"Ақмола облысы білім басқармасының  Целиноград ауданы бойынша  білім бөлімі  Қажымұқан ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі  
Коммунальное государственное учреждение  "Средняя общеобразовательная школа села Кажымукан" отдела образования Целиноградского района  управления образования Акмолинской области

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Жыл отбасы» облыстық сырттай конкурсы

14.10.2020

Биылғы оқу жылында  мектебіміздің жас отбасы аудандық көлемде өткен "Алтын күз-2018" байқауының бас жүлдегерлері Құрманғалиевтердің жас отбасы «Жыл отбасы» облыстық сырттай конкурсына қатысқалы отыр. Әріптестеріме осы сайыста оза шауып, бас бәйгені иемденулеріне тілекшіміз. СЕНІМДІМІЗ! 
Бұл сайыстың басты мақсаты: отбасы институтын нығайту,балаларды тәрбиелеуде ата-аналардың жауапкершілігін арттыру, қазақстандық отбасының жағымды имиджін насихаттау.
Облыстық конкурстың қатысушылары ұлттық және отбасылық дәстүрлерді сақтайтын, үйлесімді дамыған тұлғаның қалыптасуына қолайлы жағдай жасайтын балалар тәрбиелеп отырған Құрманғалиевтердің отбасындай шаңырақтар қатысады. Бұл сайыста: отбасының құрылу тарихы, отбасы құрамы, оның жетістіктері, отбасылық құндылықтары мен дәстүрлері, қайырымдылық қызметі туралы ақпарат беріледі. «Бақытты отбасы: отбасылық қуаныш, махаббат, нәзіктік, қамқорлық» Менің отбасымның фотоколлажы немесе альбомы (отбасының құрылу тарихы, баланың туылуы, алғашқы жеңістер, жетістіктер (отбасы ішіндегі өмір мен қарым-қатынастың ең жақсы сәттерін көрсететін оң фотосуреттер).
2020 жылғы 28-29 қазанда облыстық «Жыл отбасы» конкурсы өткізгелі отыр.

Просмотров: 301


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст