Бар білімнің бастауы бастауыштан басталған
26-ақпан мен 6-наурыз аралығында «Жаңа буын» бастауыш сыныптар бірлестігінің онкүндігі жоспарланып, өткізілді. 26-ақпан күні онкүндіктің ашылуы сынып жетекшілердің ұйымдастыруымен Бауырсақ-Partу-мен ашылды. Мектеп дәлізі Абайдың 175 жылдығына арнайы безендірілді. Үзіліс кезінде ұлы ақынның өлеңдерін, нақыл сөздерін, қара сөздерін жатқа айтқан оқушыларға бауырсақтар таратылды.
27-ақпан күні Қ.Қ.Ошақбаева 3 «Б» сыныбымен әдебиеттік оқу пәнінен «Бала Абай», Ш.А.Садуова 1 «А» сыныбында математикадан «Әріпті өрнектерді салыстыру», 28-ақпан күні Қ.Е.Аким 2 «А» сыныбында әдебиеттік оқудан «Аңқау арыстан», А.А.Мандибекова өзін-өзі танудан «Адал дос», А.Қ.Бекишева 4 «Б» сыныбымен жаратылыстанудан «Қара металдың түрлері», 5-ақпан күні А.Қ.Қабдыраш 1 «Б» сыныбымен математикадан «Есеп» тақырыбында ашық сабақтар өткізді. Барлық ашық сабақтар талданып, ұстаздарға ұсыныс, пікірлер айтылды.
М.И.Калининнің «Адал өмір сүргеніңді білген кезде өмір өте жақсы және жеңіл көрінеді» деген қанатты сөзі бар. Адалдық қасиетті балғын шақта қалыптастыру жемісті болмақ.
Бастауыш сыныптар онкүндігінің жоспары аясында 2-сынып мұғалімдері «Сатушысыз дүкен» - адалдық алаңы іс-шарасын ұйымдастырды. Сөреге оқуға қажетті дәптер, қалам сияқты құралдар, сусындар, жемістер бағалары жазылып қойылды және қасына касса деп жазылған қорапша қойылды. Оқушыларға бұл дүкенде сатушы болмайтыны, қалаған заттарын кассаға ақшаларын салып алатындары түсіндірілді. Дұрыс әрекет құндылығының мәнін түсіндіре отырып, адалдыққа тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылған сыныптан тыс іс-шара жоғары деңгейде өтіп, көздеген мақсатына жетті.
29- ақпан бастауыш сынып мұғалімі Ж.К.Кульмухамбетова 2-4 сынып оқушылары арасында «Абай – дана, Абай – дара қазақта» деген атаумен ұлы ақынның қара сөздерін жатқа оқу бойынша байқау ұйымдастырып, өткізді. Оқушылар Абайдың қара сөздерінің мәнін түсіне отырып жатқа оқыды. Байқау қорытындысы бойынша 3-сыныптар арасында І орынды 3 «Ә» сынып оқушысы Жотабек Айару, ІІ орынды 3 «А» сынып оқушысы Джансейтова Жансая, ІІІ орынды 3 «Б» сынып оқушысы Жанат Дария иеленсе, 4-сыныптар арасында Іорынды 4 «А» сынып оқушысы Атамурат Айбиби, ІІ орынды 4 «Ә» сынып оқушысы Арманұлы Рүстем, ІІІ орынды 4 «Б» сынып оқушысы Маханбетова Наргиз иеленді.
Ұлы ақын А.Құнанбаевтың 175 жылдығына, Әбу Насыр Әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналған іс-шаралар бұдан кейін де өз жалғасын тапты. 2-наурыз күні 3-сынып мұғалімі Д.Қ.Сарина 2-4 сынып оқушылары арасында «Әбу Насыр Әл-Фарабидің» қанатты сөздерінен көркем жазу жұмыстарын жүргізді. Бар білімнің бастауы бастауыштан басталады десек, сауатты, көркем жазу жұмыстары осы жұмыстардың бөлінбейтін бөлшегі. Көркем жазу жұмыстарының қорытындысы бойынша жүлделі орындарды иеленген оқушылардың жұмыстары басқа оқушыларға насихатталды. 3-наурыз күні 1-сынып мұғалімдерінің ұйымдастыруымен 1-сыныптар арасында «Нұрлы болашақ» танымдық сайысы өтті. Әр сыныптан үш оқушыдан қатысып, түрлі қызықты жұмбақтар мен сұрақтарға жауап берді. Пән бойынша да білімдері сынға түсті. Осындай сайысты Э.Б.Қондыбаева 2-сыныптармен «Білімді мыңды жығар» деген тақырыпта ұйымдастырды. Оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеріп дайындалған қызықты сұрақтар оларды білім-ғылымның ғажайып әлеміне жетеледі. Сайыс соңында кері байланыста оқушылар жақсы әсерлерімен бөлісті. Онкүндікте жоспарланған жұмыстар өз мерзімінде, өз деңгейінде ұйымдастырылып өткізілді.