"Ақмола облысы білім басқармасының  Целиноград ауданы бойынша  білім бөлімі  Қажымұқан ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі  
Коммунальное государственное учреждение  "Средняя общеобразовательная школа села Кажымукан" отдела образования Целиноградского района  управления образования Акмолинской области

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

23.02.2017

 Сабақтың тақырыбы:   «Болашақ кілтін ұстар ұрпақтар»

Сабақтың мақсаты:  Оқушыларға болашақтың

кілті солардың қолында екенін айту. Оқушыларды Отансүйгіштікке баулу,  ата-ана алдындағы жауапкершілігін  сезіндіру.

Жүргізуші:

Мен жастарға сенемін

Арыстандай айбатты,
Жолбарыстай қайратты –
Қырандай күштi қанатты.
Мен жастарға сенемiн!
Көздерiнде от ойнар,
Сөздерiнде жалын бар,
Жаннан қымбат оларға ар,
Мен жастарға сенемiн!
Жас қырандар – балапан,
Жайып қанат ұмтылған.
Көздегенi көк аспан.
Мен жастарға сенемiн!
деп Мағжан Жұмабаев жырлағандай биз Жастарға сенеміз. Олай болса біздің бүгінгі

«Болашақ кілтін ұстар ұрпақтар» атты ток-шоуымызға қош келдіңіздер!

Орталарыңызда Әке – Ана әнімен 7а сынып оқушысы  Тауекелов

Саламат

Көрініс  (Ана бақыты)

Енді мына сұрақтарға жауап бере отырсаңыздар:

1)   Сіздің балаңыз 

отбасында бақытты деп ойлайсыз ба?:

  а) ия  ә) жоқ    б) ештеңе айта алмаймын

 

2)   Балаңыздың болашағы жарқын болуына сіз сенім арта

аласыз ба:

  а) ия    ә) жоқ    б) ештеңе айта алмаймын

  3)   Болашақта балаңыздың  жақсы маман және

қоғамның бетке ұстар мүшесі болатынына сенімдісіз бе?:

 

а) ия    ә) жоқ    б) ештеңе айта алмаймын

 

4)   Отбасыңызда балаңызыдң  болашағы жайлы

әңгімелесесіздер ме:

  а) ия       ә) жоқ    б) ештеңе айта алмаймын

 

5)   Қазіргі таңдағы сіздердің өмірлеріңіз болашақ

балаңыздың  тура айнасы  деп есептейсіз бе:

 

а) ия   ә) жоқ    б) ештеңе айта алмаймын

 

Олай болса біз дәл осы сұрақтарды сіздердің балаларыңызға

қойып көргенбіз, мына диаграммаға назар аударсақ:

1)   Мен отбасымда бақыттымын:

Барлығы 24 ,        22- ия,              2- ештеңе айта алмаймын

2)    Менің болашағымның жарқын болуына ата-анама үлкен сенім

артамын:

          Барлығы 24 ,        20- ия,      2-жоқ,        2- ештеңе айта алмаймын

  3)    Болашақта мен жақсы маман және қоғамның бетке ұстар

мүшесі боламын:

        Барлығы 24 ,        20- ия,      2-жоқ,        2- ештеңе айта алмаймын

4)    Отбасымда менің болашағым жайлы әңгімелесеміз:

                 

Барлығы 24 ,        19- ия,      3-жоқ,        2- ештеңе айта алмаймын

5)   Қазіргі таңдағы ата-анамның өмірі менің болашақ

өмірімнің тура айнасы деп есептеймін:

Барлығы 24 ,        19- ия,      1-жоқ,        4- ештеңе айта алмаймын

Енді назарымызды мына бейнероликке салсақ (шеге туралы):

Бейнероликті көріп болған соң ата-аналардан пікірлері

сұралады.

Содан кейін қоржыннан әр ата-ана сұрақтар алып соларға жауап береді:

А)  Сіз балаңызбен қанша уақыт бірге бола аласыз?

Ә)  Балаңызбен сіздің талғамыңыз сәйкес келе ме?

Б)  Баласы үйде, қылығы түзде дегенді қалай түсінесіз?

В)  Бала тәрбиесінің алтны ережесі бар ма?

Г)  Бала тәрбиесінде ескеретін жайттар

  Ток шоу соңында ата-ананың баласына деген махаббатын бейнелеу (мимикамен) ойын ретінде ойнатылады. Содан

кейін ата-аналар мен оқушылар дөңгелене тұрып бір-біріне тілек айтады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотров: 440


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст