Текст
31.10.2023 жылы Қажымұқан ауылы жалпы орта білім беретін мектебінде «Шәкірт жетістігі – мұғалімнің кәсіби біліктілігі мен шеберлігінің жемісі» тақырыбында әдістемелік кеңес өтті. Кеңес күн тәртібінде «Сабақты талқылау және талдау» (Рахымбекова Ш.Е.), «Олимпиадаға дайындық жұмыстарын жетілдіру жолдары» (Орынбекова Л.С., Рахимбекова Г.С., Бейлхан А.), «Әдістемелік бірлестік жетекшілерінің тоқсандық есебі» (Пән бірлестік жетекшілері), «Нәтижелі сабаққа – тиімді әдіс» біліктілікті арттыру курсынан өткен мұғалімдердің іс-тәжірибесінен» (Ошакбаева К.К., Иманбаева Д.Е., Узахбаева Г.М.) мәселелер қаралып, тыңдалды.