"Ақмола облысы білім басқармасының  Целиноград ауданы бойынша  білім бөлімі  Қажымұқан ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі  
Коммунальное государственное учреждение  "Средняя общеобразовательная школа села Кажымукан" отдела образования Целиноградского района  управления образования Акмолинской области

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

29.09.2017

 

Сабақтың тақырыбы: Мағжан Жұмабаев шығармалары.

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік

Мағжан Жұмабаевтың өмір жолы мен жазушылық қызметінен алған мағлұматтарын

толықтыру, пысықтау

2. Дамытушылық

оқушыларды і өзіндік ізденіс жұмыстарына баулу, ой - өрісін, рухани жан

дүниесін байытып, сөйлеу машықтарын жетілдіру, шығармашылық қабілеттерін дамыту

3. Тәрбиелік

Оқушыларды елжандылыққа, адамгершілікке, тілімізді құрметтеуге, әдебиетті

сүюге, сұлулыққа құштар болуға тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі:

Сұрақ - жауап, өз бетімен жұмыс , бес жол өлең құрастыру

Сабақтың түрі:жаңа сабақ

Пәнаралық байланыс:

Тарих

Сабақтың көрнекілігі:

 ақынның суреттерінен слайдтар, аудио

және бейне жазбалар, интерактивті тақта.

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі:

Мағжан Жұмабаевтың «Бәрінен де сен сұлу» өлеңін тыңдату

- Орындалған ән сіздерге таныс па?

- Тақырыбын атаңыздар?

- Сөзі мен әнінің авторы кім?

Ендеше,  бүгінгі сабағымыз қазақ

әдебиетінің жарық жұлдызы, сыршыл да лирик ақын Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен

шығармашылығынан алған білімдерімізді еске түсіріп, қорытындылауға арналады.

Бүгінгі сабағымызды 3 топтың сайысы ретінде өткізгелі отырмыз.

1. «Жарық жұлдыз» тобы - Мағжан Жұмабаевтың өмірі туралы сыр шертеді.

2. «Талантты дарын» тобы – Мағжан Жұмабаевтың шығармашылығы, яғни өлеңдері

туралы сөз қозғайды.

3. «Қайталанбас тұлға» тобы - Мағжан Жұмабаевтың артына қалдырған мол мұралары

- поэмалары туралы сыр шертеді.

І кезең «Өткенді еске түсіру»

«Жарық жұлдыз» тобына қойылатын сұрақтар:

1. М. Жұмабаев кім, ол қандай ақын?

2. М. Жұмабаевтың өмірі мен балалық, жастық шағы.

3. Творчествосының басталуы.

4. Ақындық жолы.

«Талантты дарын»

тобына қойылатын сұрақтар:

1. М. Жұмабаевтың қандай өлеңдерін білесіздер?

2. М. Жұмабаев қандай тақырыпта қалам тербеген?

3. М. Жұмабаевтың бір өлеңін жатқа айтыңыздар?

«Қайталанбас тұлға» тобына қойылатын

сұрақтар:

1. М. Жұмабаевтың қандай поэмаларын білесіздер?

2. «Ертегі» поэмасындағы ақынның айтайын деген ойы қандай?

3. «Қорқыт» поэмасының мазмұны қандай?

4. «Батыр Баян» поэмасының мазмұны қандай, қандай оқиға баяндалады?

ІІ кезең «Білімді сынау» Өлеңнің

көркемдік тіліне талдау жасау.

1       

топ.Эпитет

2       

топ.Метафора

3       

топ.Теңеу 

ІІІ кезең «Шығармашылық шыңдалу»

Бес жол өлең әдісі бойынша өлең құрастыру

1. «Жарық жұлдыз» тобына

 АҚЫН

2. «Талантты дарын» тобына

 СУРЕТКЕР

3. «Қайталанбас тұлға» тобына

 БАТЫР

IV кезең «Білімді тиянақтау»

1топ. Семантикалық карта. Абай.Жамбыл.Мағжан

2 топ.хранологиялық кесте

3топ. «Түркістан» өлеңіндегі белгілі тұлғаларды таныстыру.

Сабақты «Таңдау» әдісімен  қорытындылаймыз.

Оқушының аты.

1.Мен сабақты қызықты,қызықсыз болды деп ойлаймын.

2.Мен сабақта көп нәрсені 

білдім,білмедім,білгенім аз болды.

3.Мен сабақтағы өз жетістіктеріме ризамын, риза емеспін.

Оқушылар өздерінің сабаққа қатысу деңгейі мен ынтасын

білдіретін сөздердің астын сызады.

Бағалау

Қойылған бағалардың сапасына қарай топтарға орын беру

Үй тапсырмасы

«Әдебиеті шыңындағы шынар» тақырыбында шығарма жазу

Сабақты «Таңдау» әдісімен 

қорытындылаймыз.

Оқушының аты.

1.Мен сабақты қызықты,қызықсыз болды деп ойлаймын.

2.Мен сабақта көп нәрсені 

білдім,білмедім,білгенім аз болды.

3.Мен сабақтағы өз жетістіктеріме ризамын, риза емеспін.

Оқушылар өздерінің сабаққа қатысу деңгейі мен ынтасын

білдіретін сөздердің астын сызады.

 

Сабақты «Таңдау» әдісімен 

қорытындылаймыз.

Оқушының аты.

1.Мен сабақты қызықты,қызықсыз болды деп ойлаймын.

2.Мен сабақта көп нәрсені 

білдім,білмедім,білгенім аз болды.

3.Мен сабақтағы өз жетістіктеріме ризамын, риза емеспін.

Оқушылар өздерінің сабаққа қатысу деңгейі мен ынтасын

білдіретін сөздердің астын сызады.

 

Сабақты «Таңдау» әдісімен 

қорытындылаймыз.

Оқушының аты.

1.Мен сабақты қызықты,қызықсыз болды деп ойлаймын.

2.Мен сабақта көп нәрсені 

білдім,білмедім,білгенім аз болды.

3.Мен сабақтағы өз жетістіктеріме ризамын, риза емеспін.

Оқушылар өздерінің сабаққа қатысу деңгейі мен ынтасын

білдіретін сөздердің астын сызады.

 

Сабақты «Таңдау» әдісімен 

қорытындылаймыз.

Оқушының аты.

1.Мен сабақты қызықты,қызықсыз болды деп ойлаймын.

2.Мен сабақта көп нәрсені 

білдім,білмедім,білгенім аз болды.

3.Мен сабақтағы өз жетістіктеріме ризамын, риза емеспін.

Оқушылар өздерінің сабаққа қатысу деңгейі мен ынтасын

білдіретін сөздердің астын сызады.

 

Сабақты «Таңдау» әдісімен 

қорытындылаймыз.

Оқушының аты.

1.Мен сабақты қызықты,қызықсыз болды деп ойлаймын.

2.Мен сабақта көп нәрсені 

білдім,білмедім,білгенім аз болды.

3.Мен сабақтағы өз жетістіктеріме ризамын, риза емеспін.

Оқушылар өздерінің сабаққа қатысу деңгейі мен ынтасын

білдіретін сөздердің астын сызады.

 

Сабақты «Таңдау» әдісімен 

қорытындылаймыз.

Оқушының аты.

1.Мен сабақты қызықты,қызықсыз болды деп ойлаймын.

2.Мен сабақта көп нәрсені 

білдім,білмедім,білгенім аз болды.

3.Мен сабақтағы өз жетістіктеріме ризамын, риза емеспін.

Оқушылар өздерінің сабаққа қатысу деңгейі мен ынтасын

білдіретін сөздердің астын сызады.

 

Сабақты «Таңдау» әдісімен 

қорытындылаймыз.

Оқушының аты.

1.Мен сабақты қызықты,қызықсыз болды деп ойлаймын.

2.Мен сабақта көп нәрсені 

білдім,білмедім,білгенім аз болды.

3.Мен сабақтағы өз жетістіктеріме ризамын, риза емеспін.

Оқушылар өздерінің сабаққа қатысу деңгейі мен ынтасын

білдіретін сөздердің астын сызады.

 

Сабақты «Таңдау» әдісімен 

қорытындылаймыз.

Оқушының аты.

1.Мен сабақты қызықты,қызықсыз болды деп ойлаймын.

2.Мен сабақта көп нәрсені 

білдім,білмедім,білгенім аз болды.

3.Мен сабақтағы өз жетістіктеріме ризамын, риза емеспін.

Оқушылар өздерінің сабаққа қатысу деңгейі мен ынтасын

білдіретін сөздердің астын сызады.

 

 

 

 

 

 

 

«Талантты дарын» тобына қойылатын сұрақтар:

1. М. Жұмабаевтың қандай өлеңдерін білесіздер?

2. М. Жұмабаев қандай тақырыпта қалам тербеген?

3. М. Жұмабаевтың бір өлеңін жатқа айтыңыздар?

«Талантты дарын» тобының жауаптары:

1. Мағжан өлгенмен, оның жазған еңбектері бізге өшпес мұра боп қалды. Оның

көптеген

өлеңдері бар. Алғашқы өлеңдер жинағы 1912 жылы Қазан қаласында «Шолпан» деген

атпен жарық көрген.

Мағжан Жұмабаев шығармашылығында мұңлы толғаныс, өкіну, қайғы - қасірет,

күйініш те, сонымен қатар романтика, өршілдік, махаббат, арман, мақсат, үміт те

бар. Сонымен қатар ақынның өлеңдерінде тарихты түсіну, ақиқатқа көз жеткізу,

болашақты болжай білу жайы да бар.

Мағжанның табиғат тақырыбын жырлаған «Жазғы түнде», «Қысқы жол», «Қайың»,

«Орман», «Жел» атты өлеңдерінде әсем табиғат, сұлулық, табиғат құбылыстары,

табиғат пен адамның байланысы анық көрінеді.

2. Мағжан Жұмабаев Мәскеудегі жоғары әдеби - көркемөнер институтында оқып

жүргенде орыс және Батыс Еуропа әдебиетін беріле оқыған. Соның ішінде неміс,

ағылшын, француз ақындарының шығармаларына ден қоя оқыған. Мағжан поэзиясынан

оның халқы, туған жері туралы көп нәрселер білуге болады. Ақынның «Түркістан»,

«Қазақ тілі», «Қазағым» т, б, өлеңдерін ерекше атауға болады.

«Қазақ тілі» өлеңін аудио жазбадан тыңдату

3. Мағжан ақынның жүректі жарып шыққан өлеңдерінің үлкен бір тобы - махаббат

лирикасы. «Гүлсімге», «Сен сұлу», «З - ға», «Р - ға» өлеңдері қазақ қыздарына,

олардың сыртқы да ішкі сұлулықтарын сүйсіне жырлайды. Оның дәлелі сабақ басында

тыңдаған «Бәрінен де сен сұлу» өлеңі.

4. Мағжан өлеңдерінің ішіндегі біз секілді жалынды жастарға үлкен сенім артқан,

жақсылыққа, болашаққа жарқын жол тілеген өлеңі - «Мен жастарға сенемін».

Арыстандай айбатты,

Жолбарыстай қайратты –

Қырандай күшті қанатты,

Мен жастарға сенемін.

Көздерінде от ойнар,

Сөздерінде жалын бар.

Жаннан қымбат оларға ар,

Мен жастарға сенемін.

Мен сенемін жастарға,

Алаш атын аспанға.

Шығарар олар бір таңда,

Мен жастарға сенемін!


 

 

 

«Қайталанбас тұлға»

тобына қойылатын сұрақтар:

1. М. Жұмабаевтың қандай поэмаларын білесіздер?

2. «Ертегі» поэмасындағы ақынның айтайын деген ойы қандай?

3. «Қорқыт» поэмасының мазмұны қандай?

4. «Батыр Баян» поэмасының мазмұны қандай, қандай оқиға баяндалады?

«Қайталанбас тұлға» тобының жауаптары:

1. Мағжан Жұмабаев көлемді поэмалар жазуда аса өнімді еңбек еткен. Оның «Батыр

Баян», «Ертегі», «Қорқыт», «Жүсіпхан», «Тоқсанның тобы» поэмалары бар.

Мағжан поэмасында әлеуметтік оқиғалар, сұлулық, махаббат, ашу - ыза, табиғат сырлары,

алауыздық, берекесіздік, өмір мен өлім туралы шебер жырланған.

2. 1926 жылы жарық көрген «Ертегі» поэмасы да аса қызық құрылған поэма. Поэма

оқиғасы ертегіге ұқсас. Әңгіме төркіні - мысықтар мен тышқандар арасындағы

жанжал соғыс. Оқиға шығыста, бау - бақшалы мекенде өтеді. Жүзім шарабын ішіп

масайраған тышқан, мысықты тілдейді, оны естіген мысық әлгі сорлыны жеп қояды.

Бұдан әрі мысық пен тышқан арасындағы соқтығыс күшейе түседі. Ақырында тышқан

көптігін жасап, оны жеңілуге мәжбүрлеп, мысық патшасын қуып, тақтан түсіреді.

Бұл мысалда ақын 1905 жылғы революцияны, жұмысшылар мен шаруаларды сынап,

берекесіздікті айтады.

3. Мағжан Жұмабаев «Ой», «Мені де өлім әлдиле», «Зар» т. б. өлеңдерінде өлім

жайын айтып, көп толғаған. Осы тектес тақырыптағы «Қорқыт» поэмасында ежелден

белгілі өлімнен қашатын Қорқыт жайын шабыттана жырлап, өлімнен қанша қашсаң да

алдыңнан соншалықты қабір тұруы мүмкін деген тұжырым жасайды. Поэма соңында:

Өмірде арманым жоқ - Қорқытқа ерсем,

Қорқыттай жанды жаспен жуа білсем.

Жас төгіп, сұм өмірде зарлап – сарнап,

Құшақтап қобызымды көрге кірсем,- деген түйін жасайды.

Ақын өмірдің соңында өлім бар екенін, өлімді табиғат заңы екенін насихаттай

келе:

Әлде кім адам деген ермек үшін,

Жүректе от ойнайды сөнбек үшін.

Ойланып қалай ғана уланбассың,

Берілсе адамға өмір өлмек үшін,- деп философиялық ұғым айтады.

4. Мағжан Жұмабаев поэмаларының ішінде күрделісі, сюжет желісі жағынан ерекшесі

- «Батыр Баян» поэмасы. Поэмада 18 - ші ғасырдағы қазақ пен қалмақ арасындағы

жаугершілік заман жайы сөз болады. Поэмаға Абылай ханның кезінде екі ел

арасындағы бейбітшілік пен достық қарым - қатынас орнағанға дейінгі оқиға арқау

болған. Кезекті бір айқаста қол бастаушы батыр Баян қалмақтың қызын еліне алып

келеді. Батырдың қызға көңілі қатты ауғанымен, қыз ыңғай бермегесін оны

қарындас ретінде ұстаған. Алайда қалмақ қызына батыр Баянның інісі Ноян ғашық

болып, екеуі елден қашып кетеді. Ашу үстінде батыр Баян олардың көңіл қосып

елден қашқандары үшін намысы қысып інісі Ноян мен қалмақ қызын атып өлтіреді.

Поэмадан басты кейіпкердің асау мінезін, бірбеткейлігін, бірақ ниетінің ақ

екенін көреміз.


 

 

 

 

 

 

«Жарық жұлдыз»

тобына қойылатын сұрақтар:

1. М. Жұмабаев кім, ол қандай ақын?

2. М. Жұмабаевтың өмірі мен балалық, жастық шағы.

3. Творчествосының басталуы.

4. Ақындық жолы.

5. Қоғамдық қызметі.

«Жарық жұлдыз» тобының жауаптары

1. Ақын өзінің кім екенін, ақындық қуатын, қайраткерлік қарымын «Мен кім?» атты

өлеңінде аңғартып өтеді.

Арыстанмын, айбатыма кім шыдар?

Жолбарыспын, маған қарсы кім тұрар?

Көкте – бұлт, жерде – желмен гулеген,

Жер еркесі – желдің жөнін кім сұрар?

Мен өлмеймін, менікі де өлмейді,

Надан адам өлім жоғын білмейді.

Өзім – патша, өзім – қазы, өзім – би,

Қандай ессіз не қылдың деп тергейді?

Бұл романтикалық асқақ шумақтардан ақынның өз күшіне, өз талантына өмір

тағдырына кәміл сенгенін байқаймыз.

2. Мағжан Бекенұлы Жұмабаев 1893 жылдың 25 маусымында бұрынғы Ақмола губерниясы

Ақмола уезіндегі Полуден болысында (қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы Булаев

ауданы Мағжан атындағы ауылда) белгілі, текті, ауқатты отбасында дүниеге

келген. Төрт жасында ауыл мұғалімінен сауат ашып, хат таниды, ал 1905 жылы

Қызылжардағы медресеге оқуға түседі. Бұл медреседе араб, парсы, түрік тілдерін

еркін игеріп, медресені 1910 жылы жақсы үлгеріммен бітіреді.

Бұдан кейін Уфадағы «Ғалия» медресесінде, Омбыдағы мұғалімдер семинариясында

оқиды.

3. Мағжан 1916 жылы Омбының семинариясын ойдағыдай бітіріп, туған өлкесіне оралады.

Қазақ даласында «Алаш» партиясын құруға қатысады, Ақмоладағы «Бостандық туы»

газетінде редактор болып қызмет атқарады. 1922 жылы Ташкентке келіп,

шығармашылық жұмыспен айналысады. Онда «Шолпан», «Сана» журналдарында, «Ақжол»

газетінде қызмет атқара жүріп, бірнеше шығармаларын жарыққа шығарады.

4. 1923 - 27 жылдары Мағжан Мәскеудегі жоғары әдебиет – көркемөнер институтында

оқиды. Осы жылдары ол орыс, батыс Еуропа әдебиетін терең зерттеп оқиды. 1929

жылы «Алқа» деген жасырын ұйым құрды деген айыптаумен 10 жылға сотталды. 1936

жылы орыс жазушысы М. Горький және Е. Пешкованың араласуымен аз ғана уақытқа

бостандық алады, бірақ 1937 жылы қайта қамауға алынып, 1938 жылы ақын ғұмыры

мәңгілікке үзіледі.


 

 

Аты

І кезең «Өткенді еске түсіру»

ІІ

кезең «Білімді сынау»

ІІІ

кезең «Шығармашылық шыңдалу»

IV

кезең «Білімді тиянақтау»

бағасы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Аты

І кезең «Өткенді еске түсіру»

ІІ

кезең «Білімді сынау»

ІІІ

кезең «Шығармашылық шыңдалу»

IV

кезең «Білімді тиянақтау»

бағасы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Аты

І кезең «Өткенді еске түсіру»

ІІ

кезең «Білімді сынау»

ІІІ

кезең «Шығармашылық шыңдалу»

IV

кезең «Білімді тиянақтау»

бағасы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотров: 435


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст