"Ақмола облысы білім басқармасының  Целиноград ауданы бойынша  білім бөлімі  Қажымұқан ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі  
Коммунальное государственное учреждение  "Средняя общеобразовательная школа села Кажымукан" отдела образования Целиноградского района  управления образования Акмолинской области

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Баланың бас ұстазы–ана» ата -аналар жиналысы.

20.01.2020

                               Ата-аналар жиналысы
Тақырыбы: «Баланың бас ұстазы ата –ана»
Мақсаты:
1. Ата - ананың өмірге деген көзқарасын өзгерту.
2. Ата - аналарды балаларға жауапкершілікпен қарауға шақыру.
3. Баланың бүгінгі істеген қадамы ертеңгі тұлға ретінде қалыптасуына үлкен әсер ететінін атап өту.
Міндеті:
1. Балаларды адамгершілікке тәрбиелеудегі ата - ананың жауапкершілігі.
2. Мектепте ата - ананың оқу - тәрбие саласындағы рөлі.
3. Алдағы уақытта оқушыларды тәрбиелеуде мұғалім мен ата - ананың бірігіп жұмыс жасауы.
Керекті құралдар: Үлестірмелі қима қағаз,
Әдіс - тәсілдер: Пікірлесу, сұрақ - жауап


Күн тәртібінде:

Оқушылардың ІI тоқсан бойынша қорытынды бағаларын, оқушылардың пәндерге ынтасы мен қызығушылығын мәлімдеу.
Балалардың жетістіктері туралы ата-аналарға хабарлау.
Баяндама «Интернеттің зияны»
Әр түрлі сұрақтар

І Ұйымдастыру кезеңі

а) Сәлемдесу

б) Ата -аналармен тренинг   «Бала жүрегі баршамызға аманат»

в) Оқушылармен тренинг «Қос менің бәйтерегім...»
II Кіріспе бөлім: «Қызығушылықты ояту»

а) Ата-аналарға сауалнама  «Мен баламды жақсы білемін бе?»

б) «Бүгінгі күн тәртінде қозғалатын ойлар»
Ұлағатты ұстаздар, ардақты ата - аналар! Жел бесіктен, жер бесікке дейінгі адам өміріндегі тәрбиенің ұйытқысы ата - ана мен мектеп. Болашақ десек те, келешек десе де бала - ұрпақ деген мағынаны білдіреді.
Адамның өзге тіршілік иесінен айырмашылығы – дүниеге перзент әкелген соң, оның болашағын ойлау, адам етіп тәрбиелеу.
Бала тәрбиесі – бір отбасының ғана емес, бүкіл қоғамның мемлекеттік абыройлы міндеті. Кезінде Әл Фараби бабамыз «Ғылым емес, ең алдымен тәрбиеге көңіл бөлу керек, тәрбиесіз адамға ғылым баянды болмайды» - демеп пе еді. Осыған орай бүкіл ата - ана тәрбиеге бет бұруы керек. Ұрпақ тәрбиесіне мүдделі екендігін ата - аналар іс - жүзінде дәлелдеп отырулары тиіс. Міне осындай ынтымақ бірлігінде ғана ойдағыдай нәтиже берері ақиқат.

Ата-аналарға сауалнама  «Мен баламды жақсы білемін бе?»
III Негізгі бөлім:

Оқушылардың ІI тоқсан бойынша қорытынды бағаларын, оқушылардың пәндерге ынтасы мен қызығушылығын мәлімдеу.Балалардың жетістіктері туралы ата-аналарға хабарлау.

Баяндама «Әлеуметтік желінің зияны»

IV Қорытынды бөлім:
   Құрметті ата - аналар ұлтымыздың қанындағы ізеттілік – дөрекілікке, қайырымдылық - қатыгездікке, жомарттық - тоғышарлыққа, адалдық - арамдыққа, парасаттылық - парықсыздыққа ауыспасын деген үлкен үміт тұр.
  Өмірдің өтпелі қиын кезеңінде ұл - қыздарымыздың саналы тәрбие мен нақты білім алуларына күш салайық. Балаға жауапкершілікпен қарап, оқыту мен адамгершілікке тәрбиелеуде отбасының басым рөлін мойындап, бірлесе, ынтымақтаса әрекет етуіміз қажет деп бүгінгі жиналысымызды аяқтағалы отырмыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотров: 1376


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст