Сабақ тақырыбы: Өсімдік- тірі организм. Сабақтын мақсаты: Білімділік:Оқушыларды өсімдіктердің алуан түрлігімен таныстыру. Дамытушылық: Өсімдіктерді топқа бөлуді үйрету. Сөздік қорларын молайту, өқу машығын кеңейту, әр тақырыптың негізгі ойын тұжырымдауға дағдыландыру. Тәрбиелік: Елін, жерін сүюге, оны мақтан тұтуға тәрбиелеу. Сабақтын көрнекілігі: Талдардың, өсімдіктердің суреттері, АКТ қолдану. Сабақтың түрі: Жана сабақ. Сабақ барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі: Күндей жадырап, Гүлдей жайнап, Жұлдыздай жарқырап, Судай мөлдір таза көңілмен Бүгінгі сабақты бастаймыз 2. Үй тапсырмасын тексеру: -Викториналық сұрақтар: 1.Адам өміріне тыныс алу үшін не қажет? Ауа. 2.Аспан мен жердің астасқан жерінен ойша сызық жүргізсек,оны не дейміз?Көкжиек сызығы. 3.Көкжиек тұстарын анықтайтын арнаулы құралды ата?Құбылнама 4.Судың түсі қандай?Су түссіз. 5.Жердің бетінің өсімдік өсетін борпылдақ,жұмсақ қабатын не дейміз?Топырақ 6.Топырақтың ең басты қасиеті?Құнарлылығы 7.Құнарлы топырақ деп қандай топырақты айтады?Бойында шіріндісі көп. 8.Көкжиектің неше тұсы бар?Төрт. 9.Күшті нөсер жауған кезде су топырақты шайып,ағызып әкетеді,сонда не пайда болады?Жыралар. Ауаның қасиеті.Судың маңызы.Топтастыру. Жұмбақ кітапша.»Өсімдік» Оқушыларға жұмбақ жасыру. Жазда жатсаң, көлеңкесіне алады, Қыста жақсан, жаның рахат табады. (Ағаш) Жасыл ине киемін, Жайлаймын тау биігін. Жаңа жылды тойласаң, Төріндемін үйінің. (Шырша) Ағайынды бәрі, шықса жасыл, түссе сары. (Жапырақ) - Балалар , ағаш, шырша, жапырақ деген сөздерді топтастырып бір сөзбен қалай айтуға болады? - Олай болса , біздің бүгін өтетін тақырыбымыздың аты «Өсімдік- тірі организм.» деп аталады. Сыныпта тірі табиғатқа жататын не бар? -Неге өсімдікті тірі ағза дейміз? Топтастыру. - Өйткені олар өседі, өнеді, қоректенеді, өледі. АКТ-қолдану. Балауса-Нәрлі соны шөп,жас шалғын.
- Балалар ғарыштан қарағанда біздің планетамыздағы мұхиттар мен көлдер көк түсті, бұлттар мен мұздар ақ түсті, таулар қоңыр, ал өсімдіктер жасыл түсті болып көрінеді екен.Бұл орман, тоғай, шөп басқан жазықтар, егістіктер, жеміс бақтары. Өсімдіктер алуан түрлі. Ғалымдардың есептеуі бойынша дүниежүзінде 350 мыңнан астам өсімдік бар екен. Оның ішінде 15 мыңдай түрі біздің елімізде кездеседі. Өсімдіктердің тіршілік ететін ортасы да алуан түрлі. - Балалар өсімдіктер қандай жерлерде тіршілік етеді? - Өсімдіктерді біз не арқылы ажырата аламыз? Өсімдіктер ең негізгі үш топқа бөлінеді. Олар: ағаштар, бұталар, шөптекті өсімдіктер. Ендеше. Біз де осылай үш топқа бөлінейік. Топ- Ағаштар Топ- бұталар Топ- Шөп текті өсімдіктер. Қызықты мәліметтер.(Оқушылар өздерінің дайындаған қызықты мәліметтерін оқиды) Рауан: Дүниедегі ең биік шөп-бамбук.Ол ағаш сияқты көрінгенімен ол- шөп. Биіктігі 25 метр . Ол күніне 1 метрден өсіп отырады. Айзере: Әлемдегі ең биік ағаш - эвкалипт. Ол Австралияда өседі.Оның биіктігі 100-110 метр. дәмі сүттің дәміндей. Зейнеп: Қытай, Жапония, Үндістанда кәмпит ағашы кездеседі.Оның күнге кептірілген жемістері кәмпит сияқты тәтті болады.
Кітаппенжұмыс:Жұппен оқыту.Түсінгенін 1-2 оқушыдан сұрау. Микроскоп---жай көзге көріне қоймаған заттарды үлкейтіп,көрсететін шыны құрал. Өсімдіктер туралы мағлұмат: Күн қуатынан және топырақтан қоректеніп,өсімдік өседі,гүлдейді,жеміс, тұқым береді.Өсімдік болмаса, тірі организмдер өзіне керекті қоректі таба алмайды.Орман, шалғын,дала өсімдіктері жануарлардың тіршілік ететін ортасы. Адам өмірінде жасыл өсімдіктің маңызы өте үлкен.Себебі,олар ауаны тазартады,шудыазайтады,шаңдарды бойына жұтады. Өсімдіктер үш топқа бөлінеді. Өсімдіктер :Бұта,Ағаш,Шөп болып бөлінеді. Ағаштарға:қайың,емен,көк терек,алма ағашы,қарағаш,жөке,терек. Бұталар:қарақат,таңқурай,итмұрын,бөріқарақат,жыңғыл,бөртегүл. Шөптектес өсімдіктер:түймедақ,жусан,бақбақ,көкнәр,боз,беде,жоңышқа, Ағаштар:Қылқан-мәңгі жасыл ағаштарда жапырақ орнына өсетін тікенек. Жапырақты (діңінен көптеген бұтақтар тарайды) Қылқан жапырақты( жапырағы жіңішке ине тәріздес) Жапырақты ағаштар-------қайың,шетен,емен. Қылқан жапырақты ағаштар------қарағай,балқарағай,шыршы. Семантикалық картамен жұмыс:тақтаға әр топтан оқушылар шығып,орындайды. |
[Введите содержимое боковой полосы. Боковая полоса представляет собой независимое дополнение к основному документу. Обычно она выровнена по левому или правому краю страницы либо расположена в самом верху или в самом низу. Для изменения форматирования надписи, содержащей боковую полосу, используйте вкладку "Работа с надписями".]
|
[Введите цитату из документа или краткое описание интересного события. Надпись можно поместить в любое место документа. Для изменения форматирования надписи, содержащей броские цитаты, используйте вкладку "Работа с надписями".]
|
[Введите содержимое боковой полосы. Боковая полоса представляет собой независимое дополнение к основному документу. Обычно она выровнена по левому или правому краю страницы либо расположена в самом верху или в самом низу. Для изменения форматирования надписи, содержащей боковую полосу, используйте вкладку "Работа с надписями".]
|
Дәптермен жұмыс:
1-топ.1-тапсырма.Өсімдік-тірі организм екенін дәлелде.
2-топ.2-тапсырма.Ағаштарды қызыл түспен,бұталарды көк
түспен, шөптерді жасыл түспен боя.
3-топ.3-тапсырма.Кластер.
Ойын.»Тауып
көр»
Ойын мақсаты:Оқушылардың жаңа тақырып бойынша алған
білімдерін қорытындылау.
Ойын тәртібі бойынша дұрыс сөйлемге шапалақтайды,қате
жауапқа шапалақ ұрмайсындар.
1.Өсімдік тірі ағзаға жатады.
2.Күзде ағаштар жапырағын түсіреді.
3.Қараңғы жерде өсімдіктер жақсы өседі.
4.Өсімдіктер ауаны тазартады.
5.Өсімдіктерге қамқорлық қажет.
6.Алманың дәмі ащы.
7.Табиғатты қорғап керек жоқ.
8.Жұлдыздар күндіз жарқырап шығады.
.9.Бір аптада жеті күн бар.
10.Ауа барлық жерде бар.
Қортындылау:
-Тағы қандай тірі организмдерді білесің?
-Ағаш,бұта,шөптектес өсімдіктерді салыстыр.Олардың
түрлерін ата.
-Жапырақты ағаштар мен қылқан жапырақты ағаштардың қандай
айырмашылығы бар?
Ой толғаныс:
-Не білдік?
-Не үйрендік?
-Сұрақ
-Пікіріңіз?
Үй
тапсырмасы:Мәтінді оқып келу.