"Ақмола облысы білім басқармасының  Целиноград ауданы бойынша  білім бөлімі  Қажымұқан ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі  
Коммунальное государственное учреждение  "Средняя общеобразовательная школа села Кажымукан" отдела образования Целиноградского района  управления образования Акмолинской области

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

23.02.2017

 

 «Кім болғым келеді?»

Мақсат: Оқушыларға мамандық таңдауда олардың негізгі түрлері,

классификасиясы белгілері, мамандық тобы, таңдау әдістері туралы білімдерін,

түсініктерін кеңейте отырып, мамандықтарға деген ынта – ықыласын,

қызығушылықтарын арттыру.

Міндеттері:

- кәсіптік мамандық таңдаудың негізгі типтері мен

факторлары туалы түсінік беру,

- кәсіптік мамандықтарға деген ынта – ықыласын,

қызығушылықтарын анықтау

- кәсіптік бағдар беру.

Дөңгелек үстел ережелері:

-Сыйластық

-Тыңдай білу

-Белсенділік таныту

-Төзімділік

-Түсіністік қарым – қатынас

Көрнекілік: интерактивтік тақта,

әдістеменің жауап парақтары, жағымды әуен, карточкалар

Кіріспе сөз: Мамандық таңдау жасөспірім

шақтағы ең маңызды шешімдердің бірі. Үлкен өмірге енді ғана аяқ басқан жас

ұланның алдында мыңдаған өзіне лайықты біреуін таңдау міндеті тұрады.

Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ мұның кез – келгеніне икемділік қажет, бұл жай

күнелту, тамақ асыраудың жолы ғана емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет

ететін нәрсе. Кейбір жастар мамандық таңдау ережесін білмегендіктен өзі қызықпайтын

мамандықты таңдайды. Осыдан өз мамандығына қанағаттанбаушылық, реніш сезімдері

болып, тіпті алдарына жоспар да құрғысы келмейді. Әрбір адам өзін – өзі дамыта

алу үшін білі м алып, сол біліміне сай мамандыққа машықтану керек.

Мамандық тандау жолы.

Баланың мектептегі жәнс

қоғамдық қоғам-дық пайдалы іс-әрекеті оның

кейін әлеуметтенуінде өте үлкен мәнге ие. Мамандық

тандауына, рухани құндылықтарға ие болуына,

әр түрлі адамдармен араласуға, мінезінің қалыптасуына әсер етеді.

Бүған мыналарды жатқызуға

болады: жас жеткіншектің қазіргі

нарықтық қатынасқа кіруі, өзінің

өмірлік позициясын қорғай алу, қоғамдық өмір туралы экономикалық және саяси білім алу, қүқықтық мәдениетті дамыту. Соңғы

кездері жоғарғы сынып оқушылары

тарапынан тұрмыстық және өндірістік дизайн,

мебельдер жасау, безендіру, тоқыма және

тігін, өсімдіктер өсіру, ландшафты дизайн, гүл есіруші және бақташы, әр түрлі

андар асырау сияқты кәсіптерге қызығушылық

артуда. Мүндай жүмыс түрі қосымша білімді

қажет етеді, еңбекке деген шығармашылықты талап етеді карым-қатынас

жасай алу. Мектеп түлектерінің мамандықты

дәйекті түрде таңдауы туралы нақты

ақпараттар қүруға еңбек нарығында

олардың қажеттілігін қамтамасыз

етуге міндетті.

Біздің мақсатымыз – оқушылардың кәсіптік қалыптасуымен

байланысты өмір туралы, әлеуметтік құндылықтар туралы танымдылығын

психологиялық – педагогикалық көмек көрсету.

«Кел амандасайық» жаттығуы:

( ата-аналар мен ұстаздар ішкі ортаға, оқушылар сыртта шеңбер құрап

бір-біріне қарап тұрады)

        1рет

шапалақтағанда – қол беріп амандасасыз

         2 рет

шапалақтағанда – иықпен амандасасыз

        3 рет

шапалақтағанда – аяқпен

        4 рет

шапалақтағанда – құшақтасамыз

 (3 топқа бөлеміз)

1 топ «Кәсіпқойлар»

2 топ «Шеберлер»

3 топ «Мамандар»

«Ойлан және жауап бер»

Әр адам өзіне мамандық таңдағанда ыңғайлы жағдайына, оның

қоғамда қаншалықты қажет екеніне көңіл аударады. 

-Кәсіпқой не шеберлерді маман деп атауға бола ма?

-Балалар, сендердің ойларынша

кәсіптік мамандық таңдағанда не маңызды болып табылады?

Жүргізуші: Құрметті оқушылар, ата-аналар. Ортамызға өз

ісінің маманы, оқушыларымыздың алғаш рет қолдарына қалам ұстатқан Ботагөз

Жанболатқызын ортаға шақырғым келеді.

Сұрақтар:

1.мамандық таңдауда кімнің

пікірін тыңдадыңыз, әлде бәрі жүрек қалауымен бе?

2.  Мамандықты өзгерте аласыз ба?

3. мұғалім үй салып жүр, ал

құрылысшы мұғалім бола ала ма? оқушыларыңызды құрылысшыға сеніп тапсыра аласыз

ба?

(Видео көрсету) ІТ мамандығы

4. Біз сендермен кәсіптік мамандық таңдағанда ең

маңызды болып табылатын шарттарды таңдап көрейік.

 1.

Ақша: мамандық материалдық жағынан жақсы болу керек.

2. Абырой: аула тазалаушы болғаннан гөрі хирург болған

жақсы.

3. Диплом: алдымен диплом алсам болды, профессия артынан

табылады.

Осы көз қарастарды ұстанған топтар, таңдаған көзқарастары

бойынша топтарға бөлініп отырып, өз таңдауларын қорғау қажет.

5.Келесі кезекте ортамызға 

мектебіміздің жас маманы, мақтанышпен айтатын өзімнің оқушым Мөлдір

Оралқызын шақырамын.

1 сұрақ – мектеп бітіріп жатқанда ата-анаң қандай пікір

білдірді?

2 сұрақ – ал осы мамандықты жүрек қалауымен таңдап

бардыңыз ба?

6.Топтарға тапсырма беру

Салфетка, клей, қағаз, тіс тазалайтын т.б беріп биік,

әдемі, жел соқса құламайтын үй тұрғызу және атау беру.

7. Ортамызға бұл мамандықтардың ішінде жоғары орынға қоюға

болатын мамандықтың бірі, бұл мамандыққа бүкіл әлем болып бас иеді. Медбике.

Асем Шамшиденқызы

-Мамандық таңдауда нені негізге алуға болады?

-Мамандық таңдауда ата-анаңыздың пікіріне құлақ астыңыз

ба?

-Мамандықтың қиыншылығы мен қызығы қатар жүреді, сол қиыншылыққа

қалай төтеп беруге болады?

-болашақ мамандық иелеріне қандай кеңес бере аласыз?

Жүргізуші: Әр оқушы мен ата – аналарға анкеталық сұрақтар беру.

Оқушыларға  анкеталық сұрақ:

1.  Өз

ата-анаңның мамандығы үнай ма? Әлде туысқандарыңның маманы ма?

2.  Ата-аналарың өз мамандықтары жөнінде не

айтады?

3.  Сен ата-аналарыңның жұмыс орнында болдың ба?

4.  Саған ұнады ма?

5.  Ата-аналарың туралы қызметтестері не айтады?  

6. Ата-аналарыңның жұмыс орнына сен өзінді қоя алар ма едің?

7.       Ата-анаңның мамандыгының қандай қажеттілігі бар деп ойлайсың?

8. Олардың мамандығы үшін қандай сипаттама қажет?

9. Олардың ісін жалғастыру үшін сенде қандай мінез-құлық қалыптасу керек.

10. Ата-анаң олардың мамандығын жалғастыруынды қалай ма?

          

Ата-аналарға анкеталық сұрак:

1.  Жанүяңызда балаңыздың болашақ мамандығы туралы талқыладыңыз ба?

2.  Балаңыздың мамандық таңцаудағы көзқарасына қосыласыз ба?

3.  Оның мамандық тандаудағы қызығушылығын ескеру керекдеп ойлайсыз ба?

4.  Болашақта балаңыздың кім болғанын қалайсыз?

5. Оқу бітірген соң, оқуын жалғастыра ма, әлде жүмыс істсй ме?

6.       Балаңыздың мүмкіндігі мсн қабілетін қарайсыз ба?

7. Мамандық таңдау кезінде кеңесші маманның жәнс психологтың қатысуына қалай қарайсыз?

8. Балаңыз қай саладағы мамандық туралы көп айтпайды?

9. Осы мәселені шешуде сынып жетекшісінің қандай көмегі керек?

10.      Осы мәселені қай сыныптан бастап көтеру керек?

 

Стикерлерге

ата-аналар мен оқушылар бүгінгі күннен алған әсерлерін жазып жүрекке барып

қадау.

 

Жүргізуші: Мамандық

таңдаудың екі әдіс – тәсілі бар.

Бірінші

әдіс — сынақ және қателік, адам нағыз

қажетті мамандықты таппайынша адаса жүріп әр түрлі салаларда

жұмыс істеуіне болады, бүл оған жақсы өмір сыйлаумен қатар,

еңбсктің қуанышын

да сыйлайды. Бүған адам өмірінің жартысы кетуі мүмкін.

Екінші әдіс — қандай мамандық таңдаса да әрбір

адамға қажетті өзін-өзі тану, өзінің қызығушылығын,

қабілетін, ойын, есте сақтауын, қабылдауын, жүйке жүйесінің қалыбын білу.

Өзің туралы білген соң,

мамандық әлемімен танысуға, сол мамандықтағы

өз мүмкіншілігінді, адамның маманға сай болу жонінде

білуіңе болады.

Тағы да үшінші жол бар. Ол —

өзіңнің ата-анаңның, атаңның және

бабаларыңның мамандығын тандау. Мүндай жағдай егер отбасында

мамандықтың ұрпақтан-ұрпаққа берілу дәстүрі болғанда

тандауға болады. Бірақ ең бастысы — адамның

өз маманына деген қарым-қатынасы, өз

ісіне дсген сүйіспеншіліктен туындамақ.

Болашақ мамандық тандау

кезінде үлкендердің көмектескеніне қарамастан,

соңгы шешімді баланың өзі қабылдайды және

одан арғы жауапкершілікті де өз

мойнына алады.

 

Рефлексия. Барлық

қатысушыларды ортаға шақырамыз.

Тағыда

ортаға ата-аналар шеңбермен оқушылар сыртқы шеңберде тұрады. Қолдарына

«Универсиада» таңбасын алып оқушыларына тілек айтады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотров: 369


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст