"Ақмола облысы білім басқармасының  Целиноград ауданы бойынша  білім бөлімі  Қажымұқан ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі  
Коммунальное государственное учреждение  "Средняя общеобразовательная школа села Кажымукан" отдела образования Целиноградского района  управления образования Акмолинской области

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

29.09.2017

      Жасұландар

форумындағы 2 күндік өмір.

8-10 қараша күні  Ақмола облысы, Бурабай ауданы   

"DISCOVERY BOROVOE" сауықтыру орталығында  "Ұланымыз Ұлы Елдің" атты  Жасұлан

ұйымының 5 жылдығына орай  ұйымдастырылған жылдық қорытынды форумға  қатыстық.

Қажымұқан мектебінен  төрт оқушы,  екі жетекші,  бір ата- ана бардық.  Екі күндік форум  "ЖасҰлан" бірыңғай балалармен жас өспірімдер  ұйымының жетекшісі Мейрамбек Серікұлының ұйымдастыруымен өтті. Жан-жақтан жиналған  аудандардың оқушылары және жетекшілеріне арнайы құрылған бағдарламамен өте қызықты және мағыналы  өтті. "Жас  Ұлан" ұйымының жылдық есебі мен алдағы таңдағы жоспары" атты дөңгелек үстелде аудандар мен қалалардағы   "Жас ұлан"  хатшыларының есебі болып өтті. Біздің

мектептен №4 НМ директорының тәрбие істері жөніндегі орынбасары Сейдахметова Гүлназ Ғалымбекқызы мектебімізде және аудан бойынша жыл бойына өткен жұмыстаға Жасұландарың айшықты күндерінен күнделік ретінде есеп берді.  "Көшбасшы қасиетін дамыту" тақырыбында балалармен жасөспірімдер қозғалысының көшбасшыларына және жасұландықтарға арналған трениг өткізілді. Оқушылардың тренигтан алып шыққан әсері өте керемет болды. Оқушылардың  бос уақытында

(Бассейін, баларлар ойын алаңы және аспалы жолда көңіл көтеру)  ұйымдастырылған. "Мен жеңімпаз!" атты көңілді спорттық жарыс өтіп, "Торнадо" деген атаумен қойылған біздің команда жеңіске жетті.  "Тәуелсіз елім менің-Қазақстан!" тақырыбында алақан пати жастар акциясы өтіп, барлық оқушылар өз тілектерін жазып  қалдырды. Осы форумның ең басты кезеңдерінің бірі "Жас Ұлан" ұйымына қабылдау салтанатты рәсімі  болды.  Осынау маңызды салтанатты жиынға Облыстық Білім Бөлімінің басшысы Ізбасарова Балым  Советқызы арнайы келіп қатысты.

Жасұландар қатарына  5- сынып оқушысы Махмет   Амир қабылданды.  Барлық жетекшілер Алғыс

хатпен марапатталды.  7-сынып оқушысы  бірнеше вокалдық ән байқауларының жеңімпазы  Кеңесов Алпамыс  "Ададжио" әнін орындап жұртты өзіне қаратты. Мен де, яғни тәлімгер Тусупбекова Лаура Серікқызы  осындай қуанышты сәтте "Абзал ана"әнін орындап жиналған қауымның қошеметіне бөлендім.  Сонымен бірге "Мәңгілік Ел" тақырыбында пікір-талас өтіп, оқушылар өз ойларын ортаға салды.

         Жалпы қорыта келе айтарым, бұл екі күндік "Ұланымыз Ұлы Елдің" атты форум өте қызықты  өтті. Оқушыларымыз  өзгелермен араласып, танысып  білмегенін үйренді. Жыл сайын осындай форумдар

бола берсін деген тілектермен жүректеріне достық пен ынтымақ ұялаған форум

қатысушыларын қимай-қимай уйімізге оралдық.

 

 

Просмотров: 413


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст