"Ақмола облысы білім басқармасының  Целиноград ауданы бойынша  білім бөлімі  Қажымұқан ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі  
Коммунальное государственное учреждение  "Средняя общеобразовательная школа села Кажымукан" отдела образования Целиноградского района  управления образования Акмолинской области

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Әлем қыздар көзімен" тренинг

22.01.2020

Тақырыбы: Мейірімді болса жүрек – орындалар тілек.(ұстаздарға арналған тренинг) 
Мақсаты: Ұстаздарды жаңашылдыққа, инновациялық әдіс тәсілдерді тәжірибелеріне енгізе отырып, логикалық ойлау қабілетін, шығармашылық ізденісін, ой-қиялын арттыру. 
Міндеті: Жаңа қоғамдағы адамгершілік, патриотизм және педагогиканың ұйытқысы ретінде нәтижеге бағытталған білім беру іскерліктерін дамыту. Мұғалімнің эмоциялық көңіл-күйлерін көтеру, топтасып жұмыс істеу жүйесін әрі қарай дамыту. Ұстаздардың өз кәсібіне деген ынтасын арттыру. 
Түрі: Психологиялық тренинг сағаты 
Әдісі: Топтық жұмыс, сұрақ-жауап, мимика мен түсіндіру,опликация, ой бөлісу және пікір алмасу. 
Көрнекілігі: Плакаттар, маркерлер, компьютер, интерактивті тақта, жүрекше, смайликтер, қобдиша, А4,А3 
Тренинг ережесі: 
1. Белсенділікті арттыру 
2. Бірігіп жұмыс істеу 
3. Бір-біріне кедергі келтірмеу 
4. Өз ойымды ашық айта білуге үйрену 
5. Өзіне пайдалы нәрсені алу 
6. Әріптестермен жақсы қарым-қатынаста болу. 
7. Өзін еркін ұстауға үйрену 
Тренер сөзі: Сәлеметсіздерме, ұлағатты ұстаздар! Бүгін сіздерді психикалық көңіл-күйлеріңізді көтеруге, өз бойларыңыздағы шығармашылық қабілеттеріңізді бағалай білуге өз-өзіңізге құрметпен қарауға, бір-бірімізбен сыйластық қарым-қатынаста болуға арналған «Мейірімді болса жүрек – орындалар тілек» атты тренинг сағатына ұйымшылдықпен қатысуға шақырамын.
I. Ұйымдастыру кезеңі: . 
«Сәлемдік хат» жаттығуы

Қағазға сәлемдесу сөздерін жазыңыз. Сосын оны қобдишаға саламыз. Сонан соң мен оларды араластырып сіздерге ұсынамын. Сіз алған хатты топ алдында оқып, өзіңізге бүгінгі күннің естелігі ретінде қалдырасыз.

Қатысушылардың бәрі шаттық шеңберіне шақырамыз
«Жан жылуы» жаттығуы. Қолдарынан ұстап бір-біріне төмендегі сөздерді хормен айтады. 
Мен сенен жылу аламын (сол жағына қарайды) 
Жүрегіме саламын (тура қарайды) 
Досыма сыйлаймын (оңға қарайды) 
Сәттілік тілеймін (тура қарайды) 
II. «Негізгі бөлім» 
«Жақсы қасиет»жаттығуы:
Тренер сөзі: Нұсқау: Есіміңіз қай әріпке аяқталады, сол әріптен басталатын өз бойындағы жақсы қасиетін айту.
Тренер талдау: Бір- бірімізге қол соғып қоямыз. Рахмет, келесі тапсырмаға көшеміз. 
«Суреттегі ой» жаттығуы: 3 топқа 3 түрлі суреттер көрсетіледі. 
 Жаттығуы: «Ұстаздармен сұхбаттасу жолы».Мінекей сіздерге бірнеше сұрақтар беріліп тұр. 
1. сіздің бала кезіңіздегі арманыңыз қандай? 
2. сіздің қызығушылығыңыз қандай? 
3. сіз қандай оқушыны ұнатпайсыз? 
4. ең сүйікті мейрамыңыз қандай? 
5. өз мамандығыңыз сізге ұнайма? 
6. бос уақытыңызда немен айналысасыз? 
7. мұғалімдіктен басқа қандай мамандыққа барар едіңіз? 
8. оқушы бойынан қандай қасиет көргіңіз келеді? 
9. сізге ұнамайтын үйірмелер бар ма? 
10. сіздің қолыңызда билік болса, қандай үйірме ашар едіңіз? 
Тренер сөзі: Нұсқау: алдарыңыздағы А4 ақ қағазға әркім қос қолының суретін бастырып алады және сауақтарға өз жауаптарын жазып.

Мұғалімдер жауабы: 
Тренер: Рахмет сіздерге, әрқашанда жүректеріңіз нұрлы иманға толы болсын деген тілекпен тренингімізді жалғастырамыз. 
«Аппликация» жаттығуы: бұл бөлім бойынша әр топ өзі таңдап алған түсінен плакатқа жабыстыру арқылы белгілі бір бейнені білдіреді. 
Нұсқау: мына бөліп қойған түстерді топ басшыларыңыз таңдауға болады. 
1 топқа – қызыл, жасыл түс келді (Бұл топ Қалампыр гүлін жасайды) 
2-топқа – көк, сары түс келді (бұл топ ҚР Туын бейнелейді.) 
3 топқа- көк,сарғылт түсі келді (бұл топ Теңізде жүзіп бара жатқан желкенді қайық бейнесін бейнелейді.) 
Тренер сөзі:

1-топқа, рахмет сізге. Сіздің шәкірттеріңіз, сізден алған білімімен тәрбиесінің арқасында Отанымызды сүйетін патриоттар болып, осы гүл сияқты құлпырып өсе берсін деп тілеймін! 
2-топқа. Керемет! Сіздің шәкірттеріңіз, еңбектеріңізді ақтап егеменді еліміздің білімді ұрпағы болып, тілімізді, дінімізді құрметтей отырып, еліміздің туын биікке көтеруіне шын жүректен тілектеспін! 
3-топқа. Жарайсыз, тамаша! «Білім –теңіз, мектеп -кеме» демекші, сіздің шәкіттеріңіз, сіздің берген біліміңіздің арқасында, осы кемедей еш кедергісіз асулардан тосқаусыз өтіп теңіздің шетіне, яғни білімнің шыңына қиындықсыз жетсін деген ақ тілегімді білдіремін! 

Мерлин Монро, Бред Пит, Стиральная машина ойыны.
Рефлексия: «Ашығын айтсам» 
1. Бүгінгі тренинг сіздерге ұнады ма? 
2. Тренингтен қандай әсер алдыңыз? 
3. Тренингтен кейінгі көңіл күйіңіз қандай? 
Тренер сөзі: «жүректен шыққан сөз жүрекке жол табады» Осы шенбер бойынша тұрып, жүректі үлестіру арқылы бір-біріне тілек айту. Жылы сөз адамдарды достастырады, сабырлы болуға, денсаулығын сақтауға, көңілін көтеруге ашуын қайтаруға септігін тигізеді. Әр айтылған сөзді адам жүрегімен қабылдайды. Сондықтан, қолдан келгенше бір-біріңе жылы, жақсы сөздер айтқан дұрыс. 
Қорытынды: Адам өмірде екі нәрсемен қартаймайды, біріншісі-қайырымды ісі, екіншісі- жүректен шыққан жылы сөзі. Әрқашанда бір-бірімізге жылы сөздер айтып, бір-бірімізге қайырымды болайық. Мейірімді болса жүрек – орындалар тілек.

 

Просмотров: 421


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст