"Ақмола облысы білім басқармасының  Целиноград ауданы бойынша  білім бөлімі  Қажымұқан ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі  
Коммунальное государственное учреждение  "Средняя общеобразовательная школа села Кажымукан" отдела образования Целиноградского района  управления образования Акмолинской области

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

06.04.2018

20 үйлі шағын ауыл 16 жылда іргелі елдімекенге айналды

Туған жер адам өмірінде ерекше орын алады. Нақты осы

жер оны елімен, өткенмен және болашақпен байланыстырады. Міне, сондықтан да

тіпті балалық шақтан бастап-ақ адамда Отанға деген махаббат сезімі оянады. 


Әрбіріміз үшін Отан ошақ басынан басталады: туған жер, туған көше, туған қала

немесе мен үшін туған ауылым. Менің ауылым кішкентай болса да, мен үшін аса

қымбат жер Қажымұқан ауылы. Дәл осы жерде менің көңілді де, шаттықты, уайымсыз

балалалық шағым өтуде. Үйдің маңындағы аулада ойнағаным және бала-бақшаға

барған көше әлі есімде. Сол кезде ол маған өте ұзын болып көрінетін. 


Осыдан 16 жыл бұрын біздің ауыл өзгеше еді, бар болғаны 20 үй, бір дүкен,

кішкене ғана 4 жылдық «Шағын жинақталған мектеп», білім беретің бір ұстаз.

Мұнда көлік сирек жүретін, бірақ серуендеп жүретін адамдар көп болатын. 


4-сынып аяқтаған оқушылар көрші ауылға қатынап оқитын. 2003 жылы ауылымызға

9-жылдық мектеп салынды. Халық саны өсті, тіпті ауылымыздағы көшелерге

А.Байтұрсынов, І.Жансүгіров сынды танымал адамдардың есімдері берілді. Одан

басқа шағын маркет, дәмхана ашылды. 


Бір қызығы - оларға да Қажымұқан атамыздың есімі берілді. Ауыл тұрғындары

ішетін сумен қамтамасыз етілді. 2015 жылы ауылымызға Қажымұқан атамыздың

ескерткішін орнатты және де ауылымыздағы тұрғындар санынын артуына байланысты

трансформаторлар желі бағандары қойылды. 


Иә... Туған жер ұзаққа қиып жібермейтін. Сен әрқашан өзің бармасаң да, оймен

қиялдап туған көшені, есіктің алдын, «Қызым, үйге кір...»деген ананың сөздерін

еске түсіресің. Жүректің әлсіз дүрсілі естіледі. Қазір бойжеттім, бірақ та өмір

бойы мен үшін балалық шақтағы туған аула мен көше – менің кішкентай

Отаным. 


Сонымен бірге мен елімнің бір бөлшегімін, оның бүгіні мен болашағымын. Біздің

Қазақстан – көп ұлтты мемлекет. Бейбітшілік пен достастықта, татулықта бірге

жұмыла отырып, қызметтің әр түрлі саласында қазақтар мен орыстар, татарлар мен

немістер, украиндер мен кәрістер... барлығы ел үшін талмай еңбектеніп

жүр. 


Бірлік, ұлтаралық келісім және саяси тұрақтылық – қазақстандықтардың қалауы.

Мен оны білемін. 



Қажымұқан ауылы

Бастауыш сыным мұғалімі: Мөлдір Мұрат

 

Просмотров: 443

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст