"Ақмола облысы білім басқармасының  Целиноград ауданы бойынша  білім бөлімі  Қажымұқан ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі  
Коммунальное государственное учреждение  "Средняя общеобразовательная школа села Кажымукан" отдела образования Целиноградского района  управления образования Акмолинской области

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

09.01.2018

 

Тақырыбы: Шамалар

 

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің

аты-жөні:

2-сынып:

Қатысқандардың

саны:

Қатыспағандар-дың

саны:

Оқу мақсаттары

2.1.3.3. Шамалар мәндерін:   ұзындық (см, дм, м)/  масса (кг, ц)/ көлем (сыйымдылық): (л) /уақыт:

сағат, минут, тәулік, ай, жыл өлшем бірліктерін салыстыру және амалдар

орындау

Сабақтың мақсаттары

 

 

 

 

 

Барлық оқушылар:

• сағат бойынша уақытты анықтайды және берілген

уақыт бойынша сағат тілдерінің көмегімен оны циферблатта белгілейді.

Көпшілік оқушылар:

• тәуліктік диапазондағы жазбасы бойынша сағатта

уақытты белгілейді.

Кейбір оқушылар:

• дұрыс терминологияны сақтай отырып, тәуліктік

диапазондағы уақытты 12 сағаттық циферблаттағы уақытпен қиналмай салыстырады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар орындай алады:

• орындалатын амалдар мен ауызша санауды

түсіндіреді.

Пәндік лексика және

терминология.

12 сағаттық циферблат,  таң,

күн, кеш, түн.

Сабақта

диалог/жазу үшін пайдаланылатын сөйлемдер.

Талқылау.

Бұл тәуліктің қай мезгілінде болады?

Сағат көрсетіп тұрған уақытты айқында.

Жазу.

Тәулік мезгілдеріне бөлуді сақтай отырып, уақыт,

циферблатта сағат тілдерін салу.

Тірек білім

Жыл мезгілдерінің саны, жыл ішіндегі айлар саны,

ай ішіндегі күндер саны, тәуліктегі сағат саны.

Жоспар

Жоспарлан-ған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

 

 

0–3

 

 

 

Ынталандыру.

Психологиялық ахуал қалыптастыру:

«Көрші»

Мақсаты: әрбір қатысушының сол

топтың бір мүшесі екендігін сезінуі, бір-біріне жылылық сыйлау.

Нұсқаулық:

Көршіңді оң жақтан құшақта,

Көршіңді сол жақтан құшақта.

Оң жақтағы көршіңе бір жымиып,

Сол жақтағы көршіңе бір жымиып,

Бүгінгі тренинг барысы,

Біз үлкен отбасы.

 

Математика – толған тәртіп, мағына мен мән

Математика – толған тамаша

заңдылық, сән

Математика – толып жатқан терең

сыр

Шетсіз, шексіз дариядай бейне

бір.

 

Психологиялық дайындық. « Жаттығу сұрақтары»:

1. Қазақ алфавитінде неше әріп бар? (40әріп, 2 белгі, 42 әріп)

2. Математикада неше цифр бар? (10)

3. Велосипедпен жолда неше жастан бастап жүруге болады? (14)

4. «Миллион» санында неше нөл бар? (6)

5. Сабақтан неше рет қалуға болады? (ешқашан)


      «Білмеген ұят емес, үйренбеген ұят» деген сөздерді қалай түсінесіңдер?

–       Сендер

онымен келісесіңдер ме?

Топқа бөліну.

Бірінші топтың аты-«Білімділер»,топтың ұраны:«Білім  басқа бітеді,қына тасқа

бітеді»

 

Екінші топтың аты-«Алғырлар»,топтың ұраны: «Оқу-инемен құдық қазғандай»

 

Үшінші топтың аты-«Тапқырлар»,топтың ұраны: «Оқыған-озар,оқымаған-тозар»

 

Сабақтың ұраны:«Алға

қарай самғаймыз,

                                 Қарсыластан қалмаймыз»

 

Үй жұмысын тексеру:4-есеп 39

бет

 

Бүгінгі біздің өтетін тақырыбымыз: «Шамалар»

Мақсаты: Мен шамалардың мәнін

салыстыруды және олармен амалдар орындауды үйренемін.

(Тақтаға сабақтың мақсаты ілінеді)

 

Мұғалімнің басшылығымен оқушылар өз өлкесінің

табиғаты, жылдың әр мезгілінде табиғаттың қалай өзгеретіні туралы сұхбат

жүргізеді. Мұғалім оқушылардан  жыл

мезгілдерінің теориялық түрде және нақты қандай айларда ауысатыны туралы не

білетіндерін сұрайды.

·        

Жүректің

соғуы,теңіз суының көтерілуі мен қайтуы,күннің шығуы мен батуы,жыл

мезгілдерінің алмасуы т.б.Осылардың бәрі белгілі бір уақыт аралығында

үздіксіз қайталанып отырады.Сағат-тәуліктің

ағымдағы уақытын анықтайтын,өлшейтін құрал. қалта сағаттары;

·        

қол сағаттар;

·        

күйме сағаттары;

·        

үстелге қоятын сағаттар;

·        

қабырға сағаттары;

·        

жерде тұратын сағаттар;

·        

мұнаралы сағаттар.

Өлшемдер тетiк бойынша:

·        

күн сағаттары;

·        

жалынды сағаттар;

·        

құмсағаттар;

·        

сағаттар су перiлерi;

·        

механикалық сағаттар;

·        

камертон сағаттары;

·        

кварц сағаттары;

·        

электрондық сағаттар;

·        

астрономиялық сағаттар;

·        

атом сағаттары.

Құм сағат

Қытай су сағаты

Қоңыраулы үстел сағаты

Мұнаралы сағат

Қабырға сағаты

-Ендеше,ізденгіш,ойшыл,ақылды,тапқыр оқушыларым сендерге мынадай жарнама

айтқым келеді.Елімізде 1 минутта:

16 теледидар

11 тоңазытқыш

13 кір жуғыш машина

12 велосипед

18 радио

80сағат  жасалынып шығарылады екен.Ал

сендер математика сабағының 40 минутында неше тапсырма орындай алар

екенсіңдер?Байқайық.

Сөздерді үш тілде айту(сағат-часы-клок),

(күн-день-сан),(жыл-год-ие),(ай-месяц-манс)

«Сағат бойынша

достар»ойыны


Үш топтан үш бала сағат тілі бойынша өзінің достарының атын жазып шығады

 

 

 

 

 

 

Топтың аттары жазылған қағаздар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сағат модельдері

 

4–6

 

Өзектендіру.

Оқулықтағы

1-тапсырма жұптасып орындалады.Практикалық жұмыс.Табиғат суреттеріне қарап,

циферблатта тәулік уақытын көрсетіңдер.Әр оқушыға сағат тілдерін орналастыру

үшін қағаздан қиылған сағат суреті беріледі.

Оқулық.

 

 

 

7-11

 

Мақсат қою (проблемалық

жағдай).

Оқулықтағы

2-тапсырманы оқушылар топпен орындайды. Егер минут тілі жарты сағат шегінен

(30 минутқа сәйкес келетін 6 саны) асып кетсе, толық сағатқа неше минут

қалғанын айту қолайлы ма? Жазбада көрсетілген деректерді тілдердің циферблатта

орналасуымен салыстырып, бос орындарды толтырады. Бұл тапсырма уақытты өмірде

қолданылатын терминология арқылы анықтау, 12 сағаттық циферблаты бар сағатты

пайдаланған кезде тәулік мезгілін нақтылау дағдысын қалыптастыруға ықпал

етеді.

Оқулық.

Сабақтың презентация-сы қолданы-лады.

 

 

12–29

 

Өзіндік

жұмыс

Дәптердегі

1-тапсырмада сағаттың тілдерін толықтырып салу қажет.

Дәптердегі

2-тапсырмада оқушылар бос орындарды толтырады.

Қиындықтарды түзету.      

Бұл тапсырмалар оқушылардың тәуліктік диапазонда уақыт жазбасын 12

сағаттық циферблатта көрсетілгенімен салыстыру білігінің қалыптасуын тексеру

үшін қолданылды. Тапсырманы орындай алмаған оқушылардың білігін түзету үшін

мұғалім тапсырманы дұрыс орындаған оқушылардан тапсырманы орындаған кезде

олардың қандай білімді басшылыққа алғанын түсіндіруді сұрай алады (күндізгі

сағат 12-ден кейін әрбір сағатқа 12 қосылады, демек, ретімен санауға болады:

12 сағат – талтүс, күндізгі 13.00 сағат – 

1 сағат , 14.00 сағат  –

күндізгі 2 сағат және т.с.с.. 12 сағаттық циферблат бойынша тәулік уақытын

айту үшін бірден 12 санын қосуға болады немесе циферблатта қандай уақытты

көрсету керектігін білу үшін берілген тәулік уақытынан 12-ні азайтуға

болады).

2-тапсырмада кейбір оқушылар «16 сағатқа 15 минут қалды» деп айта алады.

Уақыт туралы

мақал-мәтелдер (Балалар білім тақтайшасына

топ болып мақал-мәтелдерді жазады)

·        

Уақыт тас екеш тасты да тоздырады.

·        

Елу жылда ел жаңа.

·        

Адамды заманы билейді.

·        

Уақыт керуеніне бөгет жоқ.

·        

Жасы бір құрдас емес, заманы бір

құрдас.

·        

Заманына қарай заңы, тоғайына қарай

аңы.

·        

Уақыттың бос өткені - өмірдің бос

кеткені.

·        

Жан жарасына уақыт емші.

·        

 

·        

Сергіту сәті «Бір,екі,үш» үш тілде айтылады

«Уақыт» туралы видеофильм көрсетіледі.

Дәптер.

 

 

 

30–40

 

Өтілген материалмен

жұмыс.

Дәптермен

жұмыс:

 Дәптердегі 3-тапсырманы оқушылар уақыт өлшем бірліктері қатынасын (1

тәулік = 24 сағат), (1 сағат = 60 минут) ескере отырып орындайды. Әдетте, осы

оқыту кезеңінде толық ондықтарды қосу (60мин +

20мин) қиындық туғызбайды.

6-тапсырма топпен орындалады

(13+22)+(40-30) = 45

(13+22)-(40-30)=25               

(33+4)+(25-5)=57

(33+4)-(25-5)=17

(17+12)+(50-30)=49

(17+12)-(50-30)=9

Қазақ халқының байырғы өлшем бірліктерінен нені білесіңдер?

Азық - түлікке қатысты: бір асым ет, бір уыс, бір шөкім, бір шымшым.

Саусақпен өлшенетін өлшемдер: елі, тұтам, сүйем, қарыс.

Қолмен өлшенетін өлшем бірліктері: білем, шынтақ, қолтық, құлаш, кере құлаш.

Ауырлық өлшемдері: мысқал (5г), қадақ (400г), пұт (16кг), қап (4пұт, 64кг)

Мұнан басқа көлем, тереңдік, аудан, бұйымдарға байланысты, аяқпен өлшенетін,

астың пісуіне байланысты өлшем, жыл мезгіліне байланысты өлшем бірлігі, мүшел

жас, жыл санау, ай аты, күндерді санау т. б өлшемдер бар.


 

 

 

41–45

 

Сабақты

бекіту мақсатында «Ыстық орындық»  айдары өткізіледі.Оқушылар жылдам

сұрақтарға жауап беру арқылы өз білімдерін көрсетеді.

Жұмбақ

шешу

Жаңылмастан

жетеуі,

Кезек-кезек

қызмет етеді.     (Апта күндері)

Уақытты

өлшеп,санап,

Таппайды

бір тағат (Сағат)

Бағалау критерийі:

Өз қабілеттеріңді

мынадай өлшемдер бойынша бағала:

1 сағат =

60 минут және 1 тәулік = 24 сағат деген уақыт бірліктері қатынасын білемін.

Рим

цифрларын білемін және циферблатта оларды оқи аламын.

24

сағаттық есептеуде уақытты минутқа дейін дәлдікпен атай аламын.

Уақытты

әртүрліше тұжырымдай аламын.

Жетістіктер жолағы:

1 шеңбер –қызыл (білмеймін)

2-4

шеңбер-сары(білемін)

5-6

шеңбер-жасыл- (түсінемін)

7-8 шеңбер-көк-(түсінемін және қолдана аламын)

9-10

шеңбер-күлгін-(үйрете аламын)

Үйге

тапсырма:4-5 есеп 45 бет

Кері

байланыс: «Білім баспалдағы»арқылы

Оқушылар

өздерінің аттарын жазып,тиісті баспалдаққа стикерді жапсырады.

 

 

Просмотров: 377


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст