Бүгін мектебімізге автобус беріліп, үлкен қуанышқа бөлендік. Бұл оқушыларға берілген керемет сыйлық болды. Автобус барлық заманауи талаптарға лайық. Осындай орындалған арманға сай мектеп оқушылары, ұстаздары биылғы оқу жылында жақсы жетістіктерге жетіп отыр. Республикалық , облыстық конкурстарда, иньеллектуалды жарыстарда топ жарып келеді. Балалар арманы орындалғаны барлық адамдардың бақытты болуы деп ойлаймыз.
Автобус кілтін тапсыру рәсіміне Целиноград ауданы әкімінің орынбасары Айткужина Алма Кокишевна, аудан мәслихат төрайымы Конарбаева Ләззат Амангелдиевна және Целиноград ауданының білім бөлімінің басшысы Искаков Сейфолла Абдуович қатысты. Қажымұқан ауылының тұрғындары атынан Раушан Қалманқызы құттықтап, ауыл ақсақалы Қазымбек ата бата берді.