Әке бәйтерек, бала жапырақ
Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер
Жақсы әке жаман балаға 40 жыл азық
Ананың көңілі балада, баланың көңілі далада
Қорытынды
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев «Сіздер мен біздер тек болашақ буынды ғана емес жалпы адамзаттық қадір-қасиеттердің мән- маңызын түсінетін жаны да, тәні де таза білімді патриот азаматтар буынын тәрбиелеуге міндеттіміз» дейді.
Сіздерге айтар түйін сөзім:
Өмір — өзен тасқындап жататұғын,
Тағдыр — кеме, бұлғаққа салатұғын
Адамдар көп әркімнің сөзіне еріп
Бастауынан адасып қалатұғын.
- Көрер қызықтарымыз мол болсын! -дей келе бүгінгі «Оқушы – ұстаз – ата-ана – үштік одақ ынтымақтастығы» атты таным-тренинг сабағымыз аяқталды.