Снюстан сақ болайық!
Снюс-бұл ылғалды темекі. Ол ауыз қуысы арқылы қабылданады, онда темекінің дәмі мен исі бар. Бірақ әртүрлі қош иістерімен, атап айтқанда жалбыз, гүл, жеміс, өсімдік және басқа түрлері бар.
Елімізде снюс деп аталатын шайнайтын шылымды сатуға тыйым салынды, деп хабарлайды Atameken Business. Жандарбек Бекшиннің айтуынша, бүгіннен бастап құрамында нормадан көп никотины бар кез-келген тауарды пайдалануға, таратуға уақытша шектеу қойылды. Оған себеп Солтүстік Қазақстанда болған жағдай. Ата-ана баласының аталмыш тауарға әуесқойлығын байқап, шағым түсірген. Айта кетсем, түтінді шылымда 1,5 милиграм никотин болса, снюстың құрамында оның мөлшері 250 милиграмға дейін бары анықталған. Бұл мөлшерден 100 есе көп. Өнім Қазақстанға көбінесе Ресей, Швеция, Үндістан сынды мемлекттерден тасымалданады.
Снюс жайлы педкеңесте мұғалімдер мен сынып жетекшілерге хабарлана отырып, оқушылар мен ата-аналарға арнайы жиналыстар ұйымдастырып, түсіндіру және алдын-алу іс-шарасын өткізу жөнінде тәрбие ісінің меңгерушісі Гүлнәз Ғалымбековна өз баяндамасында айтып өтті.
Бүгінгі таңдағы жас өспірімдерді алаңдатып, жетегіне ертетін қоғамдық індеттерден сақ болайық!
Бейлхан Ағи