"Ақмола облысы білім басқармасының  Целиноград ауданы бойынша  білім бөлімі  Қажымұқан ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі  
Коммунальное государственное учреждение  "Средняя общеобразовательная школа села Кажымукан" отдела образования Целиноградского района  управления образования Акмолинской области

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

03.03.2018

Ақмола облысы  Целиноград ауданы Қажымұқан ауылы №4 НМ

Қамқоршылық кеңесінің хаттамасы

ХАТТАМА №1

Қажымұқан ауылы.

«20» қараша  2017ж.                                                                                                              

Қамқоршылық  кеңесінің  жиналысы

Төрағасының аты-жөні:  Дүйсенбиев А.К.

Хатшының аты-жөні: Шайхина Қ.Ғ.

Қатысқандар:11 адам

Күн тәртібінде:

1. Қамқоршылық кеңесінің құрамын бекіту,міндеттерін бөлу.

2.Қамқоршылық кеңестің 2017-2018 оқу жылына арналған жұмыс жоспарын бекіту.

Тыңдалды:

            Күн

тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша мектеп директоры Абдикалыкова Турсын

Серікбайқызы сөз алып, мектептің оқу-тәрбие үрдісі мен материалдық-техникалық

базасын  жетілдіруде қамқоршылық кеңестің

маңызды рөл атқаратынына тоқталып, қамқоршылық кеңесін құрудың маңыздылығын

атап көрсетті. Сондай-ақ қамқоршылық кеңеске мүшелікке шақырылған

азаматтарға  мектепке жанашырлық танытып

жүргендері үшін алғыс білдіріп, қатысып отырғандар ішінен төрағасын және хатшы

тағайындау қажеттігін айтты.

            Осы мәселе бойынша екінші

болып сөз алған мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

Сейдахметова Гулназ Ғалымбекқызы отырғандарды Қазақстан Республикасы Білім және

ғылым министрінің 27.07.2017ж. Білім беру

ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің

үлгілік қағидаларын бекіту туралы № 355 бұйрығымен таныстырды.

            Отырысқа қатысушылар

аздаған талқылаудан соң кеңес төрағалығына  үміткерлерді дауысқа салды. Ал кеңес хатшысы

ретінде бірауыздан 3 «б» сыныбының ата-анасы Қ.Ғ. Шайхинаға бекітті.

            Күн тәртібіндегі екінші

мәселе бойынша төрағалыққа ұсынылған жеке кәсіпкер және Бақ Орда орталығының

бас продюссері Дүйсенбиев Азамат Кеңесұлы сөз алып, 2017-2018 оқу жылына

арналған жұмыс жоспарын құруда мектептің өз деңгейінде дамуы үшін атқарылуы тиіс

іс-шараларды бекітуде мектеп директорымен ақылдасудың маңыздылығын айтып, сөз

кезегін мектеп директорына берді. Тұрсын Серікбайқызы өз кезегінде кеңес

мүшелерін биылғы жылы мектеп үшін атқарылуы тиіс іс-шаралармен таныстырды.

Жоғарыда айтылған жағдайларды ескере отырып, кеңес мүшелері жаңа оқу жылына

арналған жұмыс жоспарын бекітті.

Қаулы :

1.     

Қамқоршылық

кеңесінің құрамын бекітіліп, міндеттері бөлінсін.

Құрамы: 1. Дүйсенбиев А.К.-төраға

 Комиссия мүшелері:

1.      Полякова Б.А.

2.      Қамбарова Л.А.

3.      Какина  А.Т.

4.      Сейткалиев К.К.

5.      Исабеков Ж.Ж.

6.      Құдайбергенова Г.Р.

7.      Шайхина Қ.Ғ.-хатшы

2.     

Қамқоршылық

кеңестің 2017-2018 оқу жылына арналған жұмыс жоспары бекітіліп, іске асырылсын.

                                    Төраға                         Дүйсенбиев А.К.

                                    Хатшы                        Шайхина Қ.Ғ.       

Просмотров: 400


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст