"Ақмола облысы білім басқармасының  Целиноград ауданы бойынша  білім бөлімі  Қажымұқан ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі  
Коммунальное государственное учреждение  "Средняя общеобразовательная школа села Кажымукан" отдела образования Целиноградского района  управления образования Акмолинской области

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Бастауыш сынып пәндер бірлестігінің онкүндігінің есебі

11.03.2020

Ұлылар ұлықталған іс-шара

26-ақпан мен 6-наурыз аралығында «Жаңа буын» бастауыш сыныптар бірлестігінің онкүндігі жоспарланып, өткізілді. 26-ақпан күні онкүндіктің ашылуы сынып жетекшілердің ұйымдастыруымен Бауырсақ-Partу-мен ашылды. Мектеп дәлізі Абайдың 175 жылдығына арнайы безендірілді. Үзіліс кезінде ұлы ақынның өлеңдерін, нақыл сөздерін, қара сөздерін жатқа айтқан оқушыларға бауырсақтар таратылды.

Ұлы ақын А.Құнанбаевтың 175 жылдығына, Әбу Насыр Әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналған іс-шаралар бұдан кейін де өз жалғасын тапты. 3-сынып мұғалімі Д.Қ.Сарина 2-4 сынып оқушылары арасында «Әбу Насыр Әл-Фарабидің» қанатты сөздерінен көркем жазу жұмыстарын жүргізді. Бар білімнің бастауы бастауыштан басталады десек, сауатты, көркем жазу жұмыстары осы жұмыстардың бөлінбейтін бөлшегі. Көркем жазу жұмыстарының қорытындысы бойынша жүлделі орын алған оқушылар, салтанатты жиында марапатталды.

Бастауыш сынып мұғалімі Ж.К.Кульмухамбетова 2-4 сынып оқушылары арасында «Абай – дана, Абай – дара қазақта» деген атаумен ұлы ақынның қара сөздерін жатқа оқу бойынша байқау ұйымдастырып, өткізді. Оқушылар Абайдың қара сөздерінің мәнін түсіне отырып жатқа оқыды. Байқау қорытындысы бойынша 3-сыныптар арасында І орынды 3 «Ә» сынып оқушысы Жотабек Айару, ІІ орынды 3 «А» сынып оқушысы Джансейтова Жансая, ІІІ орынды 3 «Б» сынып оқушысы Жанат Дария иеленсе, 4-сыныптар арасында Іорынды 4 «А» сынып оқушысы Атамурат Айбиби, ІІ орынды 4 «Ә» сынып оқушысы Арманұлы Рүстем, ІІІ орынды 4 «Б» сынып оқушысы Маханбетова Наргиз иеленді.

Ұлыларды ұлықтаған іс-шаралар өз деңгейінде өтіп, алдағы уақытта да жалғасын табады.

Просмотров: 404


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст