Математика |
Уақыты: |
Кабинет: |
Мұғалім: | |||||||||||||
Сабақтың тақырыбы |
Есептер шығару. | |||||||||||||||
Сілтеме |
Математика оқулығының әдістемесі,ғаламтор | |||||||||||||||
Сабақтың жабдығы |
қосымша тапсырмалар жазылған үлестірмелер, кестелер | |||||||||||||||
Жалпы мақсаттар Оқыту нәтижесі |
Мақсаты: оқушылардың жай және құрама есептерді шығару үшін білім, білік, дағдыларын жетілдіру; логикалық ойлауларын дамыту. | |||||||||||||||
Мұғалімнің әрекеті |
Оқушының әрекеті | |||||||||||||||
Бағалау парақшасымен таныстыру | ||||||||||||||||
Топқа бөлу |
Оқушыларға кесілген суреттер үлестіріледі. |
Қолдарына алған қиындыларды құрастырып,сол бойынша топқа бөлінеді. Суреттерді тақтаға іледі. | ||||||||||||||
Ынтымақтастық атмосферасы |
- Балалар, терезеге қараңдаршы. Далада күн сәулесі жарқырап тұр. Бізге сәулесін шашып тұр. Сәуле сендердің тұла бойларыңа тарап, жандарыңды жадыратып тұр. - Кәне, айналамызға жылу сыйлайық, жүздеріңнен күннің көзіндей күлкі кетпесін. Сабаққа даярлық, амандасу, түгендеу |
Оқушылар бір-біріне жақсы тілек тілеп, сыныпта жақсы ахуал қалыптастырады. | ||||||||||||||
Үй тапсырмасын пысықтау
|
№ 8. (балалардың жазба жұмысын тексере отырып, жауабын салыстыру) |
Оқушылар ауызша орындайды | ||||||||||||||
Жаңа сабақ |
1. Көбейтудің компоненттерін атау. Көбейтуді немен тексереміз? Көбейткіштердің орны ауысқаннан ... ? 2. Ауызша жаттығулар. а) Мен «көбейту» белгісімін, қосуды оңайлату үшін ең алдымен бар балаға санап шығуды ұсынамын. - Жүздікпен санаңдар, әуелі 0-ден 1000-ға дейін және керісінше. - Ондықтармен санаңдар, 0-ден 100-ге дейін және кері. Б). «Гиннестің рекордтар кітабынан» диктант. 1. Метрмен өрнекте. Ең биік құйынның биіктігі 1 км 528 м. Бұл құйын Австралияда болды. (1528м) 2. Метрмен өрнекте. Ең қалың мұздың қалыңдығы 4 км 776м. (4776м) 3. Минутпен өрнекте. Ең ұзақ көрінген кемпірқосақ аспанда 3 сағат тұрды. Ол Англияда болған еді. (180 мин) 4. Граммен өрнекте. Ең үлкен қызанақ Америкада өсірілді. Оның массасы 3 кг 51 г. ( 3051г) ІҮ. Мақсат қою кезеңі: (кіріспе) Сабақтың мақсаты мен міндеттерін хабарлау. Ү. Жаңа сабақ: № 1. Есепті шығару алдында балалардан: «Баға деген не? Құн деген не? Саны мен құнын біле отырып, бағасын қалай табуға болады? Құны мен бағасын біле отырып, санын қалай табуға болады?» деп сұрау пайдалы. А). Кесте бойынша есептер құрастыр, оларды шығар.( тек шешуін жаз). 1. 315 : 7 = 45(теңге) 2. 726 : 6 = 121 (теңге) 3. 432 : 9 = 48 (теңге) Ә). Оқушылар өздігінен шығарады. № 2. Есептің шарты кестеге қысқаша жазылады.
1). 25 ∙ 6 = 150 (кг) – печенье 2). 150 – 50 = 100 (кг) – прәндік 3). 100 : 20 = 5 (қорап) – прәндік Ж: 5 қорап прәндік әкелінді № 2 (ә). Өздігінен шығару. | |||||||||||||||
Сергіту сәті |
- Мен домалақ апельсин. Орманда күннен нәр алған.( қолдарын көтеріп керіледі) - Алманың да, алмұрттыңда досымыз. ( біріне- бірі бұрылып, қолдарын көтереді) - Біз піскен шиелерміз, шыққан күннің көзінен. ( отырып, тұрады) Мұғалім: ал жемістер, сап түзейік бәріміз, Қатар тұрсақ жеміс-жидек бағымыз. (қолдарын көтеріп, екі жаққа теңселеді.) | |||||||||||||||
Ой толғаныс |
Жұптық жұмыс. № 4 Периметрі белгілі тіктөртбұрыштың ұзындығы мен енінің мүмкін болатын нұсқаларын жаз.
2). Өздік жұмыс. № 5. Көрсетілген өлшем бірліктеріне өрнекте. 4 ғ. 25 ж. = 425 ж. 4 ц 9 кг = 409 кг 7ц 20кг = 720 кг т.с.с. 3). Топтық жұмыс. № 6. Бос орынға төменде берілген сандарды кезегімен жаза отырып, өрнектер құрастыр. Олардың мәнін тап. 45864 + 126 = 458 + 122 + 126 = 458 + 52 + 126 = 458 + 134 + 126 = | |||||||||||||||
Сабақты бекіту | ||||||||||||||||
Үй тапсырмасы |
№ 3 ; 14 бет. |
Оқушылар күнделіктеріне жазады | ||||||||||||||
Бағалау |
Бүгінгі сабақ ұнады ма? Өз көңіл күйлерін стикерге жазу. |
Бағалау парақшасын толтырады | ||||||||||||||