Текст
Шарада Абайдың дүниеге келуі, оқудан келген сәті, Абайдың шаңырағына қазақтың асыл азаматтары қонақта болуы, қарасөздерін жазып отырған сәті бейнеленген көріністер тамашаланды. Сонымен қатар, «Ұлы ұстаз-ұлы Абай» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, көрмеде Абай атамыздың шығармалары, атамыз жайлы жазылған әдебиеттер, мерзімдік басылым беттерінен жиналған мақалалар қойылды. Қазақтың ұлттық бұйымдары, ат әбзелдері қойылып, Абай ауылы туралы мәліметтер берілді. Мектеп ұстаздар тобынан құрылған хор «Көзімнің қарасы» əндерін тамылжыта орындады.