Республика күніне орай мектебімізде шахматтан мектепішілік турнир өтті. Осыдан 1 ай бұрын интеллектуалды шебер сынып ашылып, шахмат үйірмесі өз жұмысын бастап кеткен. Турнирдің мақсаты: шахматты спорт түрі ретінде танымал ету және дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау, сондай-ақ жас спортшылардың шеберлігін арттыру мен жас таланттарды іздеу.
Турниріміздің демеушісі әрі қолдаушысы ҚК мүшесі, "Amir Mart" дүкенінің қожайыны Махметов Ануар Талғатұлына алғысымызды білдіреміз @anuarmax81
Ұлттық мүдде: Қазақстан мемлекеттілігін нығайтуға атсалысу.
Қазақстанның оңтайлы имиджін қалыптастыруға белсенді үлес қосу.
Ар-ұят: Сөзіне берік, ісіне жауапкершілік танытады.
Талап: Сыни және креативті ойлау. Салауатты өмір салтын ұстану.