Мектеп мұғалімдеріне арналған мектепішілік оқыту семинары өз мәресіне жетті .
Семинарды жас әрі ізденімпаз орынбасарым Аким Құралай өте жоғары деңгейде ұйымдастырды. Тәлімгері Карлыгаш Достанбаева .
Семинар тақыбыры:,,Қашықтықтан оқыту жағдайында оқытуды ұйымдастыру ерекшеліктері"
Мақсаты : Қашықтықтан оқыту жағдайында оқытуды сапалы ұйымдастыру жолдарын шешу.
Семинар барысында пән мұғалімдері, ,,Қашықтықтан оқыту кезінде белсенді әдістерді қолдану", ,,Қашықтықтан оқыту кезінде АКТ құралдарын пайдалану",,,Қашықтықтан оқыту жағдайында кері байланыс беруді ұйымдастыру" ,,,Кезекші сыныптарда оқыту процесін ұйымдастырудың ұтымды тұстары мен олқылықтару" тақырыптары бойынша өз тәжірибелерімен бөлісті .
-,,Қашықтықтан оқыту кезінде белсенді әдістерді қолдану" тақырыбы бойынша тіл мамандары өз шеберліктерімен бөлісті . Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері : Бейлхан А. - ПОПС әдісі ,хат жазу , эссе жазу жолдарын ортаға салды . Кабижанова С.Қ. - learningApps.org сайтымен жұмыс жасауды таныстырып өтті.
Орыс тілі пәні мұғалімі: Алпыспабева Б.М.- Google Диск арқылы бірнеше жұмыс түрлерін жасауға болатынын таныстырып , көрсетті.
Ағылшын тілі мұғалімдері: Иманбаева Д.Е. мен Узахбаева Г.М.- қашықтықтан оқыту кезінде өте ыңғайлы, оқушыларды қызықтыратын, ынталандыратын әдістердің бірнешеуін көрсетіп өтті.
《Қашықтықтан оқыту кезінде АКТ құралдарын пайдалану》тақырыбы бойынша Гильмуханова К.А. , Алтынбекова Ұ.Ө.- kundelik.kz,online mektep, bilim land платформалары арқылы БЖБ , ТЖБ , файлды жүктеу , видеоконференция құру жолдары жайлы ақпарат берді.
《Кезекші сыныптарда оқыту процесін ұйымдастырудың ұтымды тұстары мен олқылықтары》тақырыбы бойынша бастауыш сынып мұғалімдері өз тәжірибелерімен бөлісті . Оның ішінде : Мұрат М.О. , Садуова Ш.А., Қондыбаева Э.Б., Сарина Д.К. сабақтың барлық кезеңдері бойынша қолдануға заманауи әдіс-тәсілдерді ортаға салды.
Көптеген пайдалы , өте қызықты , бастысы сабақта қолдануға қолайлы әдістер жайлы ақпарат алдық. Барлық мұғалімдерге алғысымызды білдіреміз.