Қажымұқан ауылы №4 негізгі мектебі 2 «В» сыныбымен өткізілген ата-аналар жиналысының хаттамасы №3
ЖАЛПЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АТА-АНА ЖИНАЛЫСЫ
Күні: 02.04.2020
Барлығы: 21
Қатысқаны: 21
Күн тәртібінде:
Пандемия кезеңіндегі короновирустық инфекцияның таралуының алдын алу мақсатында орта білім беру ұйымдарында оқу процесінін ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсыныммен таныстыру /жоба/
Төтенше жағдай кезінде балалардың уақытын тиімді өткізуі және сабаққа жоғары деңгейде қатысуын ұйымдастыруы мен қауіпсіздік шаралары
Қашықтықтан оқыту кезіндегі ата-аналарға арналған жадынама (видео)
Ағымдағы мәселелер.
1. 2020 жылғы 6 сәуір мен 22 мамыр аралығында Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдары қашықтықтан оқыту технологияларын пайдалана отырып,оқуға көшеді. Қашықтықтан оқыту технологияларын қолдану арқылы оқыту интернет ресурстар мен ТВ сабақтар арқылы жүзеге асырылатын және оқу процесіне тән компоненттерді қамтитын мұғалім мен білім алушылардың қашықтықтан өзара әрекеттестігі.
2. Төтенше жағдай кезінде балалардың уақытын тиімді өткізуі және қауіпсіздік шаралары
-қолжетімді байланыс құралдары арқылы онлайн-сабақтардың кестесімен, тақырыптарымен, мазмұнымен танысады;
-сынып жетекшісімен және пән мұғалімдерімен күнделікті байланыста болады;
- пән мұғалімінің түсініктемесінен кейін қателермен жұмыс жасайды;
- күн сайын электронды күнделікте жеке кабинетке, электронды поштаға және басқа да байланыс жүйелері мен технологияларына кіреді;
- күнделікті орындалған тапсырмаларды педагогке қолжетімді байланыс құралдары (электронды күнделіктер, электрондық пошта, Whatsapp чаттар және т. б.) арқылы, сканерлеу (немесе фото) түрінде педагогтердің талаптарына сәйкес ұсынады;
- оқу тапсырмаларын орындау кезінде академиялық адалдық ережелерін және өзін-өзі бақылау қағидаларын сақтайды;
- қосымша электрондық білім беру ресурстарын пайдаланады.
3. Қашықтықтан оқыту кезіндегі ата-аналарға арналған жадынама (видео)
- оқу үшін жағдай жасайды;
-жұмыс кестесімен, сабақ кестесімен, оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыру процесімен танысады;
- білім алушылардың үй тапсырмаларын орындауын бақылауды жүзеге асырады;
- сынып жетекшісімен және пән мұғалімдерімен байланыста болады.
4. Ағымдағы мәселелер. Ата-аналармен ақылдаса отырып, ауылымыздың интернет мүмкіндігін ескере отырып, сабақты Whatsapp арқылы өткізуге келісті.
Шешімі:
Пандемия кезеңіндегі короновирустық инфекцияның таралуының алдын алу мақсатында ұйымдастырылып отырған қашықтан оқытуды жоғары деңгейде сапалы ұйымдастыруда ата-ана мен ұстаздардың бірлескен жұмысы күшейтілсін.
Төтенше жағдай кезінде балалардың уақытын тиімді өткізуі, сабаққа жоғары деңгейде қатысуын ұйымдастырып және қауіпсіздік шараларын сақтау жұмысында ата-ана жауапкершілігі күшейтілсін.
Қашықтықтан оқыту кезіндегі ата-аналарға арналған жадынамалар назарға аоынсын.
Ата-аналармен ақылдаса отырып, ауылымыздың интернет мүмкіндігін ескере отырып, сабақты Whatsapp арқылы өткізуге шешім қабылдансын.
Хатшы: Иманбаева Динара Еркінқызы
Сынып жетекші: Аскарова Лагыл Самаркановна