«Екіжұлдыз »
Жүргізуші -1
Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар және қонақтар!
Қырандай қалықтап, әсем әнмен шарықтап, Қазақстанды аралап, өнерліні
жағалап, алыстан ат арытып, микрофонды тоздырған «Екі жұлдыз» байқауы міне
біздің де мектепке келіп жетті.
Қазақ халқы қашанда өнермен өнерпазға кенде болмаған ғой. Ал, ән әлеміндегі
жұлдыздарымыздың орны бөлек. Аспан әлеміндегі сан жұлдыздың жарқырай көрінуі –
бағының жанып, бабының келіскені деп ұғамыз. «Жұлдызың жансын!» - деген қазақы
ақ тілекпен бастап, ақындарымыздың аузына түскен:
«Жұлдыздар жерге жақындап,
Байланып қалған сияқты.
Қаз - қатар өскен тату бақ,
Ойланып қалған сияқты».
Жүргізуші -2
«Көзіңнен күлкі үйірілген
Айналдым кірпігіңнен
Бір ұшқын шарпып өтті,
Сөйтті де ғашық етті!» - деген ән жолдарын бәріміз де тыңдап келеміз. Олай болса, бүгінгі «Екі
жұлдыз» бағдарламасына хош келдіңіздер!
Айзере ендеше жұптарды ортаға шақырмастан бұрын бүгін осы жұптарды номинация бойынша
марапаттайтын және кімнің нағыз жұлдыз екенін шешетін адам керек емес пе? Ондай
болса, ең алдымен қазылар алқасымен таныс болайық:
Жүргізуші – 1
мектебіміздің директоры Абдикалыкова Тұрсын Серикбайқызы
мектеп кітапханашысы Беделбекова Бибигуль Нусупалиевна
Тәрбие ісі менгерушісі Сейдахметова
Гулназ Ғалымбековна
Домбырада ойнаса қоңыр үнімен құлақ қыршынын қандырар, микрофонмен ән
салса, жастық делебеңді қоздырар, Кожакметова Фарида , Амантаева Мадинаны
« » Күйімен қарсалыныздар
Жүргізуші
-2
Сонымен келесі жұбымыз күндей күлімдеген, айдай ажары бар аруымыз Сексенбаева Замира жұбына құт болған Қарыбжан Аяулым қошеметпен
ортаға шақырамыз. Өнер десе ішкен асын жерге қоятын өнерпаз жұптарымызға қол
соғып, қошеметтеріңізді көрсетіп отырыңыздар! Рахмет!
Жүргізуші -1
Сахна төріне – салтанатты сәні бар, адамдық қасиеттердің
бойында бәрі бар, ұстаздарды құрметтей білетін, қоғамдық істерде белсеніп
жүретін Саматова Жұлдызды ортаға құрметпен шақырамыз.
Жүргізуші -2
Өнерінің күшімен, микрофонның ұшымен сіздерге әсем әндерін арнайтын келесі
жұбымыз:
Байсеитова Гульбаршын
Дауылбаева Ақсымбат
Жүргізуші -1
Құрметті көрермендер, қадірменді қонақтар, қошемет көрсетіп, қол соғып
отырсаңыздар. Талай күнгі кештерін сарп еткен, еңбектерін көрсеткелі тұрған
келесі тағы бір өнерпаз жұбымыз:
Жандосова Аяжан
Қарыпжан Аружан үнді биімен
Жүргізуші -1
Әнмен маржан өретін
Өнерін халқым көретін,
бізге ән айтып беретін, келесі
дарынды қызымыз: Туякбаева Лаура
Жүргізуші
-2
Келесі тағы бір
өнерпаз тобымыз 8 сынып оқушыларын қарсы алыныздар.
Жүргізуші -1
(Көрермендер алғыс) Айзере, осы өнер
көрсеткен жұптарымыздың қайысы саған ұнады және неліктен?
Жүргізуші -2
Ой, Ерзат, маған дәл осы жұп ұнады
деп бөліп жаруға болмайды ғой. Себебі, осы жобаға қатысу үшін барлық жұп
біршама уақыт ішінде өздерін жақсы қырынан көрсету үшін бар күштерін салып,
дайындалды емес пе? Сондықтан, әр жұп өз өнерін ортаға салып, барлығы да жақсы
айтты деп ойлаймын.
Жүргізуші -1
Рас айтасың, бірін жақсы, бірін жаман деуге болмайды. Әр жұптың өзіндік
кемшіліктері мен артықшылықтары бар деуге де болады.
Бүгінгі «Екі
жұлдыз» ән байқауының қатысушыларын марапаттау рәсімін Мектебіміздің тәрбие
ісі менгерушісі Сейдахметова Гулназ
Ғалымбековнаға сөз береміз.
2 жүргізуші:
Осындай той қазақта бола берсін,
Көңілдерге жақсылық тола берсін.
Бақ-береке, дәулет, табыс, денсаулық
Әр отбасына молымен қона берсін!
Жүргізуші -1
Құрметті
ұстаздар, оқушылар, қадірменді қонақтар! Осымен бүкіл әлемді аралап,
Қазақстанды жағалап, халықтың жүрегін жаралап келген «Екі жұлдыз» байқауы да өз
мәресіне жетті. Біздің мақсат – бірін төрден, енді бірін өрден көрсету емес,
осындай өнерпаздарымыздың өнерлерін мына сіздерге паш ету. Өнерлеріңіз өрге
жүзсін дей келе барлығымызды келе жатқан мейрамдарыңызбен шын жүректен
құттықтап, қоштасамыз.