Мемлекет басшысы су тасқынына ұшырамаған облыстар мен қалалардың әкімдеріне көшелерді тазарту, көгалдандыру және елді мекендердің аумақтарын абаттандыру науқанын бастауды тапсырды. Президентіміздің бүгінгі бастамасы қуантып отыр, себебі еліміздің гүлденуіне әр азамат өз үлесін қосуы керек. Айналаны нұрға бөлеген сәуір айы көгалдандыруға қолайлы кезең, сондықтан да өңірдегі елді мекендердегі абаттандыру, көгалдандыру көптеген жақсы істердің ұйытқысы болып келеді деп ойлаймын.
Жер-ана - асыраушымыз. Оған адал еңбек етіп, тер төккенде ғана оның қайтарымы болады. Абаттандыруға, ең алдымен, ауыл тұрғыны ретінде ауылымыздың гүлденуіне өз үлесімді қосуға тырысамын.
Мектеп директоры: Ислам Буянұлы