Текст
02.04.2024
Демократиялық Ауғанстан Республикасынан шектеулі контингент әскерінің шығарылғанына 35 жыл толуына арналған облыстық жас тарихшылар мен өлкетанушылар байқауының аудандық кезеңіне мектебіміздің 6 “А” сынып оқушысы Арманұлы Мәди қатысып, жүлделі ll орынды иеленді.
Ақмола өңірінің тумасы, өз Отанына шексіз берілген, патриоттық рухы жоғары,қайсар жауынгер ағамыз ауған соғыс ардагері Көшпесов Зият Жылқыбайұлының өмір жолы мен ауғандағы ерліктерін дәріптеп, ерлігін үлгі етті.
Жетекшісі: тарих пәнінің мұғалімі Жалелова Айгүл Сейтжанқызы