21-25 қаңтар күндері ауыл мектебінің оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиаданың қоғамдық – гуманитарлық бағытында өткен олимпиадаға Қажымұқан ауылы жалпы орта білім беретін мектебінен екі оқушы қатысты. Осы олимпиадада орыс тілі пәнінен көрсеткен ерекше жетістігі үшін Елеукен Аңсар мақтау грамотасын иеленді. Ал, қазақ тілі пәнінен қатысқан Қанатқызы Аққу қатысқаны үшін сертификат иеленді. Мектебіміздің мақтанышы болған осы оқушыларды бүгін мұғалімдер, мектеп парламенті, сыныптастары салтанатты түрде қарсы алды. Мектеп директоры Ислам Буянұлы оқушыларды құттықтап, тілегін білдірді. Дайындаған жетекшілері орыс тілі пәнінің мұғалімі Досжанова Алтыншаш Шапаевнаға, қазақ тілінен дайындаған жетекшісі Ағи Бейлханқызына және басынан бастап оқушылардың олимпиадаға тіркелуін қадағалап басы-қасында жүрген сынып жетекшісі Қаламқас Абаевнаға ризашылығын білдірді.