Болашаққа
бағдар жасаймыз және рухани жаңғыруды бүгіннен бастаймыз!
2017-2018 оқу жылындағы тәрбие жұмысының бір ерекшелігі Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы қоғамды рухани жаңғыртудың ауқымды идеялары мен тұжырымдамалық тәсілдерді терең зерделеу және білім алушылар арасында таратуды ұйымдастыру болып табылады. Елбасы: «Мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озып жүруі, яғни одан бұрын жаңғырып отыруы тиіс. Бұл саяси және экономикалық жаңғыруларды толықтырып қана қоймай, олардың
өзегіне айналады», – деп атап көрсеткен екен. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев бағдарламалық құжаттың «ХХІ ғасырдағы ұлттық сана туралы» 1 бөлімінде тұтас қоғамның және әрбір қазақстандықтың санасын жаңғыртудың бірнеше бағыттарын қадап көрсеткен. Ендеше біз неге тосыламыз.
Президентіміз Н.Ә. Назарбаев өзінің іргелі еңбегінің «Таяу жылдардағы міндеттер» тарауында алдағы
жылдарда мықтап қолға алу қажет болатын бірнеше жобаны ұсынған. Сол жобаларды жүзеге асыру мақсатында «100 ән», «100 кітап», «2 күн отбасыммен қалаға» тақырыптардағы жобалары біздің мектепте де жүзеге асырылуда.
Мәселен «100 ән» жобасы бойынша мектепте әр дүйсенбілік жиында кезекші сынып «Туған жер» тақырыбында
бір әннің шығу тарихын зерттеп, орындап кезекшілікті тапсырады. Оқушылар үшін әсері ерекше болып отыр.
«100 кітап» жобасы да жақсы жолға қойылды, әр бейсенбі күні 3 сабақта белгілі уақытта әдеби кітап оқиды. Бұл жалаң айтылған сөзден гөрі керемет қадам болды дегім келеді. «2 күн отбасыммен қалаға» жобасы негізінде мектеп оқушылары сенбі күні Астана қаласындағы Назарбаев университетіне саяхат жасады. Біз бұл жұмыстармен тоқтап қалмақ емеспіз оқушыларымыз өз өлкелерін зерттеуге құлшыныс білдіре бастады.
Сонымен « Қажымұқан – менің мекенім!» тақырыбында жазылған шағын шығармамызбен оқырмандарымызбен бөлісуді жөн көрдім. Себебі мемлекетіміздің президенті Н.Ә. Назарбаевтың мақаласындағы өзекті мәселелердің бірі Туған жерді зерттеу, дәріптеу арқылы оқушылардың бойында елге, жерге деген сүйіспеншілікті арттыру болып отыр. Ендеше біздің алғашқы қадамымызды сіздерге
ұсынамыз! Оқыңыз, сізге де ой туындатар... Қажымұқан ауылы Астана қаласының іргесінде орналасқан шағын ғана ауыл. Бірақ шағын болғанымен өзіне келген адамды баурап алатын киелі мекен десем, артық айтқаным болмас. Қазақтан шыққан тұңғыш балуан Қажымұқан атамыз осы жердің тумасы. Ауыл да осы кісінің құрметіне Қажымұқан
ауылы деп аталып келеді. Ал, атақты балуанды білмейтін адам кемде- кем шығар. Десе де өзімнің тарапымнан балуан атамыз жайлы ақпаратпен бөлісуді жөн көрдім. Қ.Мұңайтпасұлы (1871-1948) – қазақтың әйгілі балуаны, классикалық күрестің асқан шебері. Шыққан тегі – Орта жүздің Қыпшақ тайпасының алтыбас руынан. Қ.Мұңайтпасұлы бұрынғы Ақмола облысы (қазіргі Целиноград), Қараөткелде 1871 жылы дүниеге келген, 1948 жылы Шымкент облысы, Арыс ауданында дүниеден өткен. 1901 ж. Омбы қаласындағы балуандар чемпионатында атақты, айлалы, өте тәжірибелі
орыс балуаны Иван Злобинмен кездескен. И.В.Лебедевтің тәрбиесінде болып, цирк артистерінің өнерін үйренді. 1908 ж. Ресейдің ірі қалаларында әлем чемпионы Георг Лурих ұйымдастырған чемпионаттарға қатысып алғаш рет “Ямогата Муханура” деген бүркеме атпен аренаға шыққан екен. 1909ж. Рига қаласында өткен дүниежүзілік
біріншілікте 1-ші орын алды. Ал,1910ж. Қажымұқан Оңтүстік Американы аралап шығып 1911 ж. ол Варшавада өткен дүниежүзілік чемпионатта кіші алтын медальмен марапатталған. 1913ж. Тройцк қаласында өткен халықаралық ең ірі чемпионатта 18 балуанмен күресіп, бәрін де жеңіп шыққан екен. Қажымұқан Париж. Лондон, Берлин, Варшава, Будапешт, Стокгольм сияқты қалаларда өнерін көрсетті. Ол 1909-1911 жылдары Шығыс елдерін аралап, түрік балуандарын жеңіп қайтқан сапарында түріктер оған “ҚАЖЫ” деген атақ береді. Бұл атақ оның бүкіл өміріне қалды.
Кабулда, Тегеранда, Харбинде “ҚАРА ИВАН” деген атпен Ресейдің намысын қорғаған Қажымұқан ұлы орыс балуандары Иван Поддубный, Иван Шемякин, Иван Зайкиндермен дос болды. 1926ж. Ташкентте атақты орыс балуаны Климентий Бульді жеңді. 1927ж. Одақ көлемінде Орынборда өткен ең ірі чемпионатқа қатысып, бірінші орын алды. Осы жолы оған Қазақстан Орталық Атқару комитеті “Қазақ даласының батыры” деген атақ
берді. Қажымұқан Отанымыздың ұлы патриоты болды. Ұлы Отан соғысы кезінде өзі жинаған қаржысына ұшақ сатып алып, Отанын қорғап жатқан ұлдарына сыйлады. Алматы мен Семей қалаларында Қажымұқан атында
көшелер бар және оның құрметіне дәстүрлі спорт жарысы өткізіліп отырады. Қажымұқан өз өмірінде 48 алтын, күміс, қола медаль жеңіп алған екен, “Құрмет белгісі” орденімен марапатталған. Отбасы, ошақ қасына тоқталар болсам... Күрес өнерінің соңына түсіп, елден үнемі шетте жүрген Қажымұқан шамамен 36 жасында үйленген. Алғашқы әйелі - өзі шын ұнатып қосылған және мұсылманша некесін қиып, “Бәтима” деп ат берген Надежда Чепковская. Палуанның бұл әйелден көрген баласы – Халиолла. Ал, екінші әйелі –Ырыстыдан София, Рәшида, Әзия атты үш қызы болған. Үшінші әйелі - әмеңгерлікпен үйленген Мінәйімнен ұлы Айдархан туылады
Қажымұқанның тұлғасы қандай болған? Қажымұқанның 75 жасындағы дене бітімі, тұлғасы: (өз айтуы бойынша күресіп жүрген кезіндегі салмағы 215кг, бойы 200см болған). Төбелігінен беліне дейін -77см, белінен аяғына дейін-118см, кеудесі-146см, жуан қара санының қалыңдығы-71см, сан жілігінің ұзындығы
(жамбастан тізеге дейін)-65см, балтыр аумағы - 49см. Балтырының ұзындығы-58см, аяқ киімі шамамен 54 – размер болған. Шалбарының белдігі -220, жауырынының жалпақтығы -60см, қолтық етінің қалыңдығы – 50см, жатқанда – 60см, саусақ басынан білекке дейін – 25 см, ортаңғы саусағының ұзындығы 14см, саусағының жуандығы – 10см, жақ ұзындығы – 24см, мұрын ұзындығы -7см, құлақтың айналасы -10см, үстіңгі еріннің ұзындығы -10см, бас аумағы – 65см екен. Осындай алып тұлғаның ауылында суын ішіп топырағын басып жүргенімізге ерекше мақтана
жүреміз. Алда талай жоспарымыз бар. Соның бірі ауылымды көркейтуге өз үлесімізді қосу. Елінің болмаса да ауылының алдындағы жаупкершілікті сезіну кім үшін болса да баға жетпес мәртебе деп ойымды түйіндегім
келеді. Арман – мақсаттарға жетелейтін рухани дүниеміз жаңғырып, қашан дамемлекетіміздің мәртебесі биік болсыншы....
Қажымұқан ауылы №4 НМ
ТӘРБИЕ ІСТЕРІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ:
СЕЙДАХМЕТОВА ГУЛНАЗ ҒАЛЫМБЕКҚЫЗЫ