1-қазан күні Қажымұқан ауылы жалпы орта білім беретін мектебінде 5-6 сыныптар үшін «Алтын сақа» олимпиадасының мектепішілік кезеңі өтті. Математика пәні бойынша оқушылардың қызығушылығын арттыруды және қабілетті балаларды анықтап, оларды ынталандыруды мақсат етуді көздейтін Республикалық “Алтын сақа” пәндік олимпиадасының мектепішілік кезеңіне 23 оқушы қатысты. Мектепішілік кезең қорытындысы бойынша жоғары ұпай жинаған 5-сыныптардан Құстай Айару, Ғабдұлмақсұт Зере, Жанатхан Гүлім, жетекшілері Жексенбаева М.А., 6-сыныптардан Ошақбай Орынбасар, Жарасхан Айым, Бейсендай Інжу, жетекшілері Кулова К.М. аудандық кезеңге жіберілді. Жеңімпаз оқушыларымызға алдағы кезеңдерде сәттілік тілейміз!