Ғажайып
химия ( Сыныптан тыс сабақ )
Қажымұқан ауылы, №4 негізгі
мектебі
Сабақ тақырыбы: Ғажайып химия
Сабақ мақсаты:
• Химия пәнін өмірмен байланыстыра отырып
қызығушылығын арттыру. Оқушылардың пәнге ынтасын, қабілетін дамыту.
• логикалық сұрақтар, көпшілік алдында сөз сөйлеу
мәнерін, теориялық алған білімдерін тәжірибе жүзінде көрсету арқылы сыни ойлау
дағдысын қалыптастыру.
• білімділік пен дамытушылықты байланыстыра отырып,
жылдамдыққа, ұқыптылыққа, тазалыққа, адамгершілікке, ізгілікке, үлкенді сыйлай
білуге дағдыландыру
Сабақ түрі: Ойын сабақ
Сабақ кезеңдері
“Жаратылыстану ғылымына саяхат”
Оқушылар
екі топқа бөлінеді ( конфет тарату арқылы)
І кезең
1 – топқа
1. Алғашқы көмекке
пайдаланылатын бейметалл?
( иод)
2. Ең жеңіл металл
( литий)
3. Иодты қай жылы,
кім ашты?
( 1811 ж. Крутуа)
4. Отынның жануы
қандай құбылыс?
( химиялық)
5. Тұз қышқылының
формуласы
(HCI)
6. Фторды қай жылы,
кім ашты?
(1886ж. Муассан)
7. Сұйық металл
(сынап)
8.
Электртерістілігі ең төмен элемент
(Цезий)
9. Заттардың ең
ұсақ бөлшегі (атом, нейтрон)
10. Оң зарядталған ион (Катион)
2
– топқа
1. Гологендер орналасқан топ
(жеті топ)
2. Заттың химиялық бөлінбейтін бөлшегі
(атом)
3. Хлорды қай жылы, кім ашты?
(1774 ж. Шееле)
4. Қышқылдармен де, негіздермен де әрекеттесетін
гидроксидтер
( амфотерлі)
5. Бірінші рет сутекті таза күйінде алған кім?
(Г. Кавендиш)
6. Сөндірілмеген әк
( кальций оксиді)
7. Суда еритін негіздер қалай аталады?
(сілтілер)
8. Электртерістігі ең жоғары элемент
(Фтор)
9. Заттардың ең ұсақ бөлшегі (атом, нейтрон)
10. Домбыраның ішегін аңыз бойынша үзген металл
(қорғасын – Pb)
ІІ. кезең «Қызықты жазулар»
Басқатырғы
Бос тор көздерге элементтердің аттарын жазыңдар.
ІІІ-кезең
Үстел үстінде атқылаған «вулкан» ( қысқа тәжірибе)
1) Бағдаршам
2) Атқылаған
вулкан
3) Нанның
құрамындағы крахмалдың бар екенін анықтау
4) Көмірқышқылының
жануы ( перекиь+марганцовка )
5) Көмірқышқылының
отты сөндіруі
Вулканның атқылауы
жөніндегі мәліметтер география сабағынан белгілі. Сол туралы оқушылар қысқа
айтып өтеді.
ІV-кезең
Берілген өлең
жолдарынан реакция теңдеулерін табу керек:
1 топ 2 топ
Фосфор жақсаң будақтап, Су бетінде безектеп,
Ақ түтінін түзеді, Металл натрий жүзеді.
Ақ түтінді су сорып, Ең соңында жоқ болып,
Қандай қосылыс түзеді. Қандай қосылыс түзеді.
Жауабы:
1
топ 2 топ
4Р
+ 5О2→ 5Р2О5
2Nа + 2H2O → 2NaOH + H2↑
Р2О5
+ 3Н2О → 2Н3РО4
V-кезең.
1. Шыдасаң да алты күн ассыз мүлде,
Шыдау қиын бұл затсыз екі күнге. (су –H2O)
2. Ұн тағамдарына
нан илеу үшін не болмаса торт, тәтті тағамдар пісіру үшін қопсытқыш ретінде
қолданатын тұрмыстық зат? (ас содасы)
3. Ол көп мөлшерде
суды зарарсыздандыруға және ағартқыштар, дәрі – дәрмектер, еріткіштер алу үшін
қолданылады. Бірінші дүниежүзілік соғыста 1915 жылы оны Германия тұншықтырғыш
улы зат ретінде қолданған. Бұл қай зат? (Хлор)
4. «Егер сіз өз
өлкеңіздің табиғатын бақылайтын болсаңыз не істер едіңіз?» тақырыбына қысқа әрі
нұсқа ғылыми негізделген жауап қайтару керек
Қорытынды: жинаған ұпай сандары бойынша топ
марапатталады.
Жүргізуші. Оқушылардың білімдері сыналып,
жеңімпаздар анықталды. Алдағы уақытта жоғары дәрежеде көрініп, алда жүре
берулеріне тілек айтып, Мұзафар Әлімбаев ағамыздың мына бір өлең жолдарымен
сабақты аяқтаймыз.
Туған
жерді сүю – парыз,
Сүю
үшін білу – парыз.
Қасиетін
ұғу – парыз
Күзетінде
тұру – парыз.