«Сатушысыз дүкен» - адалдық алаңы
М.И.Калининнің «Адал өмір сүргеніңді білген кезде өмір өте жақсы және жеңіл көрінеді» деген қанатты сөзі бар. Адалдық қасиетті балғын шақта қалыптастыру жемісті болмақ.
Бастауыш сыныптар онкүндігінің жоспары аясында 2-сынып мұғалімдері «Сатушысыз дүкен» - адалдық алаңы іс-шарасын ұйымдастырды. Сөреге оқуға қажетті дәптер, қалам сияқты құралдар, сусындар, жемістер бағалары жазылып қойылды және қасына касса деп жазылған қорапша қойылды. Оқушыларға бұл дүкенде сатушы болмайтыны, қалаған заттарын кассаға ақшаларын салып алатындары түсіндірілді. Дұрыс әрекет құндылығының мәнін түсіндіре отырып, адалдыққа тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылған сыныптан тыс іс-шара жоғары деңгейде өтіп, көздеген мақсатына жетті.