"Ақмола облысы білім басқармасының  Целиноград ауданы бойынша  білім бөлімі  Қажымұқан ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі  
Коммунальное государственное учреждение  "Средняя общеобразовательная школа села Кажымукан" отдела образования Целиноградского района  управления образования Акмолинской области

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен шығармашылық есеп

20.01.2020

Қажымұқан ауылы

№4 негізгі мектебі

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен

шығармашылық есеп

2019-2020 оқу жылы бойынша 6,9,7 –сыныптарға қазақ тілі мен әдебиетінен сабақ беремін.

Әр тоқсан бойынша бөлім бойынша жиынтық бағалау, тоқсандық жиынтық бағалаулар алынып, жинақталды.

Тілдің қоғамдағы орны қазақ тілінің  мемлекеттік тіл екендігін оқушы бойына сіңіру, тілдің мәртебесін көтеру, оны ата-баба аманаты деп қабылдап, көздің қарашығындай қорғауға, сақтауға тәрбиелеу мақсатында Тілдер мерекесіне арналған «Тілім-мәртем» тақырыбында онкүндік ұйымдастырылды.

5 қыркүйек  Ахмет Байтұрсынұлының  туған күніне орай,  «Тілім-мәртебем» атты мектепішілік мерекелік іс-шара өткізілді.

Іс-шара барысында Ахмет Байтұрсынұлының өмірі шығармашылығы, естеліктері, ғылыми еңбектері мен әдеби мұралары туралы көптеген мәліметтер берілді. Мерекелік шара  тіл мамандарының жетекшілігімен жоғары деңгейде ұйымдастырылды.

          5-9 сыныптар аралығында  «Менің тілім-менің мақтанышым» атты шығарма байқауы ұйымдастырылды. Оған барлық сыныптың оқушылары белсене қатысты,  ең таңдаулы деген шығармалар «Шамшырақ» мектепішілік газетінде  жарияланды. Оқушылардың жазған шығармаларынан тілге деген патриоттық сезімі мен туған халқының асыл мұрасына деген ыстық ықыластары мен ілтипаттары көрініс тапқан.

 «Біржан сал-өңір мақтанышы» атты  дөңгелек үстел ұйымдастырдым. Дөңгелек үстелдің жақсы деңгейде өтуіне ат салысқан белсенді оқушылар мадақталды.

           «Ахмет Байтұрсынұлы-қазақ әліпбиінің негізін қалаушы» атты танымдық тәрбие сағатын өткіздім.

Қыркүйек айында аудандық «Фариза» оқулары өткізіліп, мектебімізден оқушылар қатысып жүлделі орындармен марапатталып келді.

          Қараша айының 29-ында аудандық «Сәкен» оқулары ұйымдастырылып, Жұмабек Ержігіт  жүлделі ІІІ орынмен марапатталса, Құстаев Алмас белсенді қатысқаны үшін марапатталып келді.

22 қарашада Республикалық «Фариза»  оқуларына Сайлау Салтанат қатысып, жүлделі І орынмен марапатталып келді.

Желтоқсан айындағы аудандық пән олимпиадасына 9-сынып оқушысы Сайлау Сәли қатысып, І орын иеленді.

         

                                                                    Пән мұғалімі:  Бейлхан Ағи

 

Просмотров: 471


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст