"Ақмола облысы білім басқармасының  Целиноград ауданы бойынша  білім бөлімі  Қажымұқан ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі  
Коммунальное государственное учреждение  "Средняя общеобразовательная школа села Кажымукан" отдела образования Целиноградского района  управления образования Акмолинской области

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

29.09.2017

 

Сабақтың тақырыбы: Есімдіктердің түрленуін қайталау сабағы

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Есімдік туралы алған теориялық білімдерін практикада

қолдану. Ауызша, жазбаша талдау жұмыстарын жүргізе отырып, білімдерін бекіту.

Дамытушылық: ойлау қабілеттерін, қиялдарын дамыту; ой қорытып, нақты шешім жасауға

үйретіп, өздеріне сенімдерін арттыру.

Тәрбиелік: сауатты жазуға, ұқыптылыққа баулу,  бір – бірін тыңдай білуге үйрету, сөйлеу

мәдениеттерін қалыптастыру.

  Күтілетін нәтиже: Оқушылар есімдіктің түрленуін толық меңгереді, сөйлемдегі атқаратын

қызметін сұрақ қою арқылы анықтай алады.

  Сабақтың түрі: Ашық сабақ

Әдісі: Ақпараттық технология,

СТО технологиясының элементтері, талдау, мәнерлеп оқу, сұрақ-жауап әдістері.

Көрнекілік:интерактивті тақтадағы слайдтар, оқулық.

Пәнаралық байланыс: әдебиет

Сабақтың өту барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушыларды түгендеу, кезекшінің мәліметін тыңдау.

 

Психологиялық дайындық /хормен айтылады/

Күлімде, күн, күлімде,

Күлсін барлық бала шат!

Берекелі бүгіндей

Бейбіт болсын болашақ!

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

1.Өткен тақырыптарға шолу, үй тапсырмаларын тексеру.

Зымыран сұрақтар:

•     Есімдік дегеніміз не?

•     Есімдіктің мағыналық түрлерін ата.

•     Жіктеу есімдігі дегеніміз не? Қалай түрленеді?

•     Сілтеу есімдігі дегеніміз не? Қалай түрленеді?

•     Сұрау есімдігі дегеніміз не? Қалай түрленеді?

•     Өздік есімдігі ше? Қалай түрленеді?

2. Жұмбақ сұрақтар

                               

 

ІІІ. Есімдіктің мағыналық  топтарының тапсырмалары

1. Жіктеу есімдігінің тапсырмасы:

   Әбу Сәрсенбаевтың “Сен құрметте оны” өлеңін жатқа айту, Есімдіктерді тауып, қалай түрленген талда. /бір оқушы жатқа айтады, бір оқушы тақтадан есімдіктерді талдайды/

 

Сен құрметте оны!

Түсіндің бе қарағым?

Ол ақшаға сатқан жоқ

Тізеден кесіп аяғын.

Еріккеннен де ұстап жүрген жоқ

Қолтықтағы ұзын таяғын.

Кеше елге қатер төнгенде,

Ол жауға қарсы шапты.

Бізді жалмамақ болған ажалды

Өр кеудесімен қақты.

Ол арыстанша алысты.

Өлім соққысын өз үстіне алды.

 

2.Сілтеу есімдігінің тапсырмасы:

Көп нүктенің орнына тиісті есімдіктерді қойып жаз.

   Сіз.....    айтып тұрған қасиеттер    .... осы     баладан табылмасына    ... кім  кепіл?  

..Бұлар...      ертіп жүрген бала қазақтың белгілі ақыны болған Нұржан Наушабаев екен.   

...Мына    - Күршім өзені.

...Мынау   - Ұлыстың ұлы күніне арналып құрылған киіз үйлер.

 ...Өз елің  -  алтын бесік.

                  Есімдіктер: сіз, осы, кім, бұлар, мына, мынау, өз.

 

Сергіту сәті. /2 минут/ оқушылар көздеріне демалыс жаттығуларын жасайды.

3. Өздік есімдігінің тапсырмасы: «Сыңарын тап»

 

4. Сұрау есімдігінің тапсырмасы:

       

/Бір оқушы өлеңді

жатқа оқиды/

Шәкірт ойы

 

    Қараңғы қазақ көгіне, 

Өрмелеп шығып, күн болам!

Қараңғылықтың көгіне,

Күн болмағанда, кім болам?

Мұздаған елдің жүрегін,

Жылытуға мен кірермін!

Еңбек, бейнет  тарауы

Рақатқа сарқылар.

Қыздырып күннің қарауы

Надандық теңізі тартылар.

Орны отайып көгерер,

Қызығын жайлап ел көрер.

Тұрмыс, тағдыр - бірі  де

Бұл мақсаттан бұра алмас;

Қаһарман, Рүстем, Әлі де

Бұрам деп жолда тұра алмас.

Сыланған жардың күлісі,

Алдандырмас бірісі.

 

5.  Белгісіздік есімдігінің  тапсырмасы: Келіңдер, бірге септейік.

Атау                            біреу                    кейбіреудің

Ілік                      біреудің               кейбіреудің

Барыс                 біреуге                 кейбіреуге

Табыс                 біреуді                 кейбіреуді

Жатыс               біреуде                кейбіреуде

Шығыс                біреуден               кейбіреуден

Көмектес           біреумен              кейбіреумен

 

6-тапсырма:

Болымсыздық есімдігі.

        

7-тапсырма:Жалпылау есімдігінің тапсырмасы Шығармашылық жұмыс «Есімдіктер әлеміне

саяхат» ертегі жазып келу.

  ІV.Сабақты бекіту:

Семантикалық картамен жұмыс.

р/с

Мысалдар

 жіктеу

 

сілтеу

сұрау

өздік

белгісіздік

Болым

сыздық

Жалпылау

1.

Барлық

+

2.

Олар

+

3.

Мыналар

+

4.

Өздері

+

5.

Ешқашан

+

6.

Қайда?

+

7..

Бәрі

+

8.

Кейбіреу

+

9.

Ешқайда

+

10.

Әлдеқайда

+

11.

Өзіміздің

+

 

ІV. Үйге тапсырма: Есімдіктерді қатыстыра отырып, « Өмір үшін күрес» тақырыбында әңгіме жазу

V. Оқушыларды бағалау.

  Сабақ аяқталды.

Просмотров: 470


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст