"Ақмола облысы білім басқармасының  Целиноград ауданы бойынша  білім бөлімі  Қажымұқан ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі  
Коммунальное государственное учреждение  "Средняя общеобразовательная школа села Кажымукан" отдела образования Целиноградского района  управления образования Акмолинской области

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Психологиялық тренинг тақырыбы: «Ұстаздықтың асылдығы»

16.10.2020

Тақырыбы: «Ұстаздықтың асылдығы» психологиялық тренинг

 Мақсаты: мұғалімдерді өз – өзімен, өзіндік жеке ерекшеліктерімен таныстыру, қарым- қатынастарын нығайту, ұжымда жағымды атмосфера қалыптастыру.

Қатысушылар: мұғалімдер

Қажетті құралдар: А4 форматтағы қағаздар, интерактивті тақта, түрлі –түсті бояулар.

Трениг жоспары:

Таныстыру жаттығу.
«Өз сыңарыңды  тап»
Топтық жұмыс
«Сіздің эмоцияларыңыз»
«Теңізге саяхат»
Кері байланыс

 

1.«Таныстыру» жаттығуы

Нүсқау:  Әр қатысушы өз есімінің бірінші әрпіне қарай бойындағы жеке қасиетін қосып айту керек. Мысалы: мен Бақытнұр бақытты қызбын...

2. «Өз жұбыңды тап» жаттығуы

Қатысушылар шеңбер болып тұрады. Мен сіздерге жануарлардың аттары жазылған текшелер таратамын. Атаулар екі текшеде қайталанған. Мысалы: егер сіздің қолыңызда піл деп жазылған болса, сіз тағы біреудің қолында осындай текше бар екенін біліңіз. (Жаттықтырушы текшелерді тарады, егер қатысушылар саны тақ болса, жаттығуға жаттықтырушы өзі де қатысады) Сіздің текшеңізде не жазылғанын оқыңыз. Жазуды сіз ғана көруіңіз керек. Енді текшені жинап қоса болады. Әр қайсысыңыз міндеттеріңіз  өз сыңарларыңызды табу. Бірақ сөйлеспейсіздер, өзіңізді жануарға тән дыбыстар шығармайсыздар, тек әр түрлі қимылдар арқылы кез келген әрекетті үнсіз жасайсыздар.

Егер өзіңіздің жұмысңызды тапсаңыз, бірақ үндемейсіз, сөйлеспейсіздер. Тек барлығы өз сыңарын тапқан кезде ғана қандай нәтиже болғандығын тексереміз. Топ мүшелері өз сыңарын тапқаннан кейін, жаттықтырушы «Сіз кімсіз?» деп сұрап шығады.
Әдетте, бұл жаттығу өте көңілді өтеді, нәтижесінде топ мүшелерінің көңіл-күйі көтеріліпп, шаршағандығы тарқайды. Жаттығу қатысушылардың ары қарай ашыла түсуіне септігін тигізеді. 

          3.Педагогикалық жағдаттарды шешу.
1- топқа Оқушы мен оқушының арасындағы бір қақтығыс содан шығу жолдары.Сәкеннің ұялы телефонын Азамат сабақ үстінде алып ойнап отырады, мұғалім оны байқап, ұялы телефонды алды да тәрбие меңгерушісіне берді. өйткені ол оқушының сабақ үстіндегі мұндай әрекетін басқа жолы да байқап, ескертулер жасаған болатын. «Сен үшін менің телефонымды алып қойды» деп екі оқушы қатты ренжісті. Ренжістің арты төбелеске алып келді. Сіздің іс-әрекетіңіз.

2- топқа Ата-ана мен мұғалім арасындағы қақтығыс, шығу жолдары
Ата-ана мұғалімге келіп, «Менің балам өте ақылды, ұқыпты, ол күнде сабағына дайындалады. Ал сіз неге оған 3-тен басқа баға қоймайсыз? Сіз осылай істегендіктен, үйде жанжал көбейіп жүр. Бәріне сіз кінәлісіз» деп жылап қоя берді. Сіздің іс-әрекетіңіз

3- топқа Баланың тәртібіне ата-ананың селқос қарауына байланысты
Баласының тәртібіне байланысты ата-анаға бірнеше рет хат жолдаған, үйіне барып жолығуға келген мұғалім ата-анамен аулады кездесіп қалды. Келе жатқан шаруасын айта бастағанда, «Менің одан басқа маңызды шаруам болып тұр» деп ата-ана кетіп қалды. Сіздің іс-әрекетіңіз

 

4. «Сіздің эмоцияларыңыз»

Бұл парақта адамның төрт беті салынған, төрт беттің ішкі әлпеті көрсетілмеген. Сізге мұрын, көз, ауыз салуға ғана емес, сонымен бір нақты тапсырманы орындау ұсынылады.

1бет- қуаныш, 2бет – қайғылы, 3бет- ашулы, 4 бет – ренжулі болуы мүмкін.

Бірінші бет,қуаныш – егер сіз адамның жымиып тұрғанын салсаңыз, бұл сіздің көңілді, ақжарқын адам екеніңізді, айналаңыздағылармен қуанышыңызды бөлісе білетіндігіңізді білдіреді.

Екінші бет, қайғылы- егер сіз қайғыны ауыз бұрыштарының қарағанымен білдірсеңіз, онда сіз сенгіш адамсыз, сізді ренжіту оңай, бірақ сіз көмек көрсетуге дайын тұрасыз.

Үшінші бет, ашу- егер сіз жоғары көрсетілген мұрынды салсаңыз, онда сіз тік адамсыз, өз сөздеріңіз бен әректтеріңізге жауап бере аласыз. Сіз ашықтық пен тік мінездікті жоғары бағалайсыз. Қорқақтық пен жаныңыз қас.

Төртінші бет, реніш- егер сіз ренішті көздеріңізбен қабағыңыздың түйілгені арқылы көрсетсеңіз, бұл сіздің әсершіл адам екеніңізді білдіреді. Сізді оңай алдауға болады, сіздің адамдарға және өмірге көңіліңіз жиі қалады.

5. «Теңізге саяхат» релаксациялық жаттығу.
Бұл медитативтілік техника денедегі қысымды түсіруге бағытталған, музыкамен орындалады.
Жүргізуші. Жайланып отырыңыз, көзіңізді жұмыңыз. Терең демалыңыз, денеңізді бос ұстаңыз, денеңізді ауырлап бара жатқандай және оны теңіз толқынының лебі ұрып жатқандай сезініңіз. Өзіңізді жартастың үстінде тұрмын деп есептеңіз және алысқа көз жіберіңіз. Сіздің алдыңызда көгілдір теңіз, ашық аспан және күн. Теңіз бірқалыпты дем алып, асау толқандары жағаға соғылып, қайтадан кейін қайтуда.
Теңіз толқындарының шуын естіп, толқындарға қызыға қарап, жағалаудағы теңіздің тұзды ауасын жұтып тұрсыз. Өз бойыңыздағы асқан ауыртпалықтан бір сәтке болса да арылғандайсыз. Сіздің рухыңыз жайлылық сезіміне толы. Сіз төменге түсіп, аяғыңызды шештіңіз, жалаң аяқ құмның қызуы мен жұмсақтығын сезіне отырып жүгірудесіз. Міне сіз судың жанына келдіңіз, толқындар сіздің аяғыңызды жуып жатыр, су жып-жылы әрі жұп-жұмсақ. Сіз қолдарыңызды бос тастап, басыңызды шалқайттыңыз. Күн сәулесі мен жеңіл самал жел, теңіз толқындарының тамшылары сіздің денеңізді баурап алғандай. Ерніңізде теңіздің тұзды суының кермек дәмі және бақыт күлкісі. Сіз өзіңізді кішкентай бала сияқты сезініп, жүгіргіңіз, секіргіңіз, су шашып ойнағыңыз, күлгіңіз келеді. Өзіңізге осы бірнеше минут ішінде не істегіңіз келсе, соны істеуге рұқсат етіңіз.
Сіздің қайтатын уақытыңыз болды. Міне сіз тағы да жардың басында тұрсыз. Сіздің демалыс пен бақыт сыйлаған ғажайып әлемге алғысыңызды айтыңыз. Көздеріңізді асықпай ашыңыз!
Қандай сезімде болдыңыз? Не сезіндіңіз?
 

6. Қорытынды. Мұғалімдер шеңбер болып тұрады, тренингтен алған әсерлерін айтады.Кері байланыс

                                                                                      

Просмотров: 287


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст