"Ақмола облысы білім басқармасының  Целиноград ауданы бойынша  білім бөлімі  Қажымұқан ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі  
Коммунальное государственное учреждение  "Средняя общеобразовательная школа села Кажымукан" отдела образования Целиноградского района  управления образования Акмолинской области

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

01.02.2018

Күні: 6.12.2017

Пән: әдебиеттік оқу

Сынып: 3 «А»

Өткізген: Аким Қ.Е.

Сабақтың тақырыбы: «Желаяқ» С.Бердіқұлов

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Әңгіменің

мазмұны мен идеясын игерте отырып, Желаяқтың бейнесін жан - жақты ашу,

меңгерту;

Тәрбиелік: Желаяқ бейнесіне

тән қасиеттерді саралай талдата отырып, олардың көркем сөйлеу мен көркем жазу

шығармашылығын арттыру;

Дамытушылық: Оқушыларды

өз Отанын, туған елін сүйіп, құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілі: топпен жұмыс, аквариум әдісі, топтастыру, ой қозғау.

Көрнекілік: суреттер,

бағалау парақшалары, плакаттар.

Сабақтың барысы

І.Ұйымдастыру кезеңі

1.Сәлемдесу. Оқушыларды

түгендеу

2.Психологиялық дайындық

- Әр топ жетекшілері өз

тілектерін айтады

-Топ ережесімен таныстырып өту

Бағалау парақшаларын таратып

беру

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

Тест тапсырмалары арқылы

1.Қажымұқан бір топ палуанмен

бірге қандай қалаға келді?

А) Рим    Б) Америка    С)Жмеринск

2.Қажымұқан Цирк аренасына

қандай атпен шықты?

А) Иван     Б) Қара Иван     С) Палуан

3.Қажымұқан 75 пұт  жүк тиелген арбаны қалай әкеледі?

А) Тісімен сүйреп    Б) қолымен көтеріп   С) Беліне байлап

4. «Шөгу» деген қандай мағына

береді?

А) Түйенің жатуы    Б) түйе     

С) түйенің шайнандауы

5. Қырық шелек құйылған бөшкедегі

суды Қажымұқан қалай көтерді?

А) тісімен       Б) иығымен      С) қолымен

ІІІ. Жаңа сабақ

1.Кіріспе

-Балалар, адам бойындағы ең

бірінші байлық не?

-Денсаулық

-Деніміз сау болу үшін не

істеуіміз керек?

-Спортпен шұғылдану керек

-Спорт деген не?

-Спорт бұл-жүгірі,

секіру,шынығу т.б.

«Денсаулық» топтастыру

«Ой қозғау» стратегиясы. Сөзжұмбақ шешу

1.«Менің өмірім» шығармасында

кім туралы айтылған? (Жамбыл)

2.«Батырдың ұрпағы»

әңгімесіндегі басты кейіпкер? (Әлкей)

3.Әлкейдің батыр атасы.

(Олжабай)

4.Мемлекеттік қоғам қайраткері.

1916 жылғы Әулиеата уезіндегі ұлт-азаттық көтерілістің басшысы. (Тұрар)

5.Бұқар жырау қай жерде өмір

сүрген? (Баянауыл)

6.Ұлы ойшыл, атақты жырау

(Бұқар)

- Балалар сонымен «желаяқ» деген сөзді қалай

түсінесіңдер?

- Қатты жүгіретін,

жүгіруден алға шығатын, спортшы адам.

-Балалар Қазақстандық  спортшылардан кімдерді білесіңдер?

Видеоролик «Желаяқ»

2. Мағынаны тану.

-Олай болса, бүгін біз

Сейдахмет Бердіқұловтың «Желаяқ» әңгімесінен

атақты спортшы, желаяқ баладан жан жетпес дараға айналған, перзент атанған Ғұсман

Қосановпен танысамыз

Автор туралы мағлұмат беру

Сейдахмет Бердіқұлов 1932 жылы

Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Қара - Қастек деген жерде дүниеге келген екен. Ол

«Лениншіл жас» газетінде редактор болған. Оның көптеген әңгімелері, повестері

испан, венгр, польша тілдеріне аударылған. Ол 1994 жылы дүниеден озған.

«Аквариум» әдісі.

Мәтінді 3 бөлікке бөліп беру.Топ ішінде өзара талдау. Әр топтан 1 оқушы шығып,

өзіне бірлген бөлігін айтып береді.

Сергіту сәті

3.Жаңа сабақты бекіту

«Топпен жұмыс»

1-топ:  Мәтін бойынша сұрақтар дайындау

2-топ: Эссе

3-топ: Сурет салу

ІҮ. Қорытынды

«Сандықшалар дайындау»

-Сонымен балалар, бүгін біз

кімнің шығармасымен таныстық? Ол қалай аталады?

-Онда кім туралы айтылған?

-Ғұсманның күміс медалі

Отанымыз үшін несімен бағалы?

Ү. Үйге тапсырма. Желаяқ оқу, мазмұндау. Сөздіктерді дәптерлеріне жазуү Ғұсманның орнында

болсан не істеуші едің

ҮІ. Бағалау. Оқушыларды

бағалау парақшалары бойынша бағалау

 

 

Просмотров: 799


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст