4-5 қаңтар аралығында Астана қаласында бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Бастауыш мектепте олимпиадалық және логикалық есептерді шешу тәсілдері» тақырыбында республикалық семинар өтті. Семинарды «Зерделі» ақыл-ой дамыту орталығының директоры Мәуіт Рысбек ашып берді. Екі күнге жоспарланған семинарда «Қарапайым фигураларды санау», «Қарапайым комбинаторика», «Қарапайым период», «Қозғалысқа байланысты есептер», «Бастауыш сыныптардағы «Бастау», «Алтын сақа», «Алтын тұғыр» олимпиадаларының ерекшелігі және сонда кездесетін есептерді шешу», «Жаңа логикалық амалдар» тағы да басқа ауқымды тақырыптар қамтылды.
Бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби құзіреттелігін дамыту, математика пәнінен олимпиада тапсырмаларын шешуде педагогтердің біліктілігі мен дағдыларын жетілдіру мақсатында ұйымдастырылған семинар өз мақсатына толықтай жетті. Семинар өте жоғары деңгейде өтті. Семинар соңында қатысушыларға салтанатты түрде сертификаттар табысталды. Ұйымдастырушыларға үлкен рақметімді білдіремін.