"Ақмола облысы білім басқармасының  Целиноград ауданы бойынша  білім бөлімі  Қажымұқан ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі  
Коммунальное государственное учреждение  "Средняя общеобразовательная школа села Кажымукан" отдела образования Целиноградского района  управления образования Акмолинской области

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

27.12.2017

Тақырыбы: «Тәуелсіздік -  таң нұры!»

І

жүргізуші: Атыңнан айналайын егемен ел,

Тәуелсіз

күнің бүгін кенеле бер,

Мейрамың

құтты болсын, тәуелсіздік!

Ғасырдың

тойы болшы келе берер.

ІІжүргізуші:

Тәуелсіздік.

Тәуелсізбін

мен бүгін,

Келді,

міне азаттығым, теңдігім.

Бостандықта

байлығым мен ендігім,

Шешіл

енді шемен болған шерлі үнім!

Өзіңдікі

-Елің де,

Өзіңдікі

– Жерің де

 Өзіңдікі өзің еткен Бақ- Тәуелсіздік төріңде!

Қанатыңнан

қайрылып,

Қыр

-арқаңнан айрылып

Қонақ-

Тәуелсіздіктен, Қала көрме айрылып!

 : Мен – қазақпын, мың өліп, мың тірілген… Ж.

Молдағалиевтің осы өлең жолдары қазақ деген дана халықтың бүкіл болмысы мен

өмір жолын айғақтап бергендей: ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама, 30-жылдардағы

ашаршылық, 37- жылдардағы нәубет, 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан Соғысы,

желтоқсан көтерілісі: Тәуелсіздіктің құны міне осындай… І

І

жүргізуші: Шарықта, шарла көкті көк байрағым,

Арманым,

Азаттығым, көпке айғағым.

 Мен сенің салтанатты сағатыңа

Өлеңмен

алтын шашақ шоқ байладым.

 Ал самға, әлем кезіп,

Әнұраным

Қалықта Елтаңбасы- шаңырағым.

Туғун

жер әнімен алдарыңызға Еркежан қызымызды шақырамыз

 Дәурен: Мен қазақпын, бір биік белеспін мен,

Еуропада,

Азияда емеспін мен.

Аралықпын

жетінші материктей,

Бірақ

барша адаммен тең өстім мен.

 Мен қазақпын, биікпін, байтақ елмін,

 Қайта тудым, өмірге қайта келдім.

 Мен мың да бір тірілдім қайта өлмеске

Айта

бергім келеді, айта бергім.

 ІI жүргізуші: Бостандық! –деп аталатын асқақ

арман жолында қаншама қан төгілді, қаншама батыр мерт болды. Бұл арпалыс бір

күн, бір жыл, бір мезет емес, талай ғасырларға созылған. Осы арпалысты жай

тілмен тарих дейді. Ендеше тарих беттеріне тағы бір зер салайық.

I жүргізуші:

Қазақ халқы азаттық үшін талай қиындықты бастан кешірді. Бірақ ешқашан

мойымады, күресе білді. Азаттық таңы туатынына кәміл сенді. Енді осы кейбір

тарихи оқиғаларды еске түсіріп өтейік.

І

ж: 1723-1725 жылдар Ақтабан шұбырынды.

ІІ

ж: 1836-1838 жылдар Ішкі Бөкей ордасындағы көтеріліс.

І

ж: 1837-1847 жылдар Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс.

 ІІ ж: 1916 жылы Амангелді Иманов бастаған

ұлт-азаттық көтеріліс.

І

ж: 1932-1933 жылдар ашаршылық кезеңі.

ІІ ж: 1936-1938 жылдар

репрессия кезеңі.

 І ж: 1941-1945 жылдар Ұлы Отан соғысы.

ІІ

ж: 1986 жылы Желтоқсан оқиғасы.

 

 I жүргізуші: Озбырлық күшпен тұншығып, Үміттің

оты өшкен күн.

Жанына

таппай бір шындық,

 Ер Қайрат қыршын кеткен күн.

 Қайғы езіп, елдің еңсесін Жаншыды-ау жанын

батпан күн!

 

 I: Қазақ халқын дүниежүзіне танытқан 1986

жылғы  оқиғаның алғашқы құрбандары Қайрат

Рұсқұлбеков, Ләззат Асанова, Жансая Сабитова, Ербол Сыпатаевтарды ексе алып,

олардың рухына тағзым ету парызымыз. 1986 жылдың желтоқсаны бүкіл ұлтымыздың

жанын жаралап, жүрегіне ызғар шашып кетті, бостандық үшін өрімдей жап-жас

қыз-жігіттер құрбан болды. Біз әрдайым Қайраттың от жүрек үніне, қыздардың

намысын қорғаған ерлігіне, күнәсіз күйіп кеткен келбетіне бас иеміз.

 Желтоқсан құрбандарын еске алып, 1 минут

үнсіздік жариялаймыз.

Саурық:

Қасиетті Қазақстан, мекенім,

Ақиқаттың

алтын таңды бесігім .

 Елім, Жерім, Отаным, бақ- дәулетім,

Болашағым,

өнер-білім, өркенім.

Қазақстан,

қастерлі мәңгі дастаным,

 Сен менің арым, бағым, барымсың,

 Халқыма әр күн бейбіт болсын аспаның!

Желтоқсаннан

бастау алған теңдігі,

Қазағымның

өркендеді елдігі.

Құрбан

болған Тәуелсіздік жолында

 Ағалардың ұмытылмас ерлігі.

ІІ

жүргізуші: Тәуелсіздігіміз жарияланғаннан кейінгі аз уақытта өңіміз түгіл

түсімізге енбеген оқиғалар болды, сол жетістіктерді атап өтейікші.

І

жүргізуші: Желтоқсан оқиғасы- біздің тәуелсіздігімізді дүние жүзіне мойындатқан

күн. 1991 жылы 16-желтоқсан – ел тарихында кейінгі ұрпақ мәңгі қастерлеп,

ардақтап өтетін күн. 1991 жылы 1- желтоқсанда еліміздің түңғыш президенті

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды. 1991 жылы 29- тамызда Семей полигоны

жабылды. 1992 жылы 2- наурызда ҚР дүниежүзіндегі ең ықпалды және беделді

Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болды.

 ІІ жүргізуші: 1992 жылы 8- мамырда кең байтақ

елімізді қорғайтын қуатты Республика Ұланы құрылды. 1992 жылы 4- маусымда ҚР-ң

Жоғарғы Кеңесінің сессиясында еліміздің мемлекеттік рәміздері қабылданды. 1993

жылы 15- қарашада мемлекетіміздің ұлттық валютасы теңге айналымға енді.

ІІ

жүргізуші: Армандаған күнге де жеттік. Мемлекеттік егемендігімізді алып,

тәуелсіз ел болдық.

І

жүргізуші: Тәуелсіздіктің көк байрағы желбіреп, әнұран қабылданды. Қазақтың

жаңа астанасы бой көтергеннен бері 18 жылдың ішінде әлемді сүйсіндірді, сұлулығымен

таң қалдырды. Бас аяғы 26 жылдың ішінде Қазақстанды бүкіл әлем таныды.

оқушы: Қазақстан! Туды алтын дәуірің,

 Алғандайсың жұлдыздардың жарығын.

Алтын

заңың құтты болсын, қымбаттым,

Туған

күнің құтты болсын, алыбым!

IІІ

оқушы: Ұлан-байтақ жеріңді Бөтен ел таптамасын!

 Ешқандай жау аттамасын!

 Ие болып өзің туған жеріңе,

 Жер-ана қызмет етсін еліңе,

Атом

жарылмасын төріңе,

Ие

болып, қорғасақ,

Жетер

анық, өзіңдікі өзіңе.

 IVоқушы: Армандарды жақындатып тым алыс,

Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс. Егемендік- ел бақыты, ертеңі, О, халайық,

құтты болсын қуаныш!

Vоқушы:

Қазақстан қасиетті ұғым бұл, Ей, келешек, жан тәніңмен ұғын, біл. Он бір әріп

не мағына береді, Ал толғайық жеткенінше қызыл тіл. Т – білдіреді теңдікті, Ә —

әдептілік, әлдікті. У – уайымсыз уақытты, Е – егемендік елдікті Л – дейді лағып

лепірме С – сенімділік секілді ең, І – ілтипат пен ізет қой, З – зиялылық тілек

қой. Д – шақырады достыққа, К – дейді күн боп көктегі Көз алартпа, көршілерге

қол сұқпа.

 I оқушы: Далада думан, қалада думан жыр бүгін

Ғасыр бойы аңсайда күткен бұл күнім. Жасай бер, жаса Қалдырған бақыт бұлбұлым.

 Хормен: Жаса, Қазақстан!

оқушы: Жиырма жыл, жиырма жыл азаттық,

 Өзімізді құрсаудан да босаттық.

 Ақтадық біз ата-баба үмітін,

Қолда

қазір көк ту менен бостандық.

IІІ

оқушы: Туған жерім Қазақстан байтақ елім

 Туып өстім тәй бастым қастерледім

Туған

жердей жер болмас деген мақал

Еске

салар мәңгі сені аяулы елім

 Қастерлесең табынсаң думан елге

 Ардақты да мен деген бол азамат

Елім

жерім деген ер жігітке

 Тәуелсіз еліңді қыл аманат

 

IVоқушы

: 25 жыл, тәуелсізбін, дербеспін

 Күмәндана қоймас бүгін енді ешкім

Бодандығым

ғасырларға жалғасқан

 Қазір, міне артта қалды келмес күн

 Vоқушы: Тауелсіздік тұғыры ғой бұл елдің, 26

жасың құтты болсын нұр елім. 26 жылда шықтың талай белеске, Қазақстан жасай

берші гүл елім

 I оқушы: Әрқашан да мақтанамын жеріме,

Қазыналы, дархан, байтақ еліме. Ешбір қала тең келе алмас өзіңе, Тілеймін мен

бейбітшілік еліме.

І-жүргізуші:

Туған жерді сүю – парыз Сүю үшін білу – парыз Қасиетін ұғу – парыз 



Просмотров: 379


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст