"Ақмола облысы білім басқармасының  Целиноград ауданы бойынша  білім бөлімі  Қажымұқан ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі  
Коммунальное государственное учреждение  "Средняя общеобразовательная школа села Кажымукан" отдела образования Целиноградского района  управления образования Акмолинской области

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Бәріміз-біріміз үшін» ойын тренинг Сексенбаева Ұ.К.

22.01.2020

Бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі

 

Отбасы – шағын мемлекет. Ол ашық тұрған бір кітап сияқты. Күнде бір бетін ашып жазып отырсаң, оған көп нәрсе жаза берер едің. Бірақ Сіз оған не жазар едіңіз?

            Яғни, әр отбасының тұрмысы оның әлеуметтік жағдайына байланысты. Отбасындағы ең бағалы байлық – бала. Сондықтан мына «қара жәшіктен» отбасындағы тәрбие жөніндегі сұрақтарды алып, жауап беріп, пікірімізді ортаға салайық.

Баланың бойына қандай қасиеттер жинап жүрсіз?
Балаңыздың қандай өнері бар?
Балаңызды қалай мадақтайсыз?
Балаңызды қалай жазалайсыз?
Балаңыздың дамуына теріс әсер ететін қандай жағдайлар бар?
Балаңызға ұялытелефонмен отыруға рұқсат бересіз бе?
Суицид дегенді қалай түсінесіз? Оған қандай жағдайда барады?
Бұзақылық неден басталады?
Балаңыз  үшін не істей аласыз?
Балаңызбен ашық сөйлесе аласыз ба?

Түйін. Теріс әрекеттер: ұрыс, кикілжің, ауладағы бұзақы достар, жаман әдеттер, көбіне оңашада қалу, интернет желісі, өсек, өтірік айту, әлеуметтік тұрмыс, отбасындағы теріс әрекеттер.

Оң әрекеттер: Достарымен танысу, үйірмеге қатыстыру, сүйікті ісімен айналысуға рұқсат беру, білім алуына жағдай жасау, ақыл-кеңес беріп отыру, дарынын ашуға талпыну,талап қою, қажет болған жағдайда жаза қолдану, сүйіспеншілікпен қарау.

Ой толғаныс.

Егер баланы үнемі сынап отырса, оның оқуға құлқы болмайды.
Балаға үнемі  күлсе, бұйығып өседі.
Бала қауіпсіз жағдайда өссе, ол  адамға сеніммен қарайды.
Бала адалдықта өссе, шыншыл болады.
Қолдап отырса, алға талпынады.
Төзімділікте өссе, адал болып жетіледі.
Бала кекшілдікте өссе, ол қатыгез болады.
Сүйіспеншілікте өссе,  махаббатқа бөленеді.
Баланың қиялына үміт берсе, ол көздеген мақсатына ұмтылады.
Бала айналасында өзін жақсы көретінін сезінсе, мейірімді болады.
:

Сыныпты безендіру, көгалдандыру қолға алынса;
Сыныпта «кітапхана бұрышы» ұйымдастырылса;
Баланың іс-шараға қатысуы қолданса.

Акация ағашы

Қаланың сыртында биік, әдемі ғимарат бар еді. Қалаға кіре берісте бірден көзге көрінетін. Ол балалар ауруханасы еді. Қыс ортасында ауырып қалған Арман осы ауруханаға жатқызылды. Оған сары шашты, әрқашан күлімсіреп жүретін Сәуле деген медбике қарайтын. Айлар өтеді, бір күні Арман медбикеге мұңая:
-Сәуле медбике, жатқаныма біраз ай болды. Мен қашан жазыламын,-дейді. Медбике жапырақтары түскен, қураған бұтақтары бақшаның қабырғасына жеткен "акация"ағашын көрсетіп"
-Арман, бұл акация ағашына қайтадан жасыл жапырақтар шыққан кезде, сен сауығасың,-дейді.         

Сол бір күннен кейін Арман акация ағашына қарап, оның гүлдеуін тағатсыздана тосады. Қыс бітіп, көктем келді. Медбике Сәуле басқа ауруханаға ауысып, оның орнына Арманды бағу үшін басқасы келеді.
            Көктемде айнала көгеріп, гүлдерге толады. Жалғыз Акация ағашы ғана қыстағы сияқты гүлсіз, жапырақсыз қалпында қалады. 
Арман күрсініп:
-Ах...медбике Ғазиза....Акация ағашы қашан гүлдейді?-дейді бір күні. Жаңа медбике Акация ағашына қарап:
-Ағаш қураған ғой. Ол енді ешқашан гүлдемейді,-дейді. 
Кішкентай Арман қорыққанынан түршігіп:
-Олай болса, мен ешқашан сауықпаймын. Мүмкін өлетін шығармын,-деп өксіп жылайды.

Арман терезеге қарағысы, акация ағашын көргісі келмей қалады. "Демек өлемін"-, деп ойлайды. Медбике Арманның бұл қылығына түк түсінбей, болған жағдайды дәрігерге барып айтады.
-Арман терезеден қашып, даланы көргісі келмейді, -дейді. 
-Жақсы олай болса күн түспесін дейік те, терезесін қалың пердемен жабайық, -дейді. Терезе жабылған соң Арман бақшаны да акация ағашын да, терезені де көрмейді. Бірнеше апта өтеді. Басқа балалар сауығып ауруханадан шығып жатады. Арман болса әлі жазылмайды.
Түні бойы өксіп жылаған Арманға медбике :
-Мүмкін тұрып біраз серуендерсің?-дейді. 
-Жоқ! Жоқ! Күшім жетпейді. Өлімнен қорқамын-дейді. Таңертең дәрігер медбикеге:
-Арманның әлі сауықпағанына бір түрлі түсінбеймін. Баланы терезенің алдына апарып көрші. Байқап көрейік, -дейді.
          Арманның терезеге жақындағысы келмейді, қураған ағашты көруден қорқады. Медбике күшпен баланың қолынан ұстап терезенің адына әкеледі. Арман көзін тас-қылып жұмып алады. Дәрігер:
-Аш көзіңді -дегенде көзін әзер ашқанда гүлденген акация ағашын көреді. Медбике акация ағашын барлық ағаштардан кеш гүлдейтінін білмейтін еді. Күн сәулесінің астында жапырақтары қозғалып тұр. Қуанғанынан Арман айғайлап :
-Алақай акация гүл атты. Мен енді жазыламын. Медбике Сәуле солай деген, -дейді. Медбике мен дәрігер ешнәрсе түсінбей, таңғалып бір-бірлеріне қарасады.
        Бірнеше күн өткеннен кейін Арман сап -сау достарымен бірге акация ағашының астында бақытты жүзбен ойнап отырған еді...

М. Бұл әңгімеден қандай түйін жасауға болады?

Ата-аналарға арналға 14 кеңес.

 

1. Таңертен сабаққа барарда балаңызды жайлап қана оятыңыз. Сіздің биязы үніңіз бен

күлкіңіз ақ ұйқысын ашуы тиіс. Кешегі түкке тұрмайтын нәрсеге бола жүйкесін жұқартпаңыз. Тамағын ішпей жатып ұрыс-керіс ұйымдастырмаңыз.

2.Егер балаңыз сабақтан кешігіп қалса «Бол да, болға» салмаңыз, оны ертерек оятпаған өзіңіз кінәлісіз.

3. Балаңызды (әсіресе таңертең) ашқұрсақ жібермеңіз.

4. «Тыныш жүр», «бұзық болма», «бүгін екі алып келсең құртамын» деген ескертулерді айта бермеңіз.Керісінше оған жылу сыйлап, жақсы баға алуына тілектестік білдіріңіз.

5. Бала бірдеңеге ашуланып жүрсе бас салып сұрақтың астына алмаңыз, сабасына түскен соң, өзі ақ айтып береді.

6. Есіктен кірмей жатып «Бүгін қандай баға алдың?» деп сұрай бермеңіз.

Мектептен келген балаңызды көңілді қарсы алыңыз, оның сабақтан шаршап келгенін

ескеріңіз.

7. Баланың бір қылығы үшін мұғалім сізді шақыртып алса, өзара әңгіме барысына

балаңызды қатыстырмаңыз.

8. Мектептен келе сала баланы отырғызып қойып сабаққа дайындалтпаңыз.Олар да

2-3сағат ойнап, демалған жөн, түсте ұйықтап демалсын.

9. Бір мезгілде барлық сабаққа әзірленуін талап етпеңіз. Әр сабаққа әзірленген

кезде үзіліс жасаған жөн.

10. Сабаққа әзірленіп жатқан балаға дөрекі сөйлемеңіз, желкесіне төніп тұрмаңыз.

Керісінші кеңес беріңіз, онымен бірге дайындалуға көмек беріңіз.

11. «Егер, сен осы сабақты орындамасаң!» деп басталатын тәртіпке шақыру баланың

жүйкесіне әсер етеді. Одан да әңгімелесе отырып балаңызға жайлап көмектесіңіз.

12. Күнде жарты сағат ештеңкеге алаңдамай, балаңызбен міндетті түрде

еркін тақырыпта сөйлесіп тұрыңыз.

13. Балаңыздың көңіл-күйі нашар болса, онда бірден назар аударыңыз. Ол сабақтан

зорығуы мүмкін немесе басқа да жағдай.

14. Егер балаңыз сіздің айтқандарыңызды мүлдем орындамайтын болса,

онда ұстазымен, психолог маманымен, дәрігермен сөйлесіңіз.

«Таяқтау оңай-тәрбиелеу қиын»

«Баланы өсіру – балапан ұшыру емес»

Алтын уақыттарыңызды балаларыңызға арнап, келгендеріңізге көп-көп рахмет!

 

 

Просмотров: 506


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст