"Ақмола облысы білім басқармасының  Целиноград ауданы бойынша  білім бөлімі  Қажымұқан ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі  
Коммунальное государственное учреждение  "Средняя общеобразовательная школа села Кажымукан" отдела образования Целиноградского района  управления образования Акмолинской области

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

29.09.2017

 

Сабақтың тақырыбы: Жамбыл Жабаев «Сұраншы батыр» дастаны

Жалпы мақсаттар:    

1. Білімділік: Ж. Жабаевтың «Сұраншы батыр» дастаны туралы теориялық білімін қалыптастыру. Дастанның мазмұнын түсініп, ақын шығармашылығы жайлы білімдерін толықтыру

2. Дамытушылық: Дастанның мазмұнымен таныса отырып, сыни тұрғыдан ойлауын дамыту және топта белсенді әрекет ету дағдыларын қалыптастыру.

3. Тәрбиелік: Дастанның негізгі идеясы арқылы оқушыларды елжандылыққа

тәрбиелеу, топта ынтымақтаса жұмыс істеуге және ізденімпаздыққа үйрету

Ресурстар       Оқулық, интербелсенді тақта, сабаққа қажетті ресурстар, АКТ, фломастер

Әдіс- тәсілдер : жұппен, топпен        

Әдісі:АКТ,  бағалау, , көшбасшылық

Сабақтыңбарысы     

Мұғалімнің іс - әрекеті        

Оқушының іс - әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі

1. Топты «ақын, жырау, жыршы» сөздері жазылған қағаздарды алу арқылы топқа

бөлемін.

Үй тапсырмасын сұрау.

Үй тапсырмасын қорытындылау  сұрақтары

І.Тұрмағанбеттің  «рүстем Дастанын» парсы тілінің «Шайнамамен» кім салыстырды.\Күмісбаев\

Тұрмағанбет алғаш кімнен сауат ашқан \Алдашбай ахуаннан\

Тұңғыш қара қоңыз өлеңін неше жасында жазған \14\

Балалар біз жаңа жырау ,жыршы,ақын болып  үш топқа бөліндік,ендеше осы топ аттарыңа сипаттама беріңдерші.

Жырау–– өз жанынан жыр шығарып айтатын және эпикалық дастандар мен толғауларды орындайтын халық поэзиясының өкілі. Жырау атауы «жыр» сөзінен туындайды. Дәстүрлі қазақ қоғамында жыраулар халықтың рухани көсемі, қоғамдық пікір қалыптастыратын қайраткер рөлін атқарды. Хандар мен басқа да ел билеушілері жыраулар пікірімен санасып отырған. Жыраулар жаугершілік заманда

жорықтарға қатысып, ел қорғау, азаматтық тақырыптарға арналған өлең-жырлар туғызған.

Жыршы – жыр айтушы, таратушы. Қазақ ауыз әдебиетінде өлең, жыр шығаратын, қисса, толғау, дастан айтатын адамдар “жырау”, “жыршы”, “ақын”, “өлеңші” “термеші” деп аталған. Олардың орындаушылық ерекшеліктерінде ұқсастықтармен қатар айырмашылықтар да бар. Жыраулар жырды домбыраның не қобыздың сүйемелдеуімен, мақаммен, әнмен айтады, сондай-ақ эпикалық шығармаларды да орындайды. Олар бұрыннан белгілі халық дастандарын, поэмаларды айтып таратады.

Ақын — поэзиялық туындыларды (өлең, жыр-дастан, поэма) ауызша айтып не жазып шығаратын өнер иесі, халықтың

көркемдік талғамын қалыптастырып, жалғастыратын сөз шебері.    

Ендеше балаларосы ақындық,жыраулық,жыршылықтың барлығы бойынан табылған жүз жасаған Жамбыл Жабаев.Ендеше бейнежазбаға

көңіл бөлейік.

Қызығушылығын ояту     

1.«Миға шабуыл» әдісі бойынша мұғалім топқа проблемалық сұрақтар қояды.

1. Ақындардың батырлар туралы дастан жазуының себебі неде?

2.Батыр қандай іс - әрекет арқылы танылады?

Топ сыни тұрғыдан ойлауды дамыта отырып, бүгінгі сабақтың тақырыбы мен мақсаттары

туралы ой қозғайды.

Мағынаны ажырату:         

«Ойлан - жұптас - бөліс» стратегиясы арқылы «Сұрншы  батыр» дастанының мазмұнымен таныстыру мақсатында

әр топқа тапсырма беру. / Кластер әдісі /

Ақын тобы: Жамбылға  сипаттама беру

Жыршы тобы: Сұраншы батырға сипаттама береді, оның елжандылығы, халықпен қарым - қатынасы, дастаннан нақты

дәлелдемелермен айтып жеткізеді.

Жырау тобы: Сұраншы батыр жырына арқау

болған сюжеттік желі.

Сергіту сәті :Оқушылар бір - біріне қарап,өздерінің бойындағы жақсы қасиеттері туралы айтады. Мысалы: «Мен сен сияқты

сабырлы болғым келеді, мен сен сияқты білімді болғым келеді»

Ой - толғаныс          «Ой жалға» стратегиясы  арқылы

Ақын тобы:  «Жастардың арманы – мәңгілік ел» тақырыбында әңгіме құрау 

Жыршы тобы: «бес жолды өлең»

Жырау тобы: «Ер барда,ел қор болмас» эссе

Оқушылар қорытынды жасайды.

Венн диаграммасы арқылы

Ітоп.Жамбыл мен Тұрмағамбет

ІІ топ. Сұраншы батыр  мен Өтеген батыр

ІІІ топ хранологиялық кесте

Бағалау          

Оқушыларға бағалау туралы нұсқау беру Бағалау критерийі: 1. Сабаққа белсенді қатысып отыру

2. Нақты дәлелдемелер келтіру 3. Ойын толық жеткізу 4. Сөйлеу шеберлігі

Әр топ басшы өз тобын бағалайды, бағалау парақтарын толтырады Топтық жұмыстардың

жиынтық бағасы қойылады

р\с

Аты

Үй тапсырмасы

Қызығушылығын ояту   

1.«Миға шабуыл» әдісі

Мағынаны ажырату:           

«Ойлан - жұптас - бөліс» стратегиясы арқылы

Ой - толғаныс            «Ой жалға» стратегиясы  арқылы

 

Оқушылар

қорытынды жасайды.

Венн диаграммасы арқылы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Рефлексия     

«Екі жұлдыз, бір тілек» көңіл -

күй арқылы кері байланысты алу          

Оқушылар кері байланыс стикерін толтырады

      

р\с

Аты

Үй тапсырмасы

Қызығушылығын ояту     

1.«Миға шабуыл» әдісі

Мағынаны ажырату:               

«Ойлан - жұптас - бөліс»

стратегиясы арқылы

Ой - толғаныс                «Ой жалға» стратегиясы  арқылы

 

Оқушылар

қорытынды жасайды.

Венн диаграммасы арқылы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотров: 706


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст