Білім көзі кітапта
Артық білім кітапта,
Ерінбей оқып, білуге!
Абай.
Кітапхана ғасырлар бойы келе жатқан биік парасаттылық пен білімділіктің киелі ордасы. Әсіресе оқырман мен кітап арасындағы алтын көпір.Қазіргі кезде адамдардың өскелең талаптарын қанағаттандыру, рухани байлығы мен жалпы қабілетін дамытуда кітапхананың үлесі зор.Соның ішінде мектеп кітапханасы тәрбие мен білім берудің ажырамас бөлігі болып табылады. Мектеп кітапханасы оқушыларға әдебиет таңдауға,оқырмандық қызығушылығын кеңейтуге,мұғалімге кәсіби өсуге көмектесуші,оқуға,дүниені тануға қозғау салушы. Соңғы кезде жаңа технологиялардың дамуына байланыстыкітап оқуға деген қызығушылық төмендеп кеткені байқалады.Оқушы
кітапханаға келгеннен гөрі дайын материалдарды интернеттен алғанды жеңіл санайды.Заманына байланысты бұл да дұрыс шығар. Алайда кітап оқу- рухани байлық.Кітап жан серігің,ақылшы, сырлас досың.Кітаптан ұлттық құндылықтарымызды,тарихымызды оқып білеміз.Ұлы тұлғалардың бәрі ұлылыққа кітап оқу арқылы жеткен.
Ата-аналардың барлығы да балаларының жолы болуын,қатарынан қалмауын,оны басқалар бағалап құрметтеуді қалайды.Бұған қол жеткізу үшін баланы жас күнінен ертегі тыңдауға, әріп танығаннан бастап әр түрлі қызықты ертегілер арқылы кітап оқуға үйрету керек.Көркем әдебиетті оқи отырып олар адамдарды ажырата білуге,жақсы мен жаманды ажырата білуге үйренеді. Ең бастысы,баланың ойлау қабілеті,тілі,сөздік қоры дамиды.Кітап оқитын бала өздігінен ой түйіп,кез келген тақырыпқа шығарма жаза алады. Қазіргі кезде балалар өздігіне ойларын қағаз беттеріне түсіре алмайды.Сондықтан да,ата-аналар, сіздерге айтарым,балам білімді, сауатты болсын десеңіз балаларыңызға ертегі кітаптан бастап,анықтамалықтар,сөздіктер, мақал-мәтелдерт.б.кітаптарды алып бергенді әдетке айналдырған жөн.Әр мейрам сайын балаңызға әдеби кітап сыйлаңыз,түрлі басылымдарға жазылыңыз. Балаңыз сағаттар бойы компьютер алдында отырғаннан гөрі,кітапханада кітап оқумен уақытын өткізсін.Өзіңіз бас болып,үй кітапханасын ұйымдастырыңыз.’’Үйде кітап жоқ деген сөз-денемде жаным жоқ деген сөзбен бірдей”-деп Цицерон айтқандай, кітапсыз адамның өмірі бос.Барлық білімнің көзі кітапта.Кітаптан асқан қазына жоқ.Ешқандай байлық та,жаңа технологиялар да кітаптың орнын баса алмайды.
Беделбекова.Б.Н.