Текст
Жарайсың, Рамазан!
Қажымұқан ауылы №4 негізгі мектебі толағай табыстарға толуда. Оған дәлел 5 «Ә» сынып оқушысы Жұмағазиев Рамазан мектебімізді бір саты болса да жоғары көтеріп тастады. Атап айтатын болсақ Рамазан жазғы демалыс уақытын босқа жібермей «Балапан» телеарнасының шақыртуымен «Қуыр, қуырмаш» бағдарламасының қысқа метражды киносына түсті. Оқу жылымыздың алғашқы қыркүйек айында «Балапан» телеарнасы 7 жасқа толуына байланысты Рамазан қызыл кілем үстімен жүріп өтіп, «Үздік актер» кубогын иеленді. Осындай оқушыларымызға әрқашанда сәттілік тілеп,биік шыңдардан көріне берулеріне тілектеспіз. Мектебіміздің абыройы асқақтай берсін. Жарайсың, Рамазан!