"Ақмола облысы білім басқармасының  Целиноград ауданы бойынша  білім бөлімі  Қажымұқан ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі  
Коммунальное государственное учреждение  "Средняя общеобразовательная школа села Кажымукан" отдела образования Целиноградского района  управления образования Акмолинской области

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

08.02.2017

Сабақтың атауы

Тамаша ғой қыс деген

Сілтеме

Әдебиет 

оқулығының әдістемесі

Сабақтың жабдығы

Сабақтың көрнекілігі: қыс мезгіліне байланысты суреттер, өлеңдер, ойындар, оқулық, сөздік

дәптер.

Жалпымақсаттар

1. Өлеңнің мағынасын түсінуіне, табиғаттың керемет

тылсым күшін, қыс    мезгілінің

әдемілігін тануына мүмкіндік туғызу.

2. Оқушылардың сөзік қорларын молайту арқылы сөйлеу

тілдерін дамыту.

3. Қысқы табиғатты тамашалау арқылы әр жыл мезгілінің

өзгешілігін өзінше бағалауға, әсемділікті, әдемілікті түсінуге, қастерлеуге

тәрбиелеу.

 

Оқыту  нәтижесі

Топқа бөлу

Кәмпиттер арқылы топқа бөлу

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ынтымақтастық атмосферасы

Психологиялық дайындық.

Екі көзің не үшін керек?

Жақсыларды көру үшін.

Екі құлағың не үшін керек?

Ақыл кеңес тыңдау үшін.

Екі қолың не үшін керек?

Елге көмек беру үшін.

Екіаяғың

не үшінкерек?

Туғанжердежүруүшін!-

 

 

Оқушылар мұғаліммен қосылып тақпақты айтады

Үй тапсырмасын сұрау

 

1. Ұйымдастыру бөлімі.

2. Үй тапсырмасын тексеру.

«Қасқыр қысты қалай өткізеді?»  авторы кім екен? – Міржақып Дулатов.

Қандай жануарлар туралы айтылған

1.         Қасқыр

2.         Аю –

3.         Түлкі –

4.         Көртышқандар

5.         Қоян

-  әрқайсысына оқушылар шығып, баяндап

береді.

3. Қызығушылықты ояту.

- Жұмбақ оқып, оқушылар шешуін анықтайды.

- Аяз қысып, өрнек сызып,

Терезені торлайды,

Қырға омбығып, бет домбығып

Сырғып жастар ойнайды

 

Кейде ұшып, кейде ысқырып

Ұйытқып боран соғады

Айтыңдаршы, балалар

Бұл қай кезде болады? (Қыс)

 

«Кім шапшаң?» ойыны арқылы Лездеме

сұрақтарға жауап берейік.

1.         Жылдың

қай мезгілінде қар жауады?

2.         Қыс

мезгілінде неше ай бар?

3.         Қыс

мезгіліндегі басты мерекені ата.

4.         Балалардың

қысқы көлігі                оқушыларды марапаттау.

Қызығушылықты ояту

Мағынаны тану

Мәтінді тізбектеп оқу

4. Жаңа сабақ.

-         

Бүгінгі біздің

сабағымыз қыс тақырыбына арналады.

-         

Тақтаға тақырыпты

жазамын «Тамаша ғой қыс деген»

-         

Бұл өлеңнің

авторы Өтебай Тұрманжанов , - ол туралы түсінік беріп, «Өс, ұлан» - өлеңін

41-беттен оқып кеттік.

-         

«Қыс» мезгіліне

арналған суреттерді тақтаға ілемін.

-         

Сұрақ – жауап

әдісі арқылы қыс мезгілінен өзгерістер, ерекшеліктер туралы сұрап, айтып

түсіндіремін.                                                                                                                                                Қыс

мезгілінде адамдар жылы киімдерін киеді. Малдар қорада тұрады, адамдар қар

күрейді, шанамен ойнайды, қар атысып ойнайды.

5.Оқулықпен жұмыс. Өлеңді мәнерлеп

оқып, мазмұнын түсіндіремін.

 

-         

Сабалау сөзінің

мағынасын түсіндіріп, сөздік

дәптерлеріне жаздыртамын.

-         

Оқушыларға

тізбектей өлең жолдарын оқытамын.

-         

Қазақ тілі пәнімен байланыстыру. Сөйлемнің қандай түрлері бар? Хабарлы,Сұраулы,Лепті.

-         

Осы өлеңде сөйлемнің

қандай түрлері кездесіп тұр, - деп оқушылардан сұраймын.

 

Сергіту сәті

Иiлiп оңға бiр, иiлiп, солға бiр.

Жаттығу жасаймын.

Оң аяқ, сол аяқ, оң аяқ , сол аяқ

Жаттығу

оңай-ақ.

 

Оқушылар денелерін жатықтырады

Ой толғаныс

.«- Ойнайық та, ойлайық,

    Шешпей оны қоймайық» - деп

жұмбақ шешу:

-         

Қолы жоқ, сурет

салады,                                                                                                                              

Тісі жоқ, тістеп алады.  (Аяз)

-         

Қыс болса қырмен

ойды аралайды,                                                                                                    

Жаз болса, қозғалуға жарамайды. (Шана)

-         

Отқа

жанбайды,                                                                                                     

                                    Суға

батпайды. (Мұз)

-         

Оқушыларды

марапаттаймын.

8.Ойтолғау.                                       

Ойнайық біз аққала,

Домалатып ақ қарды

Ойнайық біз топтана,

Салып ғажап бақтарды.

Оқушыларды топтарға бөліп, аққаланың орнына өздерін

қойып жауап береді: (тақтаға аққаланың суреті ілінді).

1.      Мен аққаламын, себебі:

2.      Мен қайталанбайтын жанмын, себебі:

3.      Менің болашақ арманым –

4.      Менің қасиеттерім –

 

Қорытынды бөлімі: - Өлеңді хормен

айтады: (қимылмен көрсетіп)

Қандай суық қыс деген

Қалтырайды құс деген

Құлақшынды кимесе

Құлағыңды тістеген

Қандай қызық қыс деген

Бәрін шебер істеген

Бақша – бауды, тауды да,

Бояған ақ түспенен

              

Сонымен балалар бүгінгі сабағымыз қалай аталады, өлеңнің авторы кім

екен, деп сабақты   қорытындылаймын.

 

Үй тапсырмасы

Оқулықтағы тапсырманың қалғанын үй жұмысы

ретінде беру


Күнделіктеріне жазады

 

83-бет, оқып жаттап алу.

 Бағалау

 Смайликтер арқылы кері байланыс орнату

 

Просмотров: 491


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст